ӨМІР М Е Н Ө Л Е Ң
(Қасымның өмірбаяны, ақындық сапары туралы)
Ж Е Т І М Д І К Т Е Н ҚҰТЫЛУ
Д а л а д а н асыр салып ойнап кіріп келген ж а с бала Қа-
сым тұнжыраған кескінді, кейбірі өксіп жылаған үй толы
адамдарды көріп аң-таң қалды. Ағасы Ақметжан бауыры-
на басып «жетім қалдық» қой деп егіліп жылай берді.
Жетім деген не? Неге жылайды бұлар? Төрде беті жайна-
мазбен жабулы қимылсыз сұлық ж а т қ а н әкесі неге тіл
қатпайды?.. Б ұ л а р д ы ң бірде-бірін ж а с бал а ұғынып жет-
педі. Әйтеуір, үй-іші, туған бауырлары жылап-еңірегендік-
тен жайсыз бір іс болғандығын аңғарса да, бірақ ол
ж ы л а ғ а н жоқ, айнала ж а л т а қ т а п қарап, әркімнің жүзінен
моншақтап домалаған ж а с қ а көзін қадап, томсарып отыра
берді. Осы бір аянышты шақтың бейнесін болашақ ақын
өмір бойы ұмытпаған. Ұлы Отан соғысы кезінде майданнан
ағасы Ақметжанды сағынып ж а з ғ а н бір хатында:
« Ж ы л а м а й қ а р а й бердім ынтамды сап,
Көзіме көріндіңіз әкеме ұсап»,—
деп әкесі Р а қ ы м ж а н н ы ң өлімін еске түсіреді.
Р а қ ы м ж а н өлгенде Қасым бес жаста еді. Әке өліміне
ілесе бұлардың аз ғана малы да жойылып бітті. Ер жеткен
ағалары Нығыметжан, Ақметжан күн көру мақсатымен
заводқа, қ а л а ғ а ж ұ м ы с қ а кетеді. Туған шешесі Айғанша-
ны төркін жұрты келіп алып кетіп, еріксіз бір байға қалың-
малға сатып жібереді. Әкеден өлі, шешеден тірі айрылған
Қ асы м өгей жеңге, жамағайындарыны ң қолында
қ ал а
береді.
- Детдомға келіп түскенше менің көрген қорлығым-
ның есебі жоқ, әке мен шешенің құшағында еркелеп өскен
баланың арманы не екен? Жетімдіктен қ а л а й құтылып,
адам болғанымды ж а з а бастасам, бір том кітапқа сыяр
е д і , - д е у ш і еді өз өмірі туралы әңгімелескенде,
214
Шешесі Айғанша (1888 жылы туған) Қасымның бала-
лық жетімдік шақтары туралы көп әңгімелерді еске түсіріп
айтады:
- Қасымның көп мінезі әкесіне тартқан еді. Ж а р ы қ -
тық (ері Р а қ ы м ж а н д ы айтады) ер мінез, шадыр, өз айтқа-
ны болмаса ешкімнің ырқына көнбейтін бір бет, бәсеке,
егесте намыскер адам еді. Намысқа тиер іс болса, ол мал-
жанды, қарабасын құрбан етуге дайын тұратын.
- Қасым туғаннан мазасыз болды, ж ы л а ғ а н д а бесікті
сықырлататын, қырқынан кейін ол бесіктен шықты, ерте
еңбектеді. Октябрьде туған бала келер жылы майда, жеті
ай шамасында жүріп кетті. Таңертең ерте үйіші ұйықтап
ж а т қ а н д а ол тұрып алып д а л а д а үй айналасында жападан-
ж а л ғ ы з ойнап жүретін, ж а л ғ ы з сиырдың қ а р а бұзауымен
ойнап, өзімен өзі болып ыңылдап өлең айтатын. Көп бала-
лардың тобына да қосылмай, оңаша жүруді ұнататын. Ба-
л а л а р д ы ң
ұ рыс-жанжалын а жоламайтын . Ауылымызда
ж а м а ғ а й ы н Ж а қ ы п б е к деген адам ж а қ с ы домбыра тарту-
шы еді, оны бәріміз де ынталанып тыңдайтынбыз. Өзім де
үлкендер ж о қ жерде аздап ән салатынмын, «Қыз Жібек»
сияқты ж ы р л а р д ы ж а т қ а айтатын едім. Ауылда шілдеха-
на, айт, той да өтіп жатады, алтыбақан, қой күзетінде ән-
өлеңдер көп айтылатыны белгілі ғой. Б ұ л а р д а н Қасымның
нені ұғып, нені қызыға тыңдағанын білмеймін, әйтеуір бә-
рін де естіп біліп жүрді ғой...
Ж а р ы қ т ы қ өлген соң, Қасымнан тірі айырылып, жы-
лап-еңіреп кете бардым. Менен айрылған Қасымның көр-
меген бейнеті жоқ. Мейлінше қатал, мені ғана емес, екі
баласы мен екі келінін де күнде таяқтайтын байым - Ос-
пан шал Қасымды ол үйдің маңайына жолатпады. Б а л а м -
ның халы ауыр деген бір сөз айтқаным үшін, әуелі маған
бала тауып бер деп текпілеп сабаушы еді. Арада бірер
жыл өткен соң, бір күні сиыр сауып отырғанымда сол тұр-
ған үйімнің ж а қ ы н бір адамы, киімі ж а л б а - ж ұ л б а , көзі
шаңырақтай үлкен, мойны ырғайдай қылқиған, көрден ті-
рілген аруақтай саудыраған құр сүйегі бар Қасымды сүйе-
мелдеп алып келді. Б а л а м д ы бас салып жылауға, есік ал-
дында тұрған байым — ж а у ы з шалдан қорықтым, сиырды
сауып болып, қараңғы түскен соң барып жылап-еңіреп Қа-
сымды т а м а қ қ а тойындырып, оңаша шошалада жасырын
ұстадым. Қ асы м қ атт ы ауырып жатты. Үсті-басы сірескен
қотыр екен, оны май жағы п емдедім. Екі ай дегенде Қ а -
сымды адам қатарына қостым. Бірақ, сырқатынан жазы-
лып, есі кіргесін қ а т а л шалдың үйінде жасырынып тұруды
215
Қ асы м өзіне ар көрді. Ағам а бара м деп кетіп қ алды . Содан
Қ асымд ы көп ж ы л д а р ғ а дейін көре алмадым .
Ағалары ж а қ с ы көргенімен өгей жеңгелері Қасымға
жылы шырай көрсетпеген болу керек. Ж о қ ш ы л ы қ , аштық,
ж а л а ң а ш т ы қ , жетімдік - барлығы Қасымды жастайынан
иықтап, титығына жетіп өсірген. Мұң мен шер де сол ж а с
кезінде көкірегіне байланған аурудың бірі сияқты. Тірші-
лік салты мешеу көшпелі ауылда 13 ж а с қ а дейін өмірі
өткен жетім ж а с Қасым қозы-қой бағып, шөп-отын, су да
тасып, ж ы л қ ы да қайырып, мал да күзетіп, тезек те теріп,
қысқасы, қолынан келген ж ұ мысты ң барлығын да істей
жүріп, сол ауылдан өзіне керекті сүйеніш те табады. Ауыл-
дың әсем ән-күйлері, өлең-жыры, аңыз-ертегілері, сырнай-
лы өзені аққан, самал желі ескен, көкорай шалғыны, көк-
қ ас қ а бетегесі құлпырған кең дала , ж а с Қ асымны ң басын-
дағы қайғыны жеңілдетер, үмітті өмірге қол былғап шақы-
рар арман нысанасының бірі сияқты болады.
Қасым 1911 жыл ы бұрынғы Семей губерниясы, Қ ар қ а -
ралы уезі, Темірші болысында (қазіргі Қарағанды облы-
сының Қ а р қ а р а л ы ауданы) Қызыл деген жерде туған.
Аманжол Қасымның ұлы атасы. Бұл жерде айналасы қо-
рық, тал, ши өсетін Қазанғап өзенінің т а р а м д а р ы ағады.
Оның аяғы Тоқырауын, Қусақ, Талды өзендерімен ж а л ғ а -
сады. «Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін» - деп Мәди
жырлайтын Талды өзені де Қазанғаппен жалғасып, Арқа-
ның Сибирь ж а қ ойпатына құлай ағады. Бұл алқап бірың-
ғай ж а з ы қ болмай, таулы, адырлы келеді. Зайсанның тұсы-
нан басталған Сауыр, Тарбағатай, Шыңғыс, Қ а р қ а р а л ы
таулары бірімен бірі жалғасып, Арқаның биік жоны болып
отырады. Қызыл, Берікқара, Б ы л қ ы л д а қ сол таулардың
сілемі сияқты шағын таулар. Міне, Қасымның елі сол Қы-
зылды қыстап, Қоянды жәрмеңкесінің үлкен жолына жа-
қын Күйген Бекет, Қ азанға п бойларын ж а з жайлайды .
Рас, Қасым Қазақстанның басқа да жерлерін кейін
аралады, Баянды, Көкшетауды, Алатау, Сыр, Ж а й ы қ бо-
йын да ж а қ с ы біледі. Алайда, қ а з а қ даласын сүйсіне жыр-
лаған уақытта жастайынан туып-өскен Қарқаралысының
суреттері Қасымның поэзиясында айрықша жарқын, сұлу
елестейді. Сырнай тартқандай тасып а қ қ а н өзен суы, сыл-
дыраған бұлақтың, шатырлаған найзағайдың, түнеріп төн-
ген қара бұлттың, бұрқыратқан дауыл мен құйынның,
кейде долы, кейде ж ұ м с а қ дала желінің, жұлдызды қара-
көк аспанның, құлпырған жердің құбылысы мен сырлары
бақташы, малшы Қасымның алғашқы ақындық сезімің оя-
тып, қанаттандырған сияқты. Кейін жазған «Мен табиғат
бөбегі» атты өлеңінде:
« Ж а р қ - ж ұ р қ етіп жүруді,
Н а ж а ғ а й д а н үйренгем.
Ш а д ы м а н шат боп күлуді,
Күн мен айдан үйренгем.
Тәкаппарлық, ерлікті,
Асқар т а у д а н үйренгем...
Мен бір ж а н м ы н ерікті
Ж а р ы с ы п желмен жүгірген.
Ашу-қайғы дегенді
Қ а р а б ұ лтта н үйрендім»,-
дегенді тегін айтпаған.
Қ асы м ауылда жүргенд е молдада н м ұ сылманш а тиіп-
қ ашы п оқиды. Өте қиын болса да зирек, алғыр ж а с тез
хат танып, өз бетімен қолына түскен бірлі-жарым кітап-
тарды оқи береді.
- Сол кезде оқығандарымның, қайсы бірін білем, әйте-
уір екі жетім бала туралы «Мұңлық - Зарлық» дастаны
есімде қалыпты,- деуші еді Қасым өзі.
Жиырмасыншы ж ы л д а р д ы ң басында Қасым ж а ң а д а н
ашылған бастауыш мектепте бірер жыл оқиды. Мұнда ре-
волюция жаңалығын, ж а ң а өлең жырды алғаш осы мектеп-
те оқып танысады. «Оян, қарғыс таңба басылған» - деп
басталатын «Интернационалды» осы мектептен алғаш үй-
реніп жаттайды. Бірақ ауыл жеріндегі Қасымның оқуы
жүйелі болмайды, себебі мектеп оқуына Қасым күн сайын
мезгілімен барып қатынаса алмайды, екіншіден, мектептің
мұғалімдері де Қасымның аз-ақ алдындағы білімі саяз
адамдар болады. Олардың бар білгені қымызы орта шағын
ыдыс сияқты. Қасым бір қағып жұтып, түбіне қ а р а п оты-
рып қалғандай еді. Ол оқудың тәтті дәмін татқанмен,
бірақ сіміріп ж ұ т а р л ы қ дариядай молына кездеспейді, оқу-
дың молы қ а л а д а екенін сезеді, бірақ оған қалай жетпек?
Б а р арманы қ а л а ғ а барып оқу...
Осындай халде жүргенінде 1923 жылы ағасы Ақметжан
келіп Қасымды Семейге әкеліп, қ а л а д а ғ ы бастауыш мек-
тепке түсіреді. Қаланың тіршілігі, мектеп өмірі — барлығы
Қ асымғ а ж а ң а бір қ ызы қ дүние болып көрінеді. Ол көп
оқиды. Көп үйренеді, ойы да, білімі де тез өседі. Қасым-
ның алғырлығы сондай, алғашқы бір жылда екі класты
бірден бітіріп шығады.
Ақметжанның үйінде Семей қаласында ақын-әнші ар-
тистер, сауыққой, өнерпаз жігіттер, жазушы-журналистер
217
көбірек жиналып отырған. Әсіресе Әміре, Иса, Майра
секілді белгілі ақын-әншілер де, Мұқамбетқали Дауылба-
ев сияқты ж а с талапты скрипкеде ойнағыш күйші-өнерпаз-
дар да мезгіл-мезгіл Ақметжандікіне келіп, ән салып, күй
тартып сауық құрады. Мұқтар Әуезов, Сәбит Дөнентаев та
бұл үйдің жиі келіп кететін мәжілісқор қонағы болады.
Міне, мұның барлығы ж а с Қасымға қызығы таусылмас,
қызуы басылма с аса бір сүйікті өнер, білім дүниесі, екінші
бір мектеп еді. Осы ақын-әнші ж а з у ш ы л а р дүниесінен де
ақын үлгі, өнегені мол қармады. Домбыраны ғана емес,
скрипка тартуды да үйренді. Әсіресе әдебиетке құмарлық
талант та осы бір ортада тұтанып, оянады.
Қ а л а д а ғ ы театр, кино, ойын-сауық орындары да, мек-
теп, кітапхана арқылы алған білімі де Қасымның көркем-
өнерге, поэзияға деген құмарлығын арттыра береді. Енді
ол мектептегі, қ а л а д а ғ ы жастардың ынта-жігермен қойы-
латын сауық-кештерінің, спектакльдердің бірталайына
белсене қатынасады. Ойын-сауыққа алғаш араласқан кез-
дегі жолдасының бірі Шәкен Айманов.
— Семейдегі кезімде бірталай өлең ж а з ғ а н едім. Кей-
бірі қабырға газетіне де басылып жүрді. « Қ а з а қ тілі» газе-
тінің басқармасында Сәбит Дөнентаевқа апарып көрсеткен
бірлі-жарым өлеңдерімді ол кісі тіл жағынан ұнатпады.
Қайтып баспаға ұсынғаным жо қ . Семейде жүріп жазға н
өлеңдерім бір дәптер болатын, оның көбі ж а с т ы қ шақты,
жолдас, достар арасындағы әзіл-қалжыңды, комсомолдар-
дың үгіт-ұрандарын айтатын өлеңдер болатын. Кейін ол
Семей дәптеріндегі өлеңдерім жоғалды. Ж а с т ы қ шақты
еске түсіру үшін демесең, ол дәптердегі өлеңдерімнің жо-
ғалғанына «қымбат қазынам еді»— деп өкінбеймін де,—
дейтін ақын өзі. Сөйтіп, Қасымның 1930 ж ы л д а р ғ а дейін
жазған өлеңдерінен өзінің үйдегі қ о л ж а з б а архивтерінде
ешқандай дерек сақталмаған.
Қасым Семейде жүрген уа қ ытынд а ағасының үйінде
онша көп тұрақтамайды. Ағасы Ақметжан үйде бар кезін-
де, үйге ақын-әншілер келген кезде Қасым үнемі болады
да, ағасы ж о қ кезінде бұл үйге көп жоламайды. Себебі
Қ асымд ы туған шешесіндей жыл ы қ аба қ пе н қарсы алып,
туыстық мейір көрсететін ешкім болмайды. Осындай өгей-
лікті сезген Қасым 1924—1926 жылдары Семей қаласын-
дагы б а л а л а р үйіне түсіп оқып, тәрбиеленеді. Одан кейін
мал дәрігерлік техникумына түсіп оқиды. Осы оқуларының
арқасында Қасым аз жылдың ішінде орта дәрежелі мол
біліммен қаруланады. Орыс тілін жақсы біліп шығып, сол
218
кездегі қ а з а қ әдебиетінін үлгілерін қызыға оқумен қатар,
орыс жазушыларының шығармаларын да еркін түсініп
оқуына мүмкіндік алады.
Қ асы м детдомға түсіп, одан кейін техникумде оқуы ар-
қылы жетімдіктен қ ұ тылады . Әкесі де, ж а н а ш ы р мейірімді
апасы да — совет мектебі болғандығын ақын кейін ж а з ғ а н
көптеген өлеңдерінде зор қуанышпен есіне түсіріп айтады.
1948 жылы жазған бір өлеңінде Қасым өз өмірінің ал-
ғашқы дәуірі туралы былай дейді:
«Өмірге ендім еңбектеп,
Ш а л қ а л а п әкем шықты үйден.
Ж е т і м д і к т а ғ д ы р жетті ептеп
Қ абағы н ж а б а түксиген.
Өмірден үміт ж о қ өзге,
Д а л а н ы ң тердім тезегін
Әкем боп т а п т ы ң сол кезде,
Советтік менің өз елім!
Галстук к ы з ы л мойнымда,
Мектепке к а р а й жүгірдім.
Қ о л ы м д ы т ұ ңғы ш қ ойды м д а
Бетін бір аштым білімнің.
С а п қ а да тұрдым, ту алдым,
Келді деп менің кезегім.
Әкемдей сонда қуандың,
Советтік менің өз е л і м ! »
Ақын өзі айтқандай ол мектепте әуелі пионер қатарын-
да, онан кейін комсомол қатарында болып, совет жастары-
на тән коммунистік рухта тәрбиеленіп, қ а ж ы р л ы күрес,
жігерлі істің школасынан да өтеді. Бұл, Қасым сияқты
бұрын панасыз болып, совет мектебі арқылы қатарға қо-
сылған жастардың бәрінің басынан кешкен негізгі өмір
жолы еді. Бұл школа сонымен бірге болашақ ақынның
қоғам өміріндегі орнын да, а қ ынды қ жолдағ ы өрісін де
анықтап берді. Қасымның 1930 жылдардың бас кездерінде
жазған өлеңдерінен де осы ерекшелік айқын байқалып
отырады.
А Л Ғ А Ш Қ Ы А Қ Ы Н Д Ы Қ Ө Р І С Т Е Р І
1930 жылдардың басында Қасым оқу іздеп Алматы қа-
ласына келеді. Бірақ қолайлы оқуға түсе алмайды. Рес-
публикалық «Лениншіл жас» газетіне қызметке түседі.
Кейін «Қызыл әскер» газетіне қызметке ауысады. Бір жа-
ғынан өз бетімен оқи жүріп, Қасым аз уақыттың ішінде
газет қызметіне төселіп алады. Шағын м а қ а л а л а р , очерк-
219
тер жазуға машықтанады. Сонымен қ а т а р осы кезде жаз-
ған бірқатар өлең дері «Лениншіл жас», «Қызыл әскер»,
«Пионер» газеттерінде жарияланады. Бұл өлеңдері совег
жастарының социализм ісіне жан-тәнімен берілген ой-сезі-
мін, ізгі талап-тілегін, күрестерін дұрыс қамтып жырлаған
идеясы айқын шығармалар болғанымен, көркемдік жағы-
нан әлсіз еді. Отызыншы жылдардың бас кезінде жалпы
басылып жүрген «есеп», «рапорт» өлеңдерінің үлгісіндегі
нәрселер еді. Сондықтан да ондай өлеңдерін Қасым өзі тірі
кезінде ешбір жинағына енгізбеген және 1955 жылғы басы-
лып шыққан бірінші томына да толық кіргізгеніміз жоқ.
Осыған қарап Қасымның «Семей дәптеріндегі» өлеңдері де
қ анда й дәрежед е екендігі турал ы тиісті қорытынды жасау -
ға болар еді.
Әрине, ешбір адам «шу» дегеннен үлкен ақын болын
шыға қоймайды. Ұзақ ж ы л д а р оқу, үйрену, қ а ж ы р л ы
еңбек істеу жолында өсіп жетіледі. Міне, Қасым да оты-
зыншы жылдардың алғашқы жартысында ақындығының
жастық, шәкірттік дәуірін басынан кешеді. Бұл оның, әсі-
ресе, Орал қаласындағы творчестволық өмірінде айқын
байқалады. 1931 жылы Қасым Ленинград қаласындағы
Орман шаруашылығы институтына барып түседі. Бір жыл-
дай онда оқып, денсаулығы ж а р а м а ғ а н д ы қ т а н оқуды тас-
тап, Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласы-
на келіп, сондағы «Екпінді құрылыс» газетінде қызмет
істейді. Бір жылдан кейін (1933 жылы) міндетті әскер қыз-
метіне алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.
1935—1936 жылдары Оралдағы ж а ң а ұйымдасқан қа-
з а қ театрында артист болып қызмет істейді. Міне, осы
Оралда болған кезінде Қасымның ақындық, әншілік, ар-
тистік таланты ж ұ р т ш ы л ы қ қ а танылады.
Қ асымны ң Оралдағ ы өмірі туралы сол кездегі жа қ ы н
жолдасының бірі ақын Тілеков Жәрдем былай дейді:
— Қасымның Оралға келуі жастардың ортасында үл-
кен бір уақиға болды. Өзі ақын, музыкалық аспаптардың
барлығында ойнайтын, әрі әнші, күйші өнерпаз, оның жүр-
ген, отырған жері ылғи думан, ойын-сауық еді. Қасымның
осындай өнері, ақындығы, ақкөңіл, а қ ж а р қ ы н мінезі әр-
дайым жастарды өз айналасына үйрілтіп алатын. Ойын-
сауыққа, өлең-жырға үйір болатын ж а с т а р Қасымның
сөзін, атын естіп онымен мәжілістес, жолдас болуға ұмты-
латын. Мен жақын досының бірі едім. Мен де өлең ж а з а -
мын. Оралдағы Қ а ж ы м Ж ұ м а л и е в те, Тастайбеков Қуан
да, Батыр Қыдырниязов та тағы бірқатар жігіттер өлең
220
жазатын. Б і р а қ Қасым бәрімізден де өлеңді бұрқыратып
мол жазып тастайтын. Ол кезде кімнен кімнің өлеңі артық
екенін айырып баға бергеніміз жоқ. Әйтеуір басымыз қо-
сылғанда Қасым әрқайсымызды сынайтын. Қасымның біз-
ден артық бір жері — өзінің ж а з ғ а н өлеңдерін көбіне жат-
қа білетін де домбыраме н де, скрипкамен де, гармонымен
де қосылып айта беретін. Сонда оның өлеңдері ерекше
көркемдік қуат алатын.
Қ асы м газет-журналистік ж ұ мыс қ а да тез төселіп, өзіне
жүктелген міндетті жылдам, тиянақты орындайтын. Ол
«Екпінді құрылыс» басқармасында негізгі аудармашы бол-
ды, м а қ а л а л а р д ы , ресми материалдарды орысшадан ма-
шинкаға ауызша айтып (диктовать етіп) аударады. Орал-
да жүргенде Қасымның жолдастары, достары көп болды.
Ж о л д а с т а р ы арасында Қасым еркін сөйлеп, олардың ісін-
де байқалған кемшіліктерді жолдасым екен деп мәймөңке-
лемей қатты сынға алып отыратын. Мәселен, алпамсадай
дәу жігіт Батыр Қыдырниязовтың жазған өлеңдері Қасым-
ға ешбір ұнаған емес. Жиналыста, бас қосылған жерде
Қасым Батырды ң наша р өлеңдерін а ж у а л а п сынайтын да,
сонымен бірге «өзің ж а қ с ы жігітсің» деп құшақтасып, дос-
тасып ж ү р е беретін. Осындай турашыл, а қ ж а р қ ы н мінезін
білетін жолдастары Қасымды жек көрмей, онымен үнемі
жақын достасып, бір туған бауырдай болып кететін.
1933 жылы 22 жасында Қасым міндетті әскер қызметі-
не алынды. Екеуміз де Оралдың атты полкінде екі жылдай
болдық. Ол кезде Қасым тым нәзік еді, салт атпен үздіксіз
жүретін жорықтарға — «ойындарға» ж а р а м а ғ а н д ы қ т а н ,
Қ асы м көбінесе штабта хатшылы қ (писарьлік) қызметінде
отырып, өлең жазуына, өз бетімен оқуына оның мүмкіндігі
мол болды.
1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Орал-
дың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқару-
шысы болды. Одан бұрын Орал жастарының күшімен
клубта, пединститутта Қасым басқарып концерттер, сауық
кештерін өткізетін. Енді труппаға Қасым қ а л а д а ғ ы көр-
кемөнерге бейімдігі бар жастарды жинап алып, ж а қ с ы л а п
ойын қоя бастады. Қасымның театрдағы ұйымдастыру жұ-
мыстарына облыстық кәсіпшілер одағы мен комсомол ко-
митеті көмек көрсетіп отырады. Қадыр Қамзин, Шәкір
Оразғалиев, Әмина Оразғалиева труппаның (кейін театр-
дың) негізгі артистік күштері еді. Музыкалық мектептер-
дің мұғалімдерінің қатынасуымен труппа жанында оркестр
да құрылды. Алғашқы қойылған спектакльдің бірі «Бүлін-
221
шілікте» Қасым өзі Фурманов рөлінде ойнады. Ол концерт-
терде көбінесе ойнап, жеке нөмерлер де орындаушы еді,
кейде хорға да қосылатын. Скрипкамен қ а з а қ ән-күйлерін
ғана емес, орыс, татар әндерін де ойнайтын. Қасымның
жолдасы Оразғалиев те даусы күшті әнші, әрі скрипканы
жақсы тартатын артист еді.
Оралдағы театр труппасы тез өсіп, аз уақыт ішінде
театр болып құрылуына Қасымның еңбегі зор болады.
Труппаның қойған спектакльдері мен концерттеріне қ а з а қ
қ ан а емес, орыс, татарла р да көптеп келеді. Сондықтан да
Қ асы м өзінің скрипка ойнаудағы өнерін музыкалы қ мек-
тептердегі оқытушылардың көмегімен үнемі жетілдіріп,
орындайтын репертуарларын молықтырып отырады. Орал-
дың мол күйлерін де осы кезде терең ұғынып меңгереді.
Әнші, артистер ортасының думанды қызық, сүйікті твор-
честволық өмірімен бірге бірін-бірі күндеу, табына жақсы
көру, қайтып көрместей жек көру, қызғаныш, айырылысу
сияқты жайсыз ж а қ т а р ы да болады. Қасым, міне, осы ор-
таның әр түрлі әсер ықпалынан сырт қ а л а алмайды. Бір-
де ол серпіні күшті жалынды ақын, жұрттың сүйікті
өнерпаз артисі, ерке серісі болып көрінсе, бірде кейбір
аусар жолдастарының жетегіне ергіш, д а р а ш ы л д ы қ сезім-
ге бой ұрады. Марпуғамен арасындағы махаббат драмасы
осындай жағдайда аяғы айырылысумен бітеді.
«Қасыммен 1934 жылы таныстым,- дейді Марпуға
Кенжеғалиева,— Оразғалиев Шәкірдің әйелі және Нұғы-
манов Қуанғалидің әйелі - екеуі де маған туыс адамдар
еді. Шәкір де, Қуанғали да шебер скрипкашы, музыкант
адамдар болатын. Екеуі де Қасымның достары. Екі жез-
демнің үйінде Қасым жиі кездесіп жүріп, сол кезде раб-
факта окитын мені, театр жұмысына араластырғысы келді.
Мен театрға араласпасам да, Қасым екеуміздің арамыз
алыстамады. Ақын, әнші, артист, сауыққой, ерке Қасымды
Орал жастарының бәрі де мақтайтын. Сұлу қыз, келіншек-
тердің талайы Қасымға сырттай ынтық болып, онымен
жақын танысуға тырысатын. «Жігітті жұрт мақтаған, қыз
жақтаған» деп Абай айтқандай, мен Қасымның ақындық
Өнерпаз таланты алдында, әсіресе ақкөңіл, адал адамгер-
шілігі алдында шыдап тұра алмадым және маған арнап
жазған көптеген өлеңдерінің сиқырлы күші еріксіз мені
өзіне тартып отыратын. Бір-бірімізді адал көңілмен сүйіп
едік.
Ол кезде жаспын, ерке едім. Іштей ұнатып отырсам да
ақкөңіл Қасымды әр түрлі күйге салуды қызық көріп (кей-
222
де сынау үшін де) әдейі ашуланушы едім. Ш а қ ы р ғ а н жері-
не бармай бұлданып, жоқтан өзгені сылтау етіп ол кел-
генде кейде басымды көтермей жатып алатынмын немесе
өзіміздің үйден басқа үйге кетіп қалатынмын. Міне осын-
дай халдерде ж а с баладай алдымда зыр жүгіріп кейде жы-
Достарыңызбен бөлісу: |