Қазақстан Республикасындағы білім үдерісіндегі бағалаудың өлшемдік технологияларының орны мен рөлі туралы талдаңыз. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Өлшемдік бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазіргі таңда басты рольде білім алушылардың білімділігі ғана емес, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар басты орынға қойылып отыр. Өлшемдік бағалау осы мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған. ЖОО-да «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» атты пән енгізілді. Пән арқылы күтілетін нәтиже: Болашақ маман білімді бағалау туралы ақпарат алады, салыстырады, Топтық бағалау арқылы критерий жасауды үйренеді, Бағалау парақшасын жасап, сабақта қолдануға бейімделеді. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді. Бұл ретте, егер, баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Оқушылар жұмысын бағалау бірлесе отырып жасалған бағалау өлшемдері арқылы жүргізіледі. Әр өлшем бойынша нәтижелер белгілі бір шәкілдер арқылы шығарылады:
өте жоғары;
жоғары;
орташа;
төмен.
Сонымен бірге оқушылардың жұмыстары төмендегі бағалау пікірлері арқылы бағаланады: