1.3. Жұмыстың орындалу әдістемесі 1.3.1. Керекті құралдар: СП-100 санағыш прибор, секундомер.
1.3.2. СП-100 приборы оның “ПРОВЕРКА” деп аталатын түймесін басқан уақыт мезетінен “СТОП” деп аталатын түймесін басқан уақыт мезетіне дейінгі аралықтағы приборға берілген импульс санын есептейді. СП-100 приборына, импульс, жиілігі = 50 Гц айнымалы кернеу генераторынан беріледі. Демек, орташа алғанда, 1 секунд ішінде тіркелетін импульс саны 50-дің аймағында болады. Бұл прибордың толық түсініктемесін 1.6.1 әдебиетінің 649 бетінен қараңыз. Бұл жұмысты орындау үшін 5 секунд ішіндегі импульстер саны есептелінеді. Өлшеу саны 100 –ге тең болу керек.
1.4. Жұмысты орындау тәртібі 1.4.1. СП-100 приборын жұмысқа қосыңыз, ол қызғанша 15 минут күтіңіз.
1.4.2. t = 5 секунд үшін санағыш прибор тіркейтін импульстер санын өлшеңіз. Өлшеулерді 100 рет қайталаңыз. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңыз. 1.2-кесте үлгісі:
1.2 кесте
5 секунд ішінде СП-100 приборының тіркейтін импульстерсаны
№
xi
xi
xi2
№
xi
xi
xi2
№
xi
xi
xi2
1
2
.
.
.
33
34
.
.
.
66
67
.
.
.
100
1.4.3. Барлық нәтижеден <х> орта арифметикалық мән шамасын есептеңіз.
1.4.4. Жеке өлшеулердің ауытқуын (xi -дің шамасын) және оның квадратын (xi2) есептеңіз, оларды кестеге енгізіңіз.
1.4.5. (1.3) – формуласы бойынша орта квадраттық қателікті есептеңіз. (1.8)-формуласы бойынша орта арифметикалық шаманың орта квадраттық қателігін есептеңіз.
1.4.6. Оқытушы көрсеткен сенімділік коэффициентінің мәні үшін сенімділік интервалын есептеңіз және соңғы нәтижені (1.10) формулаға сәйкес жазыңыз. (1.11) формуламен салыстырмалы қателікті есептеңіз.
1.4.7. xmin және xmax- шамаларын табыңыз, бұлардың аралығын интервалға бөліп, нөмiрлеңіз.
1.4.8. Әрбір өлшеудің қай интервалға жататынын анықтаңыз.
1.4.9. Әрбір интервалға енетін өлшеулер санының қосындысын (ni) табыңыз және бұл нәтижені 1.3 кестеге енгізіңіз. Кесте үлгісі:
1.3 кесте