«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰҰ мысалында критериалды бағалау жүйесін енгізудің отандық тәжірибесі туралы талдаңыз. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу Тұжырымдамасы (бұдан кейін - Тұжырымдама) мақсаттары мен міндеттерін, жүзеге асыру кезеңдерін, күтілетін нәтижесін, қиындықтарын, тәжірибелік маңыздылығын анықтайтын құжат болып табылады. ДББҰ қызметінің бірден бір стратегиялық бағыты үздік халықаралық практика мен Қазақстандық тәжірибені кіріктіріп, білім берудің жаңа мазмұнын жасау болып табылады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы әділ және шынайы жүйесі, білімберу мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады.
Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді.
Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды. Зияткерлік мектептер үшін оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі пәнді оқыту мақсаты мен міндеттеріне, оқытудағы күтілетін нәтижелерге сәйкес әзірленеді. Критериалды бағалауды әзірлеу және қолдану кезең-кезеңмен жүргізілді.
2010-2011 оқу жылы мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға арналған іс-шараларды қамтитын дайындық кезең жүргізілді. Критериалды бағалау жүйесін жетілдірудегі мектептердің ұсыныстарын еске ала отырып жыл бойы жұмыс жалғастырылды, оның нәтижесінде Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі жасалынды.