ӨЛЕҢ СӨздің патшасы, СӨз сарасы



бет26/29
Дата06.10.2022
өлшемі95,41 Kb.
#41653
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
АҒЫБАЙҒА

Адам деп есеп қылма Ағыбайды,


Анттан қорқып, құдайды танымайды.
Сабын жаққан терідей жылп-жылп етіп,
Шіркін-ай, бір орыннан табылмайды.


АБЫРАЛЫҒА

Мен жасымнан көп көрдім (6)


Мұсылманды, кәпірді.
Абыралыдай көрмедім
Намаз білмес пақырды.
Қираәтін1 оқытып
Көріп едім, шатылды.
Ниет қыла білмейді,
Не қылады нәпілді2.
Намазшамның3 артынан
Құржаң-құржаң етеді.
Жер ұшық4 берген кісідей,
Тоңқаңдай ма, не етеді.
Нәпіл түгіл намазы -
Бәрі желге кетеді.
«Еннатайына кәлкәусар»5,
Пашол дереу, күнәкар.
Аяғын ойлап айтқаны:
«Әні-шаны күлаптар».
Осы оқумен намаздың
Қай жерінде сауап бар?
Тегін ойлап байқасаң,
Мұнда ми жоқ, құлақ бар.



  1. Қираәт (арабша) - оқу, құран оқу.

2. Нәпіл (арабша) - міндетті бес уақыт оқылатын намазға қосымша оқылатын намаз.



  1. Намазшам (парсыша) - күн бата оқылатын намаз. Шам - кешкі, кеш.

  2. Жер ұшық - ауырған адамды күн батар алдында күн батысқа қаратып жерге жатқызып-тұрғызып ұшықтау.

  3. «Еннатайына кәлкәусар» - шынында да құрметің, сыйың кәусар суындай.



ҒАБИДОЛЛАҒА

Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын,


Қайдан білсін өмірдің көбін азын.
Бәйтеректі күндейді жетемін деп,
Жылы күнге мас болып, көрсе жазын.
Күз келген соң тамырынтүсік шалып,
Бетегеге жете алмай болар жазым.
Мен дағы көп есіттім жастың назын,
Қол жетпеске қол созар бар ма ылажың?
«Боламынмен» жүргенде болат қайтып,
Жалын сөніп, жас жүзін басады ажым.


РАХЫМ ШАЛҒА

Сұлу аттың көркі жал,


Азаматтың көркі мал.
Өмір сүрген кісіге
Дәулет қызық, бала бал.
Бал болатын бала бар,
Бал болар ма Рахымшал?!
Бүйтіп берген балаңды,
Берген құдай, өзің ал!


КҮЙІСБАЙҒА

Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,


Бермек болған айғырдың көзі қайда?
Көзді көрсең бересің, тайсаң танып,
Алдамшы атанғанның несі пайда?


РАЗАҚҚА

Мына үйде отыр Разақ,


Елдің жөнін айтар ма,
Шақырып алып сұрасақ.
Үлкен қожа ортан қол,
Өзгелері аты жоқ пенен шынашақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет