Негізгі тілдік құралдар (антоним, синоним, омоним, фразеологизм, мақал-мәтелдер, кірме сөздер, диалектілік қолданыстар).
Негізгі әдеби көркемдегіш құралдар(метафора, метонимия, салыстыру, теңеу, эпитет, аллегория, символ, гипербола, литота, ирония, сарказм, перифраза).
Интонациялық-синтаксистік сипаты жағынан тілдік ерекшелігі(қайталау, антитеза, инверсия, эллипс, параллелизм, риторикалық сұрақ).
Өлеңнің қазақ, әлем әдебиетіндегі алатын орны (тәрбиелік мәні, оқырман ретінде өзіндік көзқарас).
Өлеңді сатылай кешенді талдау
Авторы: Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы - педагог, ақын-жазушы, қазақ әдебиеттануында әңгіме жанрының негізін салған.
Тақырыбы: Тақырып – ақын-жазушының шындық болмыстан таңдап, талған алған өмір құбылыстарының тобы. Өлеңнің тақырыбы: өзеннің сұлулығын суреттеу.
Жанры: Жанр – әдебиетте нақтылы бір кезеңде қалыптасқан, ортақ типологиялық белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жолы. Ол әдебиеттің тегі мен түріне жіктеледі. Тегі – лирика (поэзия). Лирика – ақынның субъективті ішкі әлемі бейнеленетін жанр түрі. Түрі – идиллия. Идиллия – қарапайым еңбек адамының табиғат аясында алаңсыз, қамсыз өмірін дәріптеп суреттейтін өлеңдер.
Идеясы – табиғатты сүю, аялау. Идея дегеніміз – шығармада суреттелетін өмір құбылысы туралы автордың айтқысы келегн ойы.
Шумақ саны - 4 шумақты. Шумақ – аяқталған белгілі бір синтиксистік ойды білдіретін бөлік.
Тармақ саны - 18 тармақты. Тармақ – өлеңнің әрбір жолы.
Бунақ саны - 2 - 3 бунақты. Бунақ әр тармақтағы дауыс толқынының ырғағы.
Буын саны - 11 буынды өлең. Буын – өлең ырғағының тірегі. Буын –сөзді айтқандағы дауыс толқыны.
Ұйқас түрі: қара өлең. Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз аяғындағы үндестігі.
Әдеби - теориялық ұғымдар: эпитет – тасыған өзен, өксіген жануарлар. Эпитет – өмірдегі алуан түрлі құбылыстың сипатын, сапасын айқындайтын суретті сөз. Теңеу - айнадай, оттай. Теңеу – заттың, құбылыстың айрықша белгісін атап көрсетпей, басқа нәрсемен, құбылыспен салыстыра суреттеу.