Олимпиада есептері 5-сынып /4 ұпай



Дата02.12.2023
өлшемі23,6 Kb.
#131465
Байланысты:
5-6-7 олипм




Олимпиада есептері 5-сынып
1. /4 ұпай/
Асан үйден мектепке дейін 30 минут, ал оның інісі Үсен 40 минут жүреді. Үсен үйден Асанға қарағанда 5 минут ерте шықты. Асан қанша уақыттан кейін Үсенді қуып жетеді?
2.Бөрененің ұзындығы 150см, оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша? /5 ұпай/



  1. Теңдеуді шеш: 5(х+26)=2(2х+102) /5ұпай/

  1. 18 кубиктерден биіктігі 3 кубиктен тұратын тік бұрышты параллелипед құрастырылды . егер бір кубиктің бетінің ауданы 19 см² болса, параллелипедтің бетінің ауданы қандай? /7 ұпай/




  1. Арман, Ардақ Әсем 5- сыныпта оқиды. Олардың ішінде математик, суретші шахматшы бар. Егер: а) суретші өз суретін салмай , Ардақтың портретін салса; б) Әсем ұлдардан шахматтан жеңілмесе;Сыныпта кім шахматшы, кім суретші, кім математик? /5 ұпай/



6.Өрнекті ықшамдаңдар: 10х+7х-х+4х∙2 /3 ұпай/


Олимпиада есептері 6-сынып


  1. Отбасыда төрт бала бар. Олардың жастары: 5, 8, 13, 15. Балалардың аттары: Жәнібек, Райхан, Салтанат,Жанат. Қыздардың біреуі бала- бақшаға барады. Жәнібектен үлкен,Райханның жасына Жанаттың жасын қоссаң, үшке бөлінеді. Жанат кім? Қыз ба, ұл ма/3ұпай/__10_011_+_100_110_010_өрнегінен_0_мен_1_ді_ауыстыруға_рұқсат_етіледі._Солай_неше_алмастыру_жасап,_18-ге_бөлінетін_санды_шығаруға_болады._/4ұпай/'>? /3ұпай/

  2. 10 011 + 100 110 010 өрнегінен 0 мен 1 ді ауыстыруға рұқсат етіледі. Солай неше алмастыру жасап, 18-ге бөлінетін санды шығаруға болады. /4ұпай/

  3. Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтінідіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым /3ұпай/

  4. Қорапта 25 кг шеге бар. Табақты таразы мен массасы бір кг гирь тасты қолданып, екі рет өлшеу арқылы қалай 19 кг шеге алуға болады? /5ұпай/

  5. Егер фигураның периметрі 32 см екені белгілі болса, онда осы фигураның ауданын табыңыз . /5ұпай/

  6. Мұғалім оқушыларға 415327 және 8373 сандарының көбейтіндісін табуды берді. Жәнібек есепті бірінші орындап, жауабы 328363624 деді. -Бұл қате, -деді Алишер -Неге, сен әлі шығарған жоқсын ғой, -деп Жәнібек ашуланды. -Сонда да оның қате екенін көріп тұрмын, -деді Алишер. Кімдікі дұрыс? /5ұпай/



Олимпиада есептері 7-сынып
1.(а+в)х+(а-в)х-2ах=0 тең екенін дәлелдеңдер.
2. 101 жылқыны 15 қораға орналастырған. Сонда не себепті ең болмағанда бір қорада тақ санды жылқылар болады?
3. Егер ұзындығын 20%-ке, енін10%-ке өсірсе тік төртбұрыштың ауданы 
қанша пайызға өседі?
4.Теңдеуді шешіңдер: 2(3-2х)=3х-4(1+3х);

5. Сыныпта 27 оқушы бар. Әр бала 4 қызбен, әр қыз 5 баламен достасады. Сыныпта қанша бала, қанша қыз бар?


6. Жәшіктен барлық жұмыртқаның жартысын, сонан соң қалғанының 
жартысын, тағы жаңа қалғанының жартысын соңында тағы қалғанының
жартысын алды, сонда жәшікте 10 жұмыртқа қалды. Барлығы қанша 
жүмыртқа еді?

 
 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет