Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет50/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

Ескерту:1) Жасұнықтың 14-%-дан астамы ірі азықпен жеткізілуі тиіс;
2) Сиыр азығында жасұнық деңгейі 10-%-ға дейін азайса - сүт майлылығы 3,6 %-дан 3,0-%-ға дейін, 5 %-ға дейін азайса - 2,3 %-ға төмендейді.

Рацион кұрғақ затында энергия мен қоректік заттар шоғырлану дәрежесі жоғарылаған сайын, олардың қорытылу дәрежесі де жоғарылайды. Күйісті малдың азықтық мұқтаждығын алмасу энергиясымен бағалауды ұсынғанағылшын ғалымы М.Блэкстердің (1965) топшылауынша, мал азығының игерілу тиімділігі малдың тірілей салмағына, өнімділігі мен рацион құрғақ затында алмасу энергиясының шоғырлануына тәуелді өзгереді.


Л.Гофман мен Р.Шиманн (1978) дерегі бойынша рацион құрғақ затында алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесі мал тіршілігін қамтамасыз ету мен өнім түзілу арақатынасына ыкпал етеді - 1 кг құрғақ затында 2,0 ккал, яғни 8,4 МДж алмасу энергиясы шоғырланған рационда оның жалпы энергияға қатысы - 45,5% болып, соңғысының - 68% тіршілікті қамтамасыз етуге, 40% қосымша салмақ қосымына, 66% сүт түзуіне жұмсалса; құрғақ затында 3,0 ккал, яғни 12,5 МДж АЭ шоғырланған рационда бұл көрсеткіштер, тиісінше, 68,2%; 75%; 58%; 68 % болып артады. Бұл рацион құрғақ затындағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесі өскен сайын, оның игерілу тиімділігінің де артатынын көрсетеді.
Сауын сиыр өнімділігі артқан сайын, рацион кұрғақ затына және онымен жеткізілетін энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы өсе түседі. Мысалы, 10 кг сүт сауылатын сиыр басына тәулігіне рацион құрғақ затының 10-12 кг-ның жеткізілуі жеткілікті болса, 15 кг сүт сауылатын сиырға – 13-14 кг, ал 20 кг сүт сауылатын сиырға - 15-17 кг құрғақ затжеткізілуге тиіс. Ондағы алмасу энергиясы мен қоректік заттар деңгейі сиыр өнімділігіне қарай 4.6-кестедегідей болуға тиіс.

4.6 – кесте.Сауын сиырының энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы



Сүт сауымы,
кг

Рацион құрғақ затының 1 кг-да,г

Азық
өлшемі

АЭ,
мДж

«Шикі»
протеин

Қорытыл.
протеин

«Шикі»
май

Крах-
мал

«Шикі»
жасұнық

7-8

0,96

9,72

137

55

88

82

271

9-10

0,97

9,83

139

56

89

88

263

11-12

0,98

9,94

141

57

90

90

256

13-14

0,99

10,04

143

58

91

92

241

15-16

1,00

10,15

145

59-

92

94

239

17-18

1,02

10,25

147

60

93

96

230

Рацион құрғақ затындағы энергия мен қоректік заттар деңгейін көтеру үшін малға берілетін құнарлы жем мөлшерін молайтады - сиыр сүттілігіне карай 1 кг сүт өндіруге 100-400 г жем жұмсауды жоспарлауға болады. Бұдан артық жұмсалған жем мөлшері физиологиялық және экономикалық тұрғыдан да зиян. Өйткені, шамадан тыс көп берілген құнарлы азық сиыр денесінде зат алмасуын жеделдетіп, оның өнімділігін күштеп арттырғанмен, пайдалану мерзімін (сауымын) қысқартып, бұзаулау санын азайтады. Сөйтіп сиыр сауымнан ерте шығады да, оны жас құнажынмен ауыстыруға тура келеді.


Демек, шаруашылық балансындағы мал басы көбейедіде,оған жұмсалатын азық шығыны көбейе түседі. Екінші жағынан, рационда қымбат құнарлы жем үлесінің молаюынан, өндірілген сүттің өзіндік құны қымбаттайды. Шаруашылық жағдайында рацион құрғақ затындағы энергия мен қоректік затты клетчатка деңгейін өзгерту арқылы мөлшерлейді - жылдық сауымы 3000-4000 кг орташа өнімді сиыр раңионының құрғақ затындағы клетчатка деңгейі 26-22% сақталуы керек болса, жылдық сауымы 5000-6000 кг жоғары өнімді сиыр рационында оның деңгейі 20-16%-ға дейін төмендетіледі. Физиологиялық тұрғыдан, сауымының алғашқы 100 күнінде 1 кг сүтке жылдық сауымы 3000 кг сиырға -40-260 г, жылдық сауымы 4000 кг сиырға - 290-310 г, жылдық сауымы 5000 кг сиырға - 380-400 г жем жұмсалғаны жөн.
Сауымының сүтейту кезеңіне сәйкес келетін алғашқы 100 күнінде сиырдан сауылатын сүттің 40-50% сауылып, дене қоры желінген азық қоректік заттарымен толықтырылып үлгермейтіндіктен, сауымның 9-10-онкүндігіне қарай жоғары өнімді сиыр салмағы 50-100 кг төмендейді. Кейбір күндері сиыр осылай "денесінен сауылу" салдарынан күніне 1 кг салмақ жоғалтады. Оның жолын алу үшін суалтылған кезенде сиыр денесіндежеткілікті мөлшерде қоректік заттар қорын жинауға азықтандыру жағдайын жасап, жаңа бұзаулап, сауыла бастаған сиырға нақтылы сауымының нормасын қосымша 2-3 кг кеммен үстемелеп, 100 күнінде 1 кг сүтке шаққанда жылдық сауымы 3000 кг сиырға - 240-260 г, жылдық сауымы 4000 кг сиырға - 290-310 г, жылдық сауымы 5000 кг сиырға - 380-400 гжемжұмсайды. Жем мен басқа да азық жұмсалуын сиыр мұқтаждығына сәйкестендіру үшін нақтылы сауымы бойынша рацион құрылымын он күн сайын қайта құрастырып тұрады.
Сүтейту кезеңіндегі азықтандыру ахуалдарынан тәулігіне сауылмай қалған 1 кг сүт сиыр сауымын 200-300 кг кемітетінін ескеріп, әсіресе жас, алғашқы сауымдағы құнажынды дұрыс сүтейте саууға жете көңіл бөлу керек. Сонда ғана нормалап азықтандыру арқылы олардың алғашқы сауымының сүттілігін 800-1000 кг, ал одан кейінгі сауымдардікін тағы 400-600 кг арттыруға болады.
Сүтті сиыр тәулігіне 2 рет сауылса 4-6 кг, 3 рет сауылса 6-9 кг жем жей алады. Жылына 3000-4000 кг сүт беретін сиыр рационындағы құнарлы азық үлесі рацион қоректілігінің25-30% құрастыруы үшін, жылына сиыр басына 4-4,5 ц протеинді дәннен тұратын 12 ц құнарлы азық беріледі. Оған қоса, шаруашылықтағы жемшөп қорын, қалыптасқан азықтандыру типіне сәйкестендіре отырып, сауын сиыр тәулігіне 10-15 кг азықтық қызылша үлесіне тиетін 20-30 кгсүрлем, 4-6 кг аралас дақылдар пішені мен 3-5 кг жаздық дақыл сабанын береді. Қызылшаның, әсіресе қант қызылшасының, бір бергендегі мөлшерін 100 кг т.с. 2 кгаспайтындай шектеп, тәулігіне бірнеше рет бөліп береді. Сүтінен өндірілетін өнімге байланысты сиыр басына жегізілетін жемшөп мөлшері шектеледі ( 4.7-кесте).

4.7 – кесте. Сауын сиыр рационындағы жемшөптің шектік мөлшері, кг



Азық түрі

Сүт
өндіргенде

Сары май
өндіргенде

Сыр
өндіргенде

Жоғары сапалы сүрлем

35

35

15-30

Азықтық қызылша

40

40

20-35

Сәбіз

25

25

16

Картоп

20

20

10

Бидай кебегі

6

4

3,5

Сұлы

4

2,5

3

Жүгері

4

2

3

Қарабидай, арпа

4

3

3

Бұршақ дәні

1,5

1,5

1,5

Зығыр,күнбағыс күнжарасы

4

2,5

2

Кендір күнжарасы

1,5

1

1,3

Сыра ашытқысы

16

16

8

Құрғақ сыра ашытқысы

2,5

2,5

1,5

Барда

30

30

30

Картоп мезгасы

20

12

8

Қызылша жомы

40

30

16

Сүрлемдеген жом

30

20

10

Кұрғақ қызылша жомы

5

3,5

2

Азықтық сірне

1,5

1,5

1,5

Рацион азығын сауымның ортасындағы қызған кезеңінде осы мөлшерде беріп, сауым аяқталар суалту кезеңінде сүтейткіш шырынды азық пен құнарлы азық үлесін 20-30% азайтып, орнына ірі жемшөп мөлшерін молайтып, қант-протеин қатынасын 0,8-1 : 1 аралығына түсіреді. Қазақ технологиялық малшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мәліметі бойынша, Қазақстанда сүтті сиыр басына жұмсалатын жылдық жемшөп шығыны төмендегідей (4.8-кесте).


4.8 – кесте.Сүтті сиырға жұмсалатын жылдық жемшөп шығыны (жалпы қоректілігіне % есебімен)



Жылдық
сауымы,кг

Пі-
шен

Са-
бан

Шөп
ұны

Пішен-
деме

Сүр-
лем

Тамыр-жеміс

Жем

Көк
азық

2500

7

2

-

15

12

2

14

48

3000

6

2

-

13

12

3

17

46

3500

6

1

-

13

13

3

20

45

4000

5

1

-

11

13

4

23

43

4500

5

-

1

10

10

4

29

41

5000

5

-

1

10

10

4

34

38

Құнажынға

5

3

3-
ССА

15

27

-

20

30

Сиыр өнімділігі артқан сайын азықтандыруға жұмсалған азықтың тіршілікті қамтамасыз етуге жұмсалатын бөлігі азайтылып, өнім өндіруге жқмсалатын бөлігінің үлесі өседі. Мысалы, тірілей салмағы 450 кт сиырдан күніне 4,5 кг сүт саулса, желінген азықтың 2/3 бөлігі тіршілігін қамтамасыз етуге, ал 1/3 бөлігі сүт түзілуіне, 9 кг сүт сауылса - 1/2 бөлігі тіршілігін қамтамасыз етуге, 1/2 бөлігі сүт түзілуіне, 18 кг сүт сауылса - 1/3 бөлігі тіршілігін қамтамасыз етуге, 2/3 бөлігі сүт түзілугежұмсалады.
1-тапсырма. Жоғарыдағы құрылымы есептелінген азықтандыру рационы қоректілігін тірілей салмағы 500 кг, сауымы 14 кг сауын сиыр азықтандыру нормасымен салыстырып,жетіспеген мұқтаждық көрсеткіштерін қажетті қосындылармен толықтырыңдар.
2-тапсырма. Нормалық қажеттік көрсеткіштері бойынша теңестірілген рационда қант-протеиндік, қышқыл-сілтілік, кальций-фосфорлық қатынасын, 1 кг сүтке жұмсалатын жем мөлшерін есептеп, қалыпты жағдайдағы нормасымен салыстырыңдар.
3-тапсырма. Қарастырылып отырған рацион азықтары тірілей салмағы600 кг, жылдық сауымы 4000 кг суалған буаз сиырға жегізілсе, құрылымы қалай өзгереді - негізгі азықтар тобының жалпы қоректілігі бойынша пайыздаңдар.
4-тапсырма. Осы буаз сиырдың энергетикалық мұқтаждығын, жайылым оты 70 пайызға қамтамасыз етсе, нормалық көрсеткіштерінқамтамасыз етуге қажет қосымша азық пен қосындылар мөлшерін есептеңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет