Өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері



бет2/2
Дата23.09.2023
өлшемі229,45 Kb.
#109980
1   2
Электр өлшеуіш құралдар
Жұмыс істеу принципі қандай физикалық құбылысқа негізделгеніне байланысты электр өлшеуіш құралдар: магнитэлектрлік, электрмагниттік, электрдинамикалық, электростатикалық, жылулық және тағы басқа түрлерге бөлінеді.
Өлшеу құралының өлшеу шегі деп құралдағы тілше шкала соңьгаа дейін ең үлкен ауытқығандағы өлшенетін шаманың мәнін айтады. Практикада бір шкалалық құралдармен қатар, көп шкалалық құралдар қолданылады. Көп шкалалық құралдарда бірнеше өлшеу шегі болады.
Құралдың бөліктерінің құны құралдың тілшесі шкалада бір бөлікке ауытқитындай өлшелінетін шаманың мәнін айтады. Мысалы, вольтметрдің екі өлшеу шегі болсын: 10 В және 30 В. Шкала 100 бөлікке бөлінсін. 10 В шегі үшін бөлік құны 0,1 В тсң болады, 30 В шегі үшін 0,3 В болады.
Құралдың тілшесінің сызықтық немесе бұрыштық орын ауыстыруының осы орын ауыстыруды тудыратын өлшенетін шамаға қатынасын өлшеу құралының А сезімділігі деп атайды:

мұндағы: -сызықтық немесе бұрыштык, орын ауыстыру, х-өлшенетін шама. Мысалы, ток күші І = ЗА болғанда амперметр тілшесі 36 бөлікке ығысты. Осы құралдың ток күшіне сезімділігі
бөлік/А
Электр өлшеуіш құралдар дәлдік класымен сипатталады: 0,05; 0,1; 0,2; 0,5; 1,0 жөне тағы басқа. Егер құралда дәлдік класы көрсетілмесе ол 4-ке тең деп есептелінеді.
Дәлдік класында көрсететін сан процентпен көрсетілген құралдың қателігінің шекті мәнінің құралмен өлшенген шаманың диапозонына қатынасын көрсетеді, яғни

мұндағы: - құралдың дәлдік класы
- шкаланың тілшесінің ең үлкен ауытқуына сәйкес келетін
өлшенілетін шаманың мәні
-құралдың ең үлкен қателігі.
Мысалы: дәлдік класы 0,5-ке тең және шкаласы 100 мА-ге есептелінген миллиамперметрден 25мА ток өтсін. Сонда миллиамперметр 0-100мА аралығында ток өлшегенде ең үлкен қателік келесі шамадан артып кетпейді:

Бұл өлшеудің салыстырмалы қателігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет