Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет55/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Байланысты:
Омар ожа лы Н рберген Омарова арлы аш мал азы тандыру п ніні п

4.3.4.Тұқымдық қошқардыазықтандыру

Қой шаруашылығындағы күйек алу, ұрықтандыру нәтижесі саулық қондылығымен қатар оларды қашыруға(вольная случка) немесе қолдан ұрықтандыруға (искусственное осеменение) қолданылатын ұрық сапасына байланысты. Ұрықтандыруды сапалы ұрықпен қамтамасыз ету үшін негізгі тұқымдық қошқар азықтандыруына жете көңіл бөлу қажет. Күйек алу кезеңінен (случной период) 1,5-2 ай бұрын тұқымдық қошқар азықтандыруын күшейтіп, күйек басталарда оның орташадан жоғары болып келетін тұқымдық қондылығын (племенная кондиция) қамтамасыз етеді. Күйекке дайындау және күйек алу кезеңінде жүнді, жүңді- етті, етті-жүнді тұқымының қошқарларын 4.22-кестедегінорма бойынша азықтандырады.


4.22-кесте.Тұқымдық қошқар азықтандыру нормасы



Көрсеткіш

Күйектен тыс кезде

Күйек алынатын кезде

70 кг

100 кг

130 кг

70 кг

100 кг

130 кг

Азық өлшемі

1,5

1,8

2,1

2,0

2,3

2,6

АЭ, МДж

17

20

23

22

25

28

Құрғақ зат, кг

1,7

2,05

2,4

2,2

2,4

2,8

«Шикі»протеин, г

225

252

292

340

380

410

Қорыт. протеин, г

145

165

195

225

255

285

Ас тұзы, г

10

13

16

15

18

21

Кальций, г

9,5

11,5

12,7

12,1

13,8

15,6

Фосфор, г

6

7

8,4

9

10

11,7

Магний, г

0,8

1

1,1

1

1.2

1,4

Күкірт, г

5,2

6,2

7,2

7,1

8.1

9,1

Темір, мг

65

78

91

84

95

108

Мыс, мг

12

14

17

64

73

83

Мырыш, мг

48

60

70

64

73

83

Марганец, мг

65

78

91

84

95

108

Кобальт, мг

0,6

0,7

0,8

0,8

0,9

1,0

Йод, мг

0,5

0,6

0,7

0,8

0,9

1,0

Каротин, мг

17

23

29

27

47

57

Кальцийферол, х.ө.

500

615

710

780

900

1020

Токоферол, мг

51

60

69

63

75

84



Ескерту.Норма көрсеткіштері тәулігіне 3 мәрте ұрық алынатын қошқарға арналған, ұрық одан аз мәрте норма көрсеткіштері 25-30% төмендетіледі.

Азықтандыру нормасын қамтамасыз ету тұқымдық қошқарларға құнарлы жемшөп беріледі. Күйек тыс кезеңде қошқарлар отарын жеке оты шүйгін жайылымда жайып, орта қондылығын сақтау үшін қажетті жағдайда қошқар басына тәулігіне 1-1,5 кг пішен мен 0,2-0,3 г арпа жармасы секілді құнарлы жем беру жеткілікті болса, күйекке дайындау және оған түсу кезеңінде қошқардың тұқымдық қондылығын қамтамасыз ету үшін 1,5-2 кг биологиялық(аминқышқылдық) құнарлылығы жоғары аралас астық-бұршақ тұқымдастар пішенін, 2-3 кг жеңіл қорытылатын көмірсулар менкаротинге бай сәбіз, асқабақ, қызылша секілді шырынды азық пен аралас шөп пішендемесін, 0,5-1,5 кг энергетикалық қуаттылығымен қоректілік құнарлылығы жоғары жем қосындысын береді. Қошқар азығының протеиндік құнарлылығын жоғарылатып, биологиялық құндылығын көтеру үшін сиыр сүті, көк сүт, сүт сары суы, қан ұны, ет ұны, ет сүйек ұны, тауық, жұмыртқасы секілді жануар тектес азықтарды қосады.


1-тапсырма. Тапсырма бойынша берілген жайылымда күйектен тыс кезеңде тірілей салмағы 100 кг тұқымдық қошқар құрғақ заты бойынша нормаға сәйкес азықтандырылған жағдайда, басқа энергетикалық, протеиндік, минералдық және витаминдік мұқтаждығы қаншалықты қанағаттандырылады. Күйекке дайындау және күйек aлy кезеңінде оның рационынқай азықтар және қосындылармен, қай мөлшерде толықтыру.
2-тапсырма. Тірілей салмағы 120 кг тұқымдыққошқарға ұрық алынатын кезеңге азықтандыруын құрастырып, оның протеиндік, минералдықжәне витаминдік құнарлылығын бағалап, толықтырыңдар.


4.3.5.Ешкі азықтандыру

Жеке шаруашылықта ешкі өсіру тиімді. Ешкінің ангор және могер типтес түбітінің техникалық сапасы қой кроссбред жүнінен асатын болса, ешкі сүті шағын өндірісте өндіруге ыңғайлы. Физикалық-химиялық құрамы мен биологиялық қасиеті, қорытылымы жағынан ешкі сүті басқа малдың сүтінеқарағанда анағұрлым жоғары, нәресте қорегіне пайдалануға жұғымды диеталық тағам болып табылады.


Ешкінің жасы мен жынысы, физиологиялық ахуалы ментірілей салмағы, өнімділігі мен өнім бағытына сәйкестендіріліп белгіленген азықтандыру нормасы 4.23- кестеде берілген.
Салмағы 50 кг шыбыш тіршілігін қамтамасыз ету үшін0,35-0,4 а.ө., 45-60 г қорытылатын протеин, 7 г Са, 3,5 г Р қажет. 1 кг салмақ қосымына, шамамен, 17% жасұынығы бар 50 г құрғақ зат жұмсалады. Ешкі басқа мал түлігі толығымен пайдалана алмайтын, қиядағы және тау-тасты жайылым жақсы пайдаланады. Олар іріленген және бұтақты азықпен күнелтіп, қыстай алады. Тұқымды текені азықтандыру күйек алу науқаныбасталарда күшейтіліп, күйекбарысы азығының қуаттылығы мен кұнарлылығы қамтамасыз етіледі.
4.23-кесте.Ешкі азықтандыру нормасы

Көрсеткіш

Қысыр, буаздығының
12-13-ші аптада

Буаздығының 19-21-ші аптада

Лағын емізетін кезенде

35 кг

40 кг

35 кг

40 кг

35 кг

40 кг

Азық өлшемі

0,8

0,85

1,0

1,1

1,45

1,55

АЭ, МДж

8,1

9,5

10

11

15

16

Қорыт. протеин, г

65

70

100

105

145

155

Ас тұзы, г

10

11

12

13

13

14

Кальций, г

4

5

7

7,5

7

8

Фосфор, г

2,5

2,7

3,5

4

5

5,5

Күкірт, г

2,4

2,5

3

3,3

4,4

4,7

Каротин, мг

12

15

13

17

16

20

Ескерту.Сүтті және егіз лақтаған шыбыш азықтандыру нормасы бұдан 15% жоғарылатылады.


1-тапсырма. Тірілей салмағы 40 кг сауылатын шыбышқа бұтақты азықпен қажетті қосындылар пайдалана отырып рацион құрастырыңдар.


4.4.Жылқы азықтандыру

Жылқы қарнының аумағы күйісті малдікі салыстырғанда анғұрлым тар болғандықтан, жұмыс аты бос уақытын ұтымды пайдаланып, үзбей азықтандырады. Осыны ескере отырып, аттың жұмыс уақытын ойластыра реттестіріп, тынығып, түбегейлі азықтануына жағдай туғызады. Ауыз қуысында мұқият шайналып, сілекейленіп өңештен қарынға сүйір бұрыштанып енген жемшөп, осыанатомиялық ерекшелікке байланысты, кері кекірілмейді.Сондай-ақ, қарында пайда болған газдар да өңештен шығарылмайды. Осыған байланысты жылқының жемшөпке жоғары талғампаздығы қалыптасқан.


Лай су, сапасыз жемшөп ас қорыту барысын бұзып, жылқы өміріне қауіпті бірқатар ішектің түйнеу ауруларына (колики) шалдықтыратындықтан, жылқының, оның ішінде, әсіресе, жұмыс атқарып (мініліп) терлеген аттардың суару мен азықтандыру реті мен сапасына баса көңіл аударылады. Терлеген атты алдымен суытып, терін басқызып барып суарады. Уақытты ұтымды пайдалану үшін, алдымен ірі жемшөптің бір бөлігін беріп, терін бастырғаннан кейін суарып, шырынды азықты, артынан жем жегізеді де, қалған уақытта ірі жемшөптің қалған бөлігін салып қояды.
Жылқының азықтандырылуын атқаратын жұмысы немесе өніміне қарай ұйымдастырады. Жылқы тұқымдарының зат алмасуының едәуір ерекшелігі барында ескереді. Мысалы, салт мініс және желіс аттарының зат алмасуы жедел жүретін болса, аяң жүрісті ауыр салмақты тұқым аттарының зат алмасуы олардікінен едәуір баяу жүретіндіктен, 100 кг тірілей салмағына шаққандағы қоректік заттарға мұқтаждығы 8-10% төмен болады.
Жылқының зат алмасуына атқаратын жұмысы күшті ықпал етеді. Қара жұмыстағы жұмыс аттары мен жылдам қимылдайтын мініс және спорт аттарының энергетикалық мұқтаждығы алғашқы 3 сағатта желінген жемшөп көмірсуларымен толықтырылады. Сондықтан олардың азығында жеңіл қорытылатын көмірсуларының жеткілікті болуын қадағалайды. Олай болмаған жағдайда, алдымен денедегі гликоген мен майлардың, содан кейін протеиннің де энергетикалық мақсатта ыдырап жұмсалуы күшейіп, аттар тез арықтай бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет