Тақырыбы: «Әлеуметтік желінің жастарға әсері» Мақсаты: Оқушыларға әлеуметтік желілерді дұрыс қолдана білуге баулу. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік желілердің адамзат өмірінде алатын орнын талқылау. Әлеуметтік желілердің оқушыларға әсерін талқылау.
Көрнекіліктер: постерлер, презентация
Барысы. Мұғалім: Қазіргі қоғам - жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы - қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі».
Көптеген жастардың ата-аналары бүл үрдістің әсерінен қауіптеніп отыр. Себебі, көбінесе 10-18 жастағы жасөспірімдер мұндай әсерге тап болады. Ал бұл жасөспірімдердің негізгі әлеуметтендіру, оның психика мен дүниетанымын қалыптастыру кезеңі болып табылады. Бұл деректер ата-аналарды мазалап қана қоймай, психолог дәрігерлердің, мұғалімдердің де ойын қауіптендіреді. Себеі, бұл жастардың қоғамдық, психологиялық дамуына әсер етеді. Сонымен қатар, ғаламтор адамның физикалық денсаулығына ықпал береді. Мысалы, 15 жасар жасөспірім күніне 4 сағат экран алдында отырса, физикалық күшке тек шамамен 1 сағат қана уақыт бөлінеді.
Қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Әлеуметтік желі дегеніміз не?
Қазіргі таңда ілеуметтік желілер адамзат өмірінде қандай рөл атқарады?
Әлеуметтік желілердің адам өміріне керісінше әсерлері бар ма?
Қанша жастан бастап оқушыларға әлеуметтік желілерде отыруға рұқсат етуге болады?
Әлеуметтік желілер арқылы табыс көзін табуға болады ма?
Сіз қандай әлеуметтік желіде көбірек отырасыз? (толығырақ сипаттама беру)
Әлеуметтік желілердің қауіпті жағы бар ма? Бар болса мысалмен өз ойын қорытындылау.
Ойланайық, пікірлесейік.
Әлеуметтік желілерсіз адам өмірі қаншалықты өзгеретіндігін талқылау.
Әлеуметтік желілер қаншалықты адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін?
Бос уақытыңызда қаншалықты уақыт әлеуметтік желілерде отыруға болады?
Әлеуметтік желілердің пайдасы?
Әлеуметтік желілерді қолданған кезде қаншалықты мұқият болу керек?
Кез-келген ойын\сайттарға кіруге болады ма?
Әлеуметтік желілерді қолдану үгін белгілі бір ереже болуы керек деп ойлайсыз ба?
Оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа жеке әлеуметтік желі туралы ақпарат айтуды тапсыру. Әрбір әлеуметтік желінің маңызын топтармен талқылап қорытынды шығару және олардың талаптан көп уақыт қолданғанда қалай күресіге болатындығы туралы өз ойларымен бөлісуі.
Қорытынды. Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Осы тәрбие сағаты ішінде әрбір әлеуметтік желілерінің жақсы және кері әсері бар екенін түсіне білдік деген ойдамыз. Әлеуметтік желілерді дұрыс және пайдалы жағынан қолдана білудің де маңызы өте зор екенін түсіндік деп ойлаймын.
Қорыта келе,қолда бар ақпаратты өте тиімді түрде қолдана біле түрып, өзіміздің уақытымыз бен денсаулығымыздың да маңызын ұмытпауымыз керектігін естен шығармайық!
Осы орайда әлеуметтік желі мәдениетін қалыптастыруда ең басты ескеретін 3 мәселені ұсынамыз:
Қолдану уақытын белгілеу. Тәулігіне өтетін 24 сағаттың 8 сағатын — күнкөріс жұмысқа, 8 сағатын — ұйқыға, 8 сағатын — өзімізге пайдалы өзге ісімізге жұмсауымыз қажет. Ал әлеуметтік желіні тұрақты қолданушылар 24 сағаттың 6 сағатын — күнкөріс жұмысқа, 6 сағатын — ұйқыға, 6 сағатын өзіне пайдалы деп санайтын өзге істерге, ал қалған 6 сағатын әлеуметтік желіге арнайды. Бұл —қазіргі заманда үйреншікті жағдай.