Өлшемдік (критериалды) бағалау жүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы талдау жасаңыз


Қалыптастырушы бағалаудың түрлері және әдістері туралы талдаңыз



бет3/7
Дата22.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31917
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Қалыптастырушы бағалаудың түрлері және әдістері туралы талдаңыз. Мұғалімнің күнделікті тәжірибесі: Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру;

Қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

Қалыптастырушы бағалау нәтижесін талдау;

Қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша кері байланыс ұсыну. Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс: Кері байланыс – белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция. Кері байланыс – оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастыру құралдарының бірі болып табылады, оқу мақсаттарына қол жеткізу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының үлгерімі мен қиындықтары туралы хабардар етеді. Тиімді кері байланысты ұйымдастыру табысты оқытудың негізі болып табылады (уақытылы және жүйелі ұсыну; анық және нақты болуы). Кері байланыс беру жөнінде ұсыныстар:

Үнемі тиімді кері байланыс жасаңыз және оқушыларды өз жұмысын және басқалардың жұмысын бағалауға үйретіңіз.

Түсіндірмесіз айтылатын «дұрыс емес», «өтірік», «кім жауап береді?» деген сөздерден аулақ болыңыз. Ненің дұрыс емес екенін, оны түзету үшін не істеуге болатынын ұсыныңыз.

Қателігін емес, дұрыс орындалғанын айтыңыз.

Кемшіліктерді болдырмаудың жолдары немесе жауаптарын қалай жақсартуға болатыны жөнінде ұсыныстар беріңіз.

Қателіктері туралы төмендегідей ақпарат бере аласыз:

орналасуы;

қателерінің түрі;

қателерді жөндеу үшін жасалатын әрекеттер.

Оқушының жауабына берілетін кері байланысыңызда мысқылдайтын, сынайтын тұрғыдағы «орынсыз жауап», «бұлай ойлауға қандай қақың бар» және т.б. жағымсыз сөздерді, сөз тіркестерін қолданудан сақтаныңыз.

Тиімді кері байланыс белгілері: уақытылы ұсыну; жүйелі ұсыну; анық және нақты болуы



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет