Өлкетану бөлімі



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі0,75 Mb.
#748

 

 

 

Өлкетану бөлімі 

 

«ОҒӘК өлкетану ресурстары –  

жастарға» сериясының  

1 басылымы 

 

 

 

 

 

 

 



 

С

С

а

а

р

р

ы

ы

а

а

р

р

қ

қ

а

а

н

н

ы

ы

ң

ң

 

 

ө

ө

т

т

к

к

е

е

н

н

 

 

т

т

а

а

р

р

и

и

х

х

ы

ы

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Әдістемелік-библиографиялық материалдар 

 

 



 

 

 



 

 

Қарағанды, 2002 



Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы 

ғылыми - әмбебап кітапханасы 



 

2

Оқырмандарға 

 

Сарыарқа – Қазақстанның  ірі  физикалық-географиялық  және  табиғи-тарихи 



аймақтың  бірі.  Сарыарқа – халықтық  атау.  Сарыарқаға  Қарағанды,  Астана 

облыстарының  жері  толықтай,  Торғай,  Семей,  Павлодар  облысының  біраз  жері  кіреді. 

Қарағанды  облысының  территориясы,  негізінен,  Сарыарқаның  орта  бөлігінде 

орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы 

деп атаған. 

Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де 

үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді. 

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы 428 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. 

Бұл  республикадағы  ең  үлкен  аймақ.  Әкімшілік-аумақтық  құрылым  өзгертілгеннен 

кейін,  бұл  аумақта 9 селолық  аудан  мен 11 қала, 39 жұмысшы  кенті  мен 171 селолық 

округ  болды.  Халық  саны 1 миллион 700 мыңнан  асты,  яғни  республика  халқының 10 

пайызын құрайды. 

Қарағанды облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау - қадау іргелі істердің 

куәсі  боласың.  Аймақтың  шапшаң  игерілуіне  бірден-бір  себепкер  болған  оның  мол 

табиғи  байлықтары  еді.  Сонау  жиырмасыншы-отызыншы  жылдарда  А.А.Гапеев, 

Н.Г.Кассин,  Н.И.Наковник,  М.П.Русаков,  Қ.И.Сәтбаев  тәрізді  есімдері  бүгінде  кеңінен 

танымал  геологтар  Орталық  Қазақстан  аймағының  кен  байлықтарын  зерттеді. 

Жиырмасыншы  жылдардың  басында-ақ  Қоңырат,  Жезқазған,  Семізбұғы,  Өспен  және 

басқа  жерлерде  түсті  металдардың  мол  қорының  бары  анықталған.  Соғысқа  дейінгі 

кезең  ішінде  жаңадан  ашылған  көмір  және  түсті  металл  кен  орындарының  негізінде 

Орталық  Қазақстанда  Қарсақбай,  Балқаш  мыс  қорыту  зауыттары  салынды.  Жезқазған, 

Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді. 

Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі 

сол кезде-ақ белгілі болған. 

Сарыарқа – қазақтың  байлығының  көзі  ғана  емес,  сонымен  қатар  өнердің, 

мәдениеттің  және  тарихтың  кеніші.  Сарыарқаның  асыл  тумалары,  сонау  Абылай 

заманындағы  Бұқар  жырау,  Қаз  дауысты  Қазыбек,  ақындар  Шөже,  Шашубай,  Доскей, 

жазушы  С.Сейфуллин  және  ақын  Қ.Аманжолов,  композиторлар  Тәттімбет,  Мәди,  Ұлы 

Отан  соғысының  қаһарманы  Н.Әбдіров  ғалымдар  А.Чижевский  және  Е.Бөкетов, 

қазақтың  тұңғыш  ғарышкері  Т.Әубәкіров  сияқты  атақты  адамдар  Сарыарқаның  атын 

шығарған.  Көмірлі  өңірдің  халқы  Қазақстанның  тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевты  да 

өзінің  бел  баласы  деп  есептейді.  Өйткені  ол  жас  күнінен  бастап  Теміртаудағы  атақты 

Қазақстан Магниткасында горновой болып еңбек жолын бастаған. 

Еліміздің  тарихынан  орын  алған  «адамзат  ажалының  аралындай»  КарЛАГ-та  жас 

ғұмырларын  «тар жол,  тайғақ  кешумен»  өткізген небір  совет  және шет  елдің  жүздеген 

оқымыстылары, зиялы қауым өкілдері тар қапаста жүрсе де Қарағандыда тұңғыш өнер 

ошақтарын ашқан «алғашқы қарлығаштар» болып табылады. Бұл өнер қайраткерлерінің 

артынан  ызғарлы,  қайғылы  сұмдыққа  толы  жылдары  туындаған  өнер  мұралары  қалды. 

Қазіргі кезде бұл мұралар әлем жұртшылығының қызығушылығын тудырып отыр. 

Өлкетанудың  маңызды  мәні  жас  ұрпақты  Отан  сүйгіштік  рухында  тәрбиелеу. 

Оқушылар өз өлкесі жөніндегі білім қорын меңгеруді алғаш рет мектеп табалдырығын 

аттаудан бастауы керек. Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына 



 

3

Жолдауында  жас  ұрпақ  туралы: «Олар  бейбіт,  абат,  жылдам  өркендеу  үстіндегі,  күллі 



әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп жазған. 

Өкінішке орай, қазіргі кезде орта және жоғары оқу орныдарына арналған өлкетану 

оқулықтары  мүлдем  шықпайды  деуге  болады.  Қазіргі  кезде  бұл  жоқтықты  аймақтың 

өлкетану орталығы болып саналатын ОҒӘК өлкетану бөлімі біраз жеңілдетеді. Өлкенің 

тарихымен  танысу  үшін  сіздерге  Н.В.Гоголь  атындағы  ОҒӘК  өлкетану  бөлімінің  кітап 

қоры,  өлкетану  картотекасы  және  электрондық  каталогтың  негізінде  жасалған  осы 

көрсеткіштің материалдары көмек береді. 

Көрсеткіштің  маңыздылығы  мектеп  оқушылары  мен  қалың көпшіліктің  туған  жер 

туралы  білім  дәрежесін  арттыруға,  жастардың  туған  өлкеге  деген  ыстық  ынта, 

патриоттық сезімін күшейтуге де қажет. 

Көрсеткіштің  мақсаты – Жастарды  өлкенің  өткен,  яғни  Қазан  революциясына 

дейінгі тарихымен және олар туралы әдебиеттерімен таныстыру. 

Көрсеткіш 

мұғалімдерге, 

Жоғарғы 

оқу 


орындарының 

оқытушыларына, 

студенттерге, оқушыларға, өлкетанушыларға және өз өлкеміздің тарихын білгісі келетін 

оқырмандарға арналған. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

4

Облыстың өткен тарихынан 

(Қысқаша тарихи очерк) 

 

Батысы 



Торғай 

ойпатына 

тіреліп, 

шығысы  Қара  Ертіске  еңкейіп  барып 

тоқтайтын,  түстігін  Балқаштың  көгілдір 

толқындары  шайып  жатса,  терістігі  көк 

Есілмен көмкерілген ұлан-ғайыр Сарыарқа сан 

ғасырлардан  бері  қазақ  деген  бұла  халықтың 

құтты  қонысы  болып  келеді.  Тарихқа 

жүгінсек,  осынау  далада  адамзат  дамуының 

ұлы  көшіне  ықпалын  тигізген  талай  оқиғалар 

мен құбылыстардың өткенінен куә боламыз. 

Орталық Азияға, соның ішінде Сарыарқа 

жеріне, адам баласының қоныстана бастағаны 

шамамен 1,5-1 млн. жылдар бұрын болған. Ең 

көне 


ескерткіштер: 

адамдардың 

тұрақ 

қоныстары,  тас  қару-жарақтары,  жартасқа 



қашап салған суреттері осы межені көрсетеді. Балқаш көлінің солтүстік жағасы, Бетпақ 

шөлінен  бері  қарайғы  аймақ  Қарқаралы,  Бұғылы  мен  Тағылы,  Нұра-Сарысудың  бойы, 

одан әрі Баянауылға, тіпті Көкшетауға дейінгі Сарыарқаның тұла бойы тас ғасырының 

айғақтарына толы. 



Ортаңғы қола дәуірінің қыш 

бұйымдары 

Ежелгі  палеолиттің  адамдары  Орталық  Қазақстан  өңірінде,  байтақ  жатқан 

Сарыарқада  шель-ашель  дәуірінің  соңын  ала  пайда  болды.  Оның  археологиялық 

айғақтары Қарағанды облысының Обалысай, Мұзбел, Талдысай, Жаман Айбат, Қосмола 

Қызылжар деп аталатын жерлерден табылған. Көптеген зерттеушілеріміз бұл айғақтарды 

осыдан 100-40 мың жыл бұрынғы орталық палеолит немесе мустьер дәуірінің адамдары 

тұтынған дейді. Ғалым тілінде неандерталь деп аталатын адамдар. 

Археологиялық  ескерткіштер  Орталық  Қазақстан  жерін,  соның  ішінде  Қарағанды 

аймағын  палеолит  дәуірінде-ақ  адам  мекен  еткеннін  аңғартады.  Олар  аң,  балық  аулап, 

қоректік  өсімдіктермен  күнелткен.  Садақ  пен  жебені,  сондай-ақ  найзаны  қолданған. 

Неолит  дәуірінде  егіншілік  негіздері  пайда  болған.  Бұл  кезеңнің  жұрты  Бұқпа  өзені 

бойынан,  кейінгі  неолит  қоныстары.  Зеленая  Балка  (қазіргі  Доскей  ауылы)  тұрағынан 

табылды. Қола дәуірінде аймақтың ежелгі халқы негізінен мал бағумен айналысқан, егін 

де  салған.  Бұл  Суықбұлақ  (Қарқаралы)  қонысы  мен  ежелгі  жер  суару  жүйесінде 

жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан көрінеді. Б. э. д. II-ші мыңжылдықтың 

басында  Сарыарқаны  қоныстанған  тайпалар  ішінде  металлургиямен  айналысатындары 

шықты.  Жер  бетіне  жақын  орналасқан  түсті  металдың  бай  қоры – алтын,  мыс,  қалайы 

адам  қаракетіне  жарады.  Орталық  Қазақстанда  қола  өндірісі  өмірге  келді.  Қазақстан 

тарихының б. э. д. II-ші мыңжылдығын қола дәуірі деп атау тікелей осыған байланысты. 

Ол  дәуірдегі  адамдардың  тіршілік  салтын  комплексті  деп  атауға  дәл  келеді,  себебі  бір 

жерде мал шаруашылығы да, егіншілігі де, сонымен бірге кен өндірісі де қатар дамыды. 

Бегазы  (Ақтоғай  ауданы),  Дәндібай  (Топар  поселкесінің  маңайы)  зираттық 

кешендер  атымен  аталған,  б.  з.  б. X–VIII ғасырларда  осы  күнгі  облыс  жерінде  бірегей 

Бегазы–Дәндібай мәдениеті өркендеген. Малшылықпен қатар бұл өңірде кен қазу және 



 

5

металл  қорыту  тайпалардың  өндіргіш  күштерін  дамытуда  аса  маңызды  роль  атқарды. 



Жалпы  Бегазы – Дәндібай  заманындағы  тайпалар  мәдениетінің  басты  ерекшілігі  ескі 

қола  мәдениетінің  түрлері  құлпыра  өзгеріп,  соның  негізінде  оған  ешбір  ұқсамайтын 

мәдениет қалыптасқан. 

Казақ  халқы  ертеде  көшпелі  өмір  сүрген.  Орта  жүз  қазақ  рулары  қыста 

Сырдарияның  арғы  жағасында  өткізсе,  жаз  жайлауға  Сарыарқа  деп,  аңсап-сағынып 

Орталық  Қазақстанға  асыққан.  Бұл  шаруашылық-мәдени  үрдіс  Бегазы-Дәндібай 

заманында пайда болды. 

Орталық  Қазақстанды  мекен  еткен  алғашқы  тайпалар  мен  тайпалық  одақтар 

жалпылама  түрде  «сақ»  деп  аталынды.  Тарихи  дамудың  барысында  көне  тайпалар  мен 

тайпалық  одақтар  орнына  жаңа  тайпалар  пайда  болып,  олардың  аттары  да  өзгеріп 

отырды.  Өндіргіш  күштер  мен  өндірістік  қатынастардың  дамуы  алғашқы  қауымдық 

құрылыстың ыдырауына және феодалдық қатынастардың қалыптасуына жеткізді. Ғайса 

пайғамбар  туғаннан  бергі  жыл  санаудың VIII-XI ғасырларында  бұл  өңірде  көне  сақтар 

мен көк түріктердің ізін басып қимақтар мен қыпшақтардың қуатты бірлестігі – Қимақ 

қағанаты  ғұмыр  сүрген.  Ұлы  әкімшіханның  ордасы  Орта  Ертіс  өңірінде  тігілген. 

Қағандық  құлағаннан  кейін, II ғасырдың 1-жартысында  оның  орнына  Дешті  Қыпшақ 

мемлекеті құрылды. 

 

 

Жошы хан мазары (XIII ғ.)

 

 

XIII  ғасырдың  басында  Орталық  Қазақстан  өңірі  монғол  шапқыншылығына 



ұшырап,  Алтын  Орда  құрылғаннан  бері  Қарағанды  облысының  аумағы  Жошы  хан 

ұлысының құрамына енген, одан XIV ғасырда Ақ-Орда (оған солтүстік-шығыс, Орталық 

және  оңтүстік  Қазақстан  аумағы  енген)  бөлек  кеткен. XIII-XV ғасырлар 

архитектурасының  ескерткіші  Қызыл  кеніш  сарайы  осы  кезенің  ірі  археологиялық 

ескерткіші  болып  саналады,  жұрнағы  Қарағандыдан 260 км,  Қарқаралы  ауданының 

Қырғызия  ауылының  Кент  тауының  шығыс  бөлігіндегі  Қызылсу  өзенінің  жағалауында 

жатыр.  Жергілікті  тайпалардың  экономикалық  және  саяси  жағдайы  күрт  құлдырап, 

өндіргіш күштер әлсіреді, мұның өзі қазақ ұлысының қалыптасу процесін тежеді. Елдің 

аумақтық-саяси  тұтастығы  бұзылды,  түрлі  түркі  топтары  бөлшектеніп,  араласып  кетті, 


 

6

дегенмен  олар  өздерінің  тілі  мен  әдет-ғұрпын  сақтап  қалды.  Алтын  Орданың 



мемлекеттік  бірлестігінің  бытыраңқы  сипаты,  феодалдық  алауыздық,  бағынышты, 

басыбайлы  болған  халықтардың  азаттық  күресі XV ғасырдың  бас  кезінде  Алтын 

Орданың  ыдырауына  әкеліп  соқты.  Сол  кезде  бірқатар  мемлекеттік  бірлестіктер 

құрылып, соның біріне енді. XVI ғасырдың басында Орталық Қазақстан өңірі жергілікті 

экономикалық  және  этникалық  негізде  туындаған  мемлекеттік  құрылым  кең  байтақ 

Қазақ  хандығының  құрамында  болды.  Қазақ  халықтарының  құрылуы  қазақ  ұлысының 

қалыптасу процесіне жәрдемдесті. 

XVII  ғасырдың  бірінші  жартысында  Орталық  Қазақстан  жеріне  ойрат  (жоңғар) 

тайпалары  басып  кірді.  Қазақ  халқының  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  күресі  жүз 

жылдан астам уақытқа созылды. Халық бұқарасының қаһармандық күресі нәтижесінде 

XVIII ғасырдың орта шенінде Қазақстан жоңғар басқыншыларынан азат етілді. 

Аймақтың  одан  кейінгі  тарихы  Қазақстанның  Ресейге  қосылуымен  тығыз 

байланысты. 1822 жылы 22 маусымда  патша  өкіметі  өзінің отаршыл  саясатын  нығайту 

мақсатымен  Указ  шығарып, «Сібір  қырғыздарының  (қазақтарының)  уставын  бекітті». 

Осы Указ бойынша қазақ даласындағы хандық өкімет билігі тоқтатылып, патша өкіметі 

ұсынған жаңа әкімшілік жүйе пайда болды. 

Осы  күнгі  Қарағанды  облысының  жері – Баянауыл,  Ақмола  және  Қарқаралы 

округтарының  құрамына  енді.  Сөйтіп,  осыдан 200 жылдай  бұрын  Сарыарқада  Ресей 

империясының  алғашқы  бекіністері – Қарқаралы (1824), Ақтау (1937), Ұлытау (1841), 

т.б. қазақ-орыс станицалары пайда болды. 

Карқаралы  округі  ең  ірі  округтің  бірі  болған.  Орталығы  Қарқаралы  шатқалында 

орналасқан  (қазіргі  Қарқаралы  қаласы).  Онда  негізінен  арғындар  көп  тарап,  солар 

мекендеді.  Округте 18 болыс  құрылып,  оның 16 болысы  арғын  руларына  тән  болса, 

екеуінде  қоңырат  пен  наймандар  ғана  болды.  Бұл  Қарқаралы  округіндегі  арғындар 

негізінен 136 ауыл, 15022 түтін, 101251 адамнан  тұрған.  Бұлардың  негізгі  кәсібі  мал 

және  жер  шаруашылығы  болды.  Олар  ен  даланы  жайлап,  қыс  қыстауға,  жаз  жайлауға 

көшіп-қонып тіршілік етті. Осында қалың арғынның ортасында керей тайпасының 4960 

адамы  бар 10 ауылдан (1143 шаңырақ)  тұратын  бір  болысы  мен 359 адамы  бар  уақ 

тайпасының 52 шаңырағы бірге көшіп жүрді. 

Қарқаралы  округінің  қазақтары  жазда  Кіші  және  Үлкен  Нұра,  Шідерті,  Талды, 

Өлеңті,  Ащысу  т.  б.  өзеңдер  төңіректерін,  Батағор,  Ерейментау  бөктерлерін,  Баянауыл 

тауының оңтүстік бөктерлерін жайлады. Олар Қазанғап, Түндік өзендерінің бойындағы 

қаптаған  шатқалдары,  Балқаштың  солтүстік  жағалауларын,  Қарқаралы  тауларын  т.  б. 

қыстады. 

Көшпелі  Қарқаралы  округінің  шекаралары  қазіргі  Қарқаралы  ауданының 

шекараларына сай келді. 

…Қазыналы  Қарағанды  өңірінің  Қазан  революциясына  дейінгі  жағадайын  сөз 

еткенде,  бұл  өлкенің  әкімшілік  жүйесіне  тоқтала  кету  қажет  сияқты.  Қазақстанның 

орталық бөлігін алып жатқан осынау байтақ өңірді 1867-1868 жылдары патша өкіметі үш 

облысқа  бөлді.  Ол  кезде  Қазақстандағы  облыстар  саны  алтау-ақ  болатын.  Жаңағы 

орталық өңірдің үш облысы Ақмола, Семей және Торғай еді. Әр облыс бірнеше уезден 

құралып,  уездер  болыстарға  бөлінген.  Қарағандының  өнеркәсіпті  ауданы  бұл  кезде 

Ақмола уезіне қарайтын. Ал уезд құрамында 20 болыс болған. 


 

7

XIX  ғасырдың 2-ші  жартысында  «Орынбор  және  Батыс  Сібір  генерал-



губернаторлығының  далалық  аймақтарын  басқару  жөніндегі  уақытша  ереже»  бойынша 

Орталық  Қазақстан  жері  Ақмола  және  Семей  облыстарына  енді. 1860 жылы 

крепостнойлық  құқықты  жойған  соң  Ресейдің  орталық  губерниялары  мен  Украинадан 

қоныс аудару ісі басталды. 

XX ғасырда біздің облыстың аумағына шетелдік капитал келе бастады. 

1-Дүниежүзілік империалистік соғыс кезінде патша өкіметі еңбекші халықты езуді 

күшейтті.  Бұл 1916 ж.  ұлт-азаттық  көтерілісін  туғызды.  Оған  Қарағанды,  Жезқазған, 

Спасск  кеншілері,  Өспен  руднигінің  жұмысшылары,  т.б.  қатысты.  Патша  өкіметінің 

жазалаушы  әскерлері  бұл  өңірдегі  көтерілісті  аяусыз  басып-жанышты,  алайда 

көтерілісшілердің  бір  бөлігі  Торғай  аймағындағы  Амангелді  Иманов  жасағына  барып 

қосылды,  ал  кейбір  топтар  Байқоңыр  көмір  кені  ауданында 1917 жылға  дейін  дербес 

қимыл жасады. 

1917  жылы  қазан  айында  Ұлы  Қазан  социалистік  революциясының  жаңғырығы 

кешікпей-ақ  Қарағандыдағы  далалық  айқаптарына  да  жетті.  Қарағанды  далалық 

айқаптары  екі  жылдай  қырғын  және  қан  төгілген  азамат  соғысының  алаңы  болды. 

Мұнда, Қарағандыда Анненков, Дутов және олардың көмекшілері қаһарланды. 

 

Әдебиеттер: 

 

Артықбаев  Ж.О.,  Жакин  М.С.  Шет  өңірінің  тарихы.-  Қарағанды  ҚарМУ  баспасы, 



1998.-275 б. 

Аршабеков Т. Қарқаралы күмбездері.- Қарағанды: «Арко» ЖШС, 1997.- 96 б. 

Аршабеков Т. Тасқа жазылған тарих // Сана.- 2000.- 7 желтоқсан (№46).- 5 б. 

Аршабеков  Т.  Туған  жер  төсіндегі  жәдігерлер: /Қазына:  тарихқа  шолу/ // Орт. 

Қазақстан.- 1994.- 29 желт. 

Әбдәкімұлы  Ә.  Қазақстан  тарихы  (ерте  дәуірден  бүгінге  дейін).  Оқу  құралы.- 

Алматы: РБК, 1997.- 404 б. 

Әзиев Ә. Қазыналы Сарыарқа.- Алматы: «Қазақстан», 1978.- 119 б. 

Балташұлы Е. Қазыналы құтты өлке // Орт. Қазақстан.- 2002.- 9 қаңтар 

Бекбалақ  Қ.  Сарыарқаның  рухани  қазынасы:  Этнографтың  жолжазбасы // Орт. 

Қазақстан.- 1998.- 23 желт. 

Бұланты  шайқасы / Жауп.  Ред.  Ж.О.Артықбаев.-  Қарағанды:  РМҚ  «Полиграфия» 

ӨБ, 1998.- 64 б. 

Дәулетбектегі  С.  Теміршедегі  таңбалы  тас: /Қарқаралы  маңындағы  ескерткіштер 

туралы/ // Қарқаралы.- 1995.- 9 қыркүйек 

Жанысбай  С.  Бегазыда  көп  сыр  бар:  Ескерткіш – елдігіміздің  белгісі // Орт. 

Қазақстан.- 1999.- 2 қазан 

Қадыров  М.,  Нұрмұқамбетов  Б.  Ертедегі  Орталық  Қазақстан  тайпаларының 

мәдениеті мен өнері // Ежелгі мәдениет куәлары.- Алматы, 1966.- 68-78 б. 

Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия / Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев.- Алматы: 

Қаз. сов. энцикл. Бас ред., 1990.- 632 б. 

Қарқаралы округтік приказының ашылуы // Қарқаралы.- 1991.- №3.- 86-91 б. 

Марғұлан  Ә.  Ұлытау  төңірегіндегі  тас  мүсіндер // Ежелгі  мәдениет  куәлары.- 

Алматы, 1966.- 8-52 б. 



 

8

Мұқанов М.С. Қазақ жерінің тарихы.- Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994.- 80 б. 



Омарбекова  М.  Қарқаралының  тарихи  ескерткіштері  және  саяхат  маршруттары // 

Қарқаралы.- 1999.- 10, 17, 24 сәуір // Орт. Қазақстан.- 2000.- 13-31 мамыр, 3 маусым 

Попов  Ю.  Өлкеміздің  тарихи  беттері:  Тастар  сыр  шертеді // Шұғыла.- 1981.- 28 

март 


Сапарұлы  Б.  Көне  тарих  отаны  боған  өлке  немесе  Бегазы-Дәндібай  мәдениеті 

туралы // Қазақстан әйелдері.- 1992.- №3.- 8,9 б. 

Сейдімбеков  А.  Күңгір-күңгір  күмбездер:  Сұлулық  туралы  сырлар.-  Алматы: 

Жалын, 1981.- 240 б. 

Сейдімбеков  А.  Қарқаралы // Кеніш:  Қарағанды  облысы  туралы  кітап.-  Алматы, 

1978.- 93-109 б. 

Смағұл  С.  Ескерткіштер  ел  мұрасы:  Орталық  Қазақстан  археологиялық 

экспедициясына – 55 жыл // Сарыарқа.- 2001.- 2 қараша 

Смайылов Ж., Бейсенов А. Қызылкеніш сарайы // Білім және еңбек.- №6.- 28-31 б. 

Сұлтанов  К.  Шапқан  төбенің  құпиясы: /Қарқаралы  ауд.  Қаз.  экспедициясының 

зерттеулері  бойынша  табылған  қола  дәуірінің  соңғы  кезімен  көшпелі  тұрмысқа 

ауысудың  алғашқы  дәуірін  көрсететін  материалдар  жайында/ // Қазақ  әдебиеті.- 1969.- 

23 авг. 

Уәлиханов  Ш.  Қарқаралы  сыртқы  округіндегі  болыстардың  қыстақтары: 

Қарқаралы құжаттары.- 1991.- №4.- 89 б. 

Ісләмұлы І. Шежірелі өлке – Жаңаарқа // Азия Транзит.- 2000.- №6.- 28-37 б. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

9

Қарағанды облысының революцияға дейін кезеңіндегі пайдалы қазбалар кен 



орындарының өндірісі 

 

Орталық  Қазақстан  жері  археологиялық  қазбаларға  ежелден  бай  екені  белгілі. 



Ұшқан құстың қанаты талып, арғымақтың белі бүгілген қазақ даласының ой-шұңқырын 

жалықпай  аралап,  әрбір  жартас,  обаны  мұқият  зерттеген  тамаша  археолог,  этнограф, 

тарихшы Ә.Х.Марғұланның «Орталық Қазақстан біздің жыл санауымызға дейінгі екінші 

мыңжылдықтың  екінші  жартысында  Еуразия  құрылығындағы  маңызды  металлургия 

орталықтарының  бірі  болды.  Жезқазған  кендерін  алғаш  игеру  неолиттен  (жаңа  тас 

дәуірі) энеолитке (мыс дәуіріне) көшу кезеңінде (б. з. д. 1 мыңжылдық) басталған» деп 

батыл қорытынды жасауы тегіннен-тегін емес. Геолог, белгілі американ маманы Сидней 

Боллдың деректеріне қарағанда көне дәуірдің өзінде бұл өлкеде миллион тоннадай мыс 

кені өндірілген. Оның бұл мәліметін Жезқазған өндірістерінің іргесін қалауда айрықша 

роль  атқарған  академик  Қ.И.Сәтбаевтың  зерттеулері  дәйектей  түседі.  Қазақтың  ежелгі 

қонынысы жайлы тарихтың атасы Геродот және басқа ғұламалар да «суы сүт, топырағы 

май, тасы алтын мекен» деген анықтамалар қалдырған. 

Тарихшылар,  археологтар  қазақ  даласындағы  көне  топонимдердің  (жер-су 

атауларының)  көпшілігі  сонау  сақ  дәуірінен  қалғандығын  дәлелдейді.  Олар  кіндік 

мекенде  (қазақ  даласында)  неліктен  тұрақтап  қалмағанын?  Геология  минералогия 

ғылымының  докторы  Ә.Байбатшаның  ғылыми  шындыққа  (дәлелге)  негізделген  мына 

пікірі  назар  аударарлық.  Оның  зерттеуінше  ежелгі  ата-бабаларымыз  соңғы  палеолит 

(көне  тас  дәуірі)  кезеңінде,  даланы  жаппай  суық  қысқанда,  осыдан 20-15 мың  жылдар 

шамасы бұрын қоныс аудара бастаған. «Қоныс аударудың екінші ауқымды толқыны б. д. 

д. II-I мыңжылдықтарда, геологияда белгілі суббореаль суық кезеңінде басталды. Қазақ 

даласының  шығыс  аймағын  мекендеген  сак  тайпалары  Қиыр  Шығысқа  қарай  көшіп, 

қазіргі Монғол Алтайының шығысынан Тынық мұхитқа дейінгі аралықтағы кең далаға, 

шығыс  даласына  қоныс  тепті».  Біздің  заманымыздың  басында  олардың  ұрпақтары 

қыпшақтардың тағдыры да осыған ұқсас, дүниенің төрт бұрышына тарап кеткен. 

Геродот сақ-скифтер туралы тарихта теңдесі жоқ деректер қалдырды. Сақтар өздері 

араласқан, кейін сіңісіп кеткен елдерге мәдениетін, аңыз-әңгімелерін таратты. 

Асқан дарындылығымен ежелгі грек елін таңқалдырған ұлы қандасымыз Анахарсис 

(Арыс)  әлемге  әйгілі  жеті  ғұламаның  бірі  деп  танылған.  Бізге  жеткен  деректерге 

сүйенсек:  мыс,  қола  заманында  Арыс  тайпасының  кеншілері,  шеберлері  Жезқазғанда 

мыс,  қола  қорытып, қару-жарақ,  тұрмыстық  бұйымдар  жасаған.  Алтын,  күміс,  малахит 

(жасылтас),  азурит  (көктас)  минералдарынан  зергерлер  ғайжайып  сәндік-әшекей 

бұйымдарын  жасағап,  қару-жарақтарын  безендірген.  Сақ  тайпалары  өз  тәжірибелерін 

жетілдіріп,  нәтижесінде  темірді  де  игерген.  Арыс  тайпаларының  ұсталары  құрыштан 

(темір)  соққан  қару-жарақтар  кейін  Үйсін  мемлекетінің  жауынгерлік  даңқын  асырғаны 

тарихтан белгілі. 

Геродот  ерекше  атаған  сақтардың  ендігі  бір  тайпасы – исседондар  (ассактар) 

Жетісу  мен  Сарыарқаны  еркін  жайлап,  мал  шаруашылығы,  тау-кен  ісімен  айналысқан. 

Негізгі  кәсіптері  болғандықтан  тау-кен  ісі  кең  көлемде  жүргізілген.  Олар  арыс 

тайпасымен  бірге  Жезқазған  кенді  аймағын  алғашқы  игерушілер  Ә.Х.Марғұлан  ашқан 

Ақсу-Аюлы  аймағындағы  б.  з.  д. X-VII ғасырлардың  аса  дамыған  ескерткіші  Бегазы 

қонысы  біздің  сол  бабаларымыздан  қалған. «Асылардың  (ассактардың)  қола,  алғашқы 


 

10

темір  заманындағы  археологиялық  ескерткіштері  Балқаш  өңірінен,  Атасу-Қаражал 



ауданынан да көптеп табылған». 

Ә.Марғұланның 

жан-жақты 

зерттеулері 

қаңлылар 

мен 


қыпшақтардың 

металлургиялық өндіріс орталығы – Жезқазған кен алқабы болғандығын дәлелдеген. 

Арабтың  белгілі  жиһанкез  географы  Әл-Идрисидің  жазуы  бойынша  Ұлытау 

төңірегінен  өндірілетін  алтын,  күміс,  жез  секілді  өтімді  дүниелерді  (тауарларды) 

Шаштың  (Ташкенттің)  саудагерлері  кірелеп  тартып,  әйгілі  Ұлы  Жібек  жолының 

бойындағы  керуеншілерге  еселеп  сататын  болған.  Бұл  тауарлар  одан  әрі  Батыс  пен 

Шығыстың елдеріне тарап отырған. 

Ширек ғасырдан (1946-1977 ж.ж.) астам Сарыарқа, Бетпақдала төңірегінде тынбай 

жұмыс жүргізген Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы халқымыздың өткен 

дәуірін көз алдымызға елестетерліктей деректер жинақтады. 1946 жылы Бетпақдаланың 

солтүстігінен  Ұлытау  таулары,  Торғай,  Жыланшық  өзендерінің  жоғарғы  ағыстары, 

Кеңгір,  Жезді,  Байқоңыр  мен  Бұланты,  Мойынты,  Сарысу  өзендерінің  ағыстары 

аймағында  кең  көлемді  қазба  жұмыстары  жүргізілді.  Кезінде  Қ.И.Сәтбаев  ашқан 

Бұланты  бойындағы  таңбалы  тастар,  кейінірек  Қаракеңгірдің  жоғарғы  ағысынан 

табылған  ғұн  дәуірінің  қорғандары,  халқымыздың  ежелгі  мәдениетінің  қайталанбас 

айғақтары. 

Жезқазған аймағынан соңғы жылдары табылған б. з. д. II – мыңжылдықтар кезеңіне 

жататын  аса  құнды  ескерткіштердің  бірі,  ҰҒА  Орталық  Қазақстан  археологиялық 

экспедициясының  зор  табысы  (жетекшісі  Ж.Құрманқұлов)  деп  атауға  тұрарлық – 

Талдысай қонысы. Ол Жездіден Ұлытауға қарай 17 шақырым, Жезді өзенінің бойында, 

қазіргі  Талдысай  елді  мекенінің  батысында  орналасқан.  Ғалымдардың  болжауынша 

алғашқы  тайпалар  б.  з.  д. II-мыңжылдықтардың  ортасында  мекен  етіп,  қоныс  екі  рет 

қайтадан салынған. Бұл яғни қола дәуірі, ал ғылыми тілімен айтсақ андрон мәдениетінің 

тұсы.  Сарыарқа  жері  сол  мәдениеттің  үлкен  бір  ошағы  болғандығы  жайлы 

Ә.Х.Марғұланның тұжырымын Талдысай қонысы сөзсіз айғақтай түседі. Осы қоныстан 

онша  қашық  емес,  Жезді  қалашығының  іргесінде  орта  ғасырдың  ескерткіштері – 

Басқамыр, Аяққамыр кесенелері бар екенін еске түсірсек, бұл төңіректі қай кезеңдерде 

болмасын ел жайлап, орнықты қоныс еткенін байқалады. 

«Талдысай  қонысының  тағы  бір  құндылығы – ауылдың  батыс  шетінде,  өзен 

жағасына таяу жерден мыс балқытқан пештің ашылуы. Бұл пеш негізінен мыс рудасын 

күйдіріп,  жартылай  қорытуға  арналған.  Пеш  түбіндегі  шұңқырға  шлагы  мен  мысы 

ажырамаған  қоспа  шөгіндісі  құйылыпты…  Мыс  рудалары  қорытылған  үлкен  пештің 

жанында таза қоланы тигельмен ерітуге арналған кіші шұңқыр – ошақ қазылған. Оның 

диаметрі – 0,5 м,  тереңдігі – 30-40 см.  Шұңқыр  іші  күл  мен  көмір  үгінділеріне  толы, 

қабырғасының  сылағы  оттың  қатты  жанғанын  күйіп,  қыш  тәріздес  қатайып  қалғанын 

көруге  болады.  Пештер  төңірегінен  ұсақтап  сындырылған  руда  кесектері,  шлак,  мыс 

түйіршіктері,  кішкене  келсаптар,  балға  тәріздес  құралдар  көптеп  табылды».  Демек, 

Жезқазған  төңірегінде  осыдан  төрт  мың  жылға  жуық  уақыт  бұрын  Батыс,  Сібір, 

Оңтүстік  Сібір  тайпаларын  қоламен,  мыспен  қамтамасыз  еткен  Кресто,  Покро, 

Милықұдық секілді кеншілер қоныстарының қатарына тағы бір аса маңызды ескерткіш 

қосылды. 

Осылай Жезқазғанның бай кен орындары ежелден-ақ белгілі болған. Патша өкіметі 



бұл  далаға  талай-талай  әскери  экспедициялар  жасақтап  жіберіп  отырды.  Осындай  бір 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет