Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет1/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п


Омарқожаұлы Нұрберген
Омарова Қарлығаш


МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ пәнінің ПРАКТИКУМЫ

ӘОЖ 636,01
КБЖ ...
ISBN ...


Пікір жазғандар:
Алпейсов Ш.Ә., ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы,
профессор
Қоржықаев Ж.С., ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты,
доцент
Ибраев Д.Қ., PhD докторы


Мал азықтандыру пәнінің практикумы / Оқу-әдістемелік құралы.- Н.Омарқожаұлы, Қ.Омарова, 2018. – 120 бет.

Практикумда мал азығының құрамы мен қоректілігін бағалау әдістері, қоректілік өлшемдерін есептеу жолдары, азықтарды жіктеу мен дайындау технологиясы, сапасын бағалау көрсеткіштері берілген. Мал түліктерін мөлшерлеп азықтандыру ережелері мен жаттықтырулары келтірілген. Аграрлық оқу орындары студенттері мен магистранттарына арналған.



МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ

5

І

АЗЫҚ ҚҰРАМЫ

6

1.1

Азықтың орташа үлгісін алу

7

1.2

Азық құрамын зерттеу

13

1.3

Азық химиялық құрамы

15

1.3.1

Азық ылғалдылығын анықтау

16

1.3.2

Азық майын анықтау

18

1.3.3

Азық күлін анықтау

20

1.3.4

Азық протеинін анықтау

21

1.3.5

Азық жасұнығын анықтау

23

1.3.6

Азық азотсыз экстрактивті заттарын анықтау

24

1.3.7

Азық қант минимумын анықтау

24

1.3.8

Азық каротинін анықтау

25

1.3.9

Зерттеу дерегін нәтижелеу

26

ІІ

АЗЫҚ ҚОРЕКТІЛІГІ

29

2.1

Азық қоректілігін химиялық құрамымен бағалау

29

2.2

Азық қоректілігін қорытылатын қоректік затымен бағалау

30

2.3

Қоректілікті азық өнімдік әсерімен бағалау

33

2.3.1

Азық өнімдік әсерін зат теңеуімен есептеу

33

2.3.2

Қоректілікті азық өлшемімен бағалау

36

2.3.3

Қоректілікті алмасу энергиясымен бағалау

37

2.4

Қоректіліктің сапалық көрсеткіштері

40

2.4.1

Азық протеиндік қоректілігі

40

2.4.2

Азық минералдық қоректілігі

43

2.4.3

Азық дәрумендік қоректілігі

45

2.5

Азық қоректілігін кешенді бағалау

48

ІІІ

АЗЫҚТАР

53

3.1

Мал азығын жіктеу

53

3.2

Өсімдік тектес жемшөп

55

3.3

Жануар тектес азықтар

87

3.4

Микроб тектес азықтар

90

3.5

Минералды қосындылар

92

3.6

Дәрумендік қосындылар

94

IV

МАЛДЫ МӨЛШЕРЛЕП АЗЫҚТАНДЫРУ

96

4.1

Малды нормалап азықтандыру жүйесі

96

4.2

Мүйізді ірі қара малын азықтандыру

98

4.2.1

Сүтті сиырды азықтандыру

98

4.2.2

Бұзау азықтандыру

107

4.2.3

Тана-құнажын азықтандыру

110

4.2.4

Мүйізді ірі қара малын азықтандыру

112

4.2.5

Тұқымдық бұқаны азықтандыру

115

4.3

Қой-ешкі азықтандыру

116

4.3.1

Саулықты азықтандыру

117

4.3.2

Қозы азықтандыру

119

4.3.3

Тоқты азықтандыру және бордақылау

120

4.3.4

Тұқымдық қошқарды азықтандыру

122

4.3.5

Ешкіні азықтандыру

123

4.4

Жылқы азықтандыру

124

4.4.1

Жұмыс атын азықтандыру

125

4.4.2

Құлын-тай, құнан-дөнен, спорт атын азықтандыру

127

4.4.3

Тұқымдық бие мен айғырды азықтандыру

128

4.5

Шошқа азықтандыру

130

4.5.1

Мегежін мен қабанды азықтандыру

131

4.5.2

Торай азықтандыру және шошқаны бордақылау

134

4.6

Құс азықтандыру

137

4.6.1

Тауық азықтандыру

140

4.6.2

Күркетауық, үйрек және қаз азықтандыру

142

4.7

Курстық жұмыс тапсырмасы

147




Қосымшалар







АЗЫҚТАР ҚҰРАМЫ мен ҚОРЕКТІЛІГІ

151

КІРІСПЕ

Шаруашылықтағы мал басын көбейтіп, өнімділігін арттыру үшін малды дұрыс азықтандырудың маңызы зор. Тек дұрыс азықтандырылған жағдайда ғана мал басының денсаулығы сақталып, тұқым тегіне тән өнімділігін көрсете алады. Сондықтан мал азыктандыру пәні мал шаруашылығы мамандығын игеретін студенттерге осы саладан қажетті мағлұматтар береді, мал түліктерін үнемді әрі физиологиялық қажеттілігіне сай қоректендіруді үйретеді.
Малды дұрыс та тиімді азықтандыру үшін екі мәселені шешу қажет: біріншісі — азықтандыруда пайдаланылатын жемшөп кұрамы мен қоректілігін анықтау; екіншісі — сол жемшөпті мал мен кұс түріне және физиологиялық жағдайына байланысты өзгеретін энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығын дұрыс және үнемді жұмсау. Осы бір-бірімен байланысты әрі бір-біріне тәуелді мәселені шешкен жағдайда, шаруашылықтағы мал мен құсты физиологиялық және экономикалық тұрғыдан ұтымды азықтандыруды ұйымдастыруға болады.
Мұны студенттер үш бөлімнен тұратын "Малазықтандыру" пәнін оқу барысында игереді.
Пәннің бірінші бөлімі — мал азығына пайдаланылатын түрлі жемшөп пен азықтық қосындылар кұрамы мен қоректілік қасиеттерін бағалауға арналса, екінші бөлімі — оларды жіктеп, қоректілігі мен кұнары бойынша топтастырып, дайындау технологиясы мен сақтау жағдайына байланысты орын алатын өзгерістерін сипаттайды, ал үшінші бөлімі - мал түліктері мен үй құсының мұқтаждығына сәйкес мөлшерлеп (нормалап) азықтандыру ережелерін келтіреді.
Пән практикумындағы сабақтар тақырыбында осы бөлімдерді қамтиды. Практикум төрт тараудан тұрады. Бірінші "Азық кұрамы" тарауында шаруашылықгағы жемшөптің химиялық кұрамын зерттеу әдістерімен таныстырады. Екінші "Азыққоректілігі" тарауында азықтың химиялық кұрамы, қорытылымы мен өнімдік әсері бойынша қоректілігін бағалау тәсілдері беріледі. Үшінші "Азықтар" тарауында түрлі азықтарға қойылатын стандарттық талаптар мен шаруашылық жағдайында бағалау әдістері беріледі. Төртінші "Мал азықтандыру нормасы мен рационы" тарауында азықтарды мал мен құс қорегінде мөлшерлеп жұмсау негіздері үйретіледі.
Практикум "Мал азықтандыру" пәнінің білім беру стандарттары мен үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған. Мұнда шаруашылық мал мен құсын жеткілікті де үнемді азықтандырудың жолдары осы сала ғылымының соңғы жетістіктерімен ұштастырыла отырып келтірілген


  1. АЗЫҚ ҚҰРАМЫ

Мал өнімін өндіруге жұмсалатын азық шығыны малға жегізілген азықтың сапасы мен қоректік құндылығына тәуелді. Шаруашылықтағы дайыңдалған жемшөп қоректілігі алдымен оның химиялық құрамымен байланысты. Жемшөптің химиялық құрамы өсімдік түрі, агротехникасы, вегетация фазасы, климат әсері, жинау мерзімі, сақтау жағдайы, т.с.с. көптеген факторларға байланысты өзгереді.


Азық кұрамы сыртқы ортадан енетін түрлі химиялық элементтерден тұрады. Олар өсімдіктен мал организміне қоректену барысында берілетіндіктен, белгілі дәрежеде азық пен мал денесінің элементтік және химиялық құрамында ұксастық болады. Организм кұрғақ затының 92-95% құрайтын органикалық элементтер С О Н Nесебіне... ... көк шөпте 15% 12% 70% 0,5%... жүгері дәнінде 40% 6% 50% 1,5% келсе, ... қой денесінде 25% 10% 50% 2,5% келеді.
Бірақ, өсімдік органикалық заты негізінен көмірсулардан (көк шөптегі 25-30% кұрғақ заттың - 22-27%, жүгері дәніндегі 85% қүрғақ заттың - 70%) тұрса, мал органикалық заты протеин мен майдан (40% қүрғақ затының -35%) тұрады. Өсімдік құрамында көмірсулардың қанттар, крахмал, клетчатка түріндегі моно- екі- және көпқанттардан тұратын алуан түрлі қосындылары басым болса, жануар денесінде тек глюкоза мен жануар крахмалы деп аталатын, бауырда энергетикалық қор ретінде жиналатын гликоген ғана болады.
Организмнің органикалық затынан қалған 5-7% кұрайтын минералдық элементтерден қазіргі кезде өсімдік пен мал денесінде 70-ке жуығы анықталып отыр. Бұл академик В.И.Вернадскийдің биосфера қабаттарында химиялық элементтердің шашыранды түрде барлық тарайтынын болжаған биогеохимиялық ілімін дәлелдейді. Әрине, биоценоздарындағы барлық минералды элементтің өсімдік пен жануар организмінде өзіндік биологиялық қызмет атқаратынын атап айту өте қиын, бүгінгі күнге биологиялық тұрғыдан маңызды болып саналатын, тіршіліктегі атқаратын биохимиялық және физиологиялық қызметі нақтылы анықталған биогенді минералды элементтерге Са, Р, Na, К, Mg, S, CI, Fe, Си, Mn, Zn, Co, J, Mo, Se, биологиялықфункциясы анықталып келе жатқан шартты биогендімикро- және ультра-микроэлементтерге Si, F, Ni, li, Br, Cr және басқалары жатады.
Минералды элементтерден өсімдікте К мен Са үлесі басым болатын болса, жануар денесінде Са мен Р басым келеді. Бұл биохимиялық қоректік тізбектегі өсімдік пен мал организмінің, бір жағынан, тығыз байланысын көрсетсе, екінші жағынан, сапалық айырмашылығын айғақтайды. Демек, тіршілік өзегі болып табылатын осы қоректік тізбектегі биологиялық зандылықтарды айқындау үшін, мал қорегін, яғни азық құрамын анықтау қажет. Мал азығының химиялық кұрамын арнайы зертханаларда орташа үлгісін зерттеу арқылы анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет