Олимпиадалық есептер сынып Теориялық сайыс



Дата17.12.2023
өлшемі14,79 Kb.
#140324

ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕР

  1. Сынып

Теориялық сайыс



  1. Массасы m ге тең болат құйманы судан қатаңдығы k болатын темір арқанмен судан a үдеумен көтергенде, темір арқан қаншаға созылады? Болаттың тығыздығы ρ1, судың тығыздығы ρ2. Судың кедергі күшін ескермеңдер.

  2. Массасы 3,6 тонна автомобиль 40 литр бензинмен қанша жол жүреді? Үйкеліс күші автомобиль салмағының 0,05 бөлігіне тең. Қозғалтқыштың пәк –і 18 %. Қозғалыс бірқалыпты. Бензиннің меншікті ж ану жылуы q=4,6*107Дж/кг. Бензиннің тығыздығы 700кг/м3

  3. Электр қозғаушы күштері 1,6 және 1,3 В және ішкі кедергілері 1,0 және 0,5 Ом болатын екі ток көзі параллель жалғанған. Олардың ұштарындағы кедергісі R= 0,6 Ом резисторға қосылған . Барлық тармақтардағы ток күштерін анықта. Жалғағыш сымдардың кедергісін есепке алмаңдар.

  4. Орам саны 800 болатын өзекшесіз катушкада ток күші 2,5 А- ден 14,5 А- ге өзгергенде магнит ағыны 0,0024 Вб – ге артады. Егер ток күшінің өзгерісі 0,15 с ішінде өзгеретін болса өздік индукция ЭКҚ – нің орташа мәнін анықта. Ток күші 5 А болған кездегі катушкадағы магнит өрісінің энергиясын анықта.

  5. Электролиз ваннасында бөлінетін оттегімен p = 200 кПа қысымда және T = 300 K температурада V = 1 л көлемді толтыру үшін W = 965 кДж электрэнергиясы жұмсалады. Егер қондырғының ПӘК-і  = 80 % болса, онда электролитте қандай кернеу түсіру керек? Оттегінің мольдік массасы 0,032 кг/моль

Эксперименталдық сайыс


Айналмалы қозғалған дененің энергиясы
Құрал жабдықтар: Зертханалық жұмысқа арналған көлбеу науа, пластмасса шар, миллиметрлік қағаз, секундомер, пластилин, миллиметрлік бөлікке бөлінген сызғыш
1 –тапсырма.Шардың науамен домалаған қозғалысы бірқалыпты үдемелі болатынын зерттеу.
2 – тапсырма.Шардың алатын үдеуі көлбеу жазықтықтың биіктігіне тәуелділігін зерттеу.
3-тапсырма.Шар энергиясының қанша бөлігі айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясына айналатындығын эксперименттік жолмен көлбеу жазықтықтың әртүрлі биіктігі үшін анықта.( энергия сақталу заңын қолданыңыз)
.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет