Өмір м е н ө л е ң (Қасымның өмірбаяны, ақындық сапары туралы)



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата19.01.2017
өлшемі447,52 Kb.
#2188
1   2   3

лап, кейде мұңайып барлық тыныштықтан айырылатын. 

Сол мезгілдегі өзінің тынышсыз халін, маған деген ықы-

ласын тамаша бір жақсы өлеңдерімен жазып тастайтын. 

Қ асымны ң осындай жайларды , яғни өзінің айнымас достық 

махаббатын білдіріп  ж а з ғ а н өлеңдері көп еді. Барлығы да 

соғыс кезінде, үйіміз өртенгенде бірге жоғалып кетті. Оның 

бірінші томына кірген өлеңдері оннан бірі ғана. 1935 жыл-

дың ақыры мен 1936 жылдың басында арамыз алыстады. 

Оның артистер ортасында, әсіресе екі жездемнің үйінде 

өткізетін кейбір ерсі мінездерін  ұнатпай,  Қасымнан өзімді 

аулақтай бастадым. Ол жиналысқа түсіп  қатты сыналған 

кездерде де  қасында бірге бола алмадым. Талай жалынып 

келгенде, үйге кіре алмай кетіп жүрді. 

«Қыраулы терезе», «Кіре алмай  қайттым үйіме» деген 

өлеңдерін осы  қыс айларында жазған еді. «Кім кінәлі» 

өлеңін 1936 жылы май айында, Оралдан дәл кетер кезінде 

келіп жазып тастап кеткен болатын. 

Рас,  Қасымның маған өкпелейтін жөні де бар. Тым 

қ ата л болғаныма кейін өзім  қатты өкіндім де. Соғыстан 

кейін Алматыда көргенімде  Қасым - өмірімнің көктемін 

танымадым-ау!- деп өткенге наз айтқандай болды...» 

Қ асы м да, Марпуғ а да кейіннен аға,  қ арында с сияқты 

бір-бірін  қатты сыйласып кетеді. Оралда айырылысып, Ал-

матыда  қайта көріскенде  Қасым: 

«Сенін гүлдей дидарыңнан, 

Б а қ ы т нұрын көруші ем, 

М а х а б б а т т ы  ж а с  ж а н ы м н а н 

Ж ы р л а р  ж а з ы п беруші ем!» — 

деп сол махаббат ақындығына  қанат бітіргендігін жасыр-

майды. Бірақ  Қасымның Орал дәптеріндегі махаббат ли-

рикалары кейде мазмұны, көркемдік шеберліктері жағынан 

біркелкі емес. Ақын бірде айнымас адал достықты, жастық 

сезімді шебер суреттеуге адым жасаса, бірде тұрпайы 

ж а л а ң айтып кетеді. «Сұлудың сымбатты», «Қарай-қарай 

көзімнің нұры біткен», «Сүйдім дедің» сияқты біркелкі 

өлеңдері осындай жалаңдықпен жазылған. 

Махаббат, ер мен әйел арасының  қарым-қатынасы, 

адам баласы  ж а р а л ғ а л ы дүние жүзі әдебиетінің негізгі бір 

223 


тақырыбы болып келе  ж а т қ а н ы белгІлі. Сондықтан адам-

дардын табиғи сезімдеріне арналған  Қасымның махаббат 

лирикалары кейбір жалаңдығы байқалмай  қызық көрінуі 

мүмкін. Үлкен ойшыл ақын Сұлтанмахмұт  ж а л а ң а ш сұлу-

дың су басында отырғанын  қызыға жырлаймын деп «Ақ-

сәуле» лирикасының этикалық, эстетикалық мәнін әлсіре-

тіп алған. Міне, осындай кейбір әлсіздіктері  Қасымның 

махаббат лирикаларынан да байқалып отырады. 

Алайда,  Қасымның алғашқы дәуірдегі шығармаларын-

да махаббат лирикасы басты тақырып емес (бұл мотивтың 

болуы заңды  д а ) , социалистік дәуірдің шындығын жырлау 

негізгі идеялық-творчестволық мотив болып отырады. 

Оралда болғанында да, онан кейін 1936 жылдан бергі 

Алматыға келген кездерінде де  Қасым өлеңді көп жазады. 

Оралдың «Екпінді  құрылыс», Семейдің «Екпінді» газетте-

ріне және Алматыдағы «Социалистік  Қазақстан», «Ленин-

шіл жас»,  « Қ а з а қ әдебиеті» газеттері мен журналдарда 

оның өлеңдері көптеп басылады. Ақындық өнері әлі  қалып-

таспаған жастығы, ауыз әдебиеті дәстүрінен шыға алма-

ған әлсіздігі байқалып тұрса да  Қасым бірден совет дәуірі-

нің ең маңызды саяси,  қоғамдық мәселелерін мол  қамтып 

жырлайды. Совет жастарының оқу, білім алу, еңбек,  құры-

лыс майданындағы ерлігі, талап-тілегі, махаббаты осы 

тұстағы ақын поэзиясының мазмұны болады. Совет Отаны-

ның күннен-күнге нығайған айбынды  қуаты,  Қызыл Армия-

ның жауынгерлік дәстүрі, батыр  ұшқыштардың,  қ а ж ы р л ы 

альпинистердің үздік ерліктері ақынның  қызыға жырлаған 

бейнелері. «Ұшқыш болғым келеді» деген лирикасында 

былай дейді: 

Мөлдір тұнық көк аспан, 

Сол аспанға  ж а р а с қ а н 

Самолеттей сұнқармен, 

Ұшқан кұспен талас қ ан , 

Ұшқыш болғым келеді! 

Көңіл — дария, ойы — аспан, 

Асқар шыңнан бойы асқан, 

Ай, күнімен аспанның 

Әзілдескен, сырласқан, 

Ұшқыш болғым келеді! 

Таңда туып, түлеген, 

Тас түлектей көреген, 

Көк койнында тояттап, 

Шың басында түнеген, 

Ұшқыш болғым келеді! 



(I том, 50-бет.) 

224 


Совет жасының ізгі арманын сыршыл ойға толы, шебер 

кестелі, сұлу сөз өрнектерімен, сыршыл оймен жеткізіп 

айтады. Егер «Ерлік  қандай, ер  қандай», «Тракторшы Те-

мірбек», «Назипа»,  « Ж а ң а батыр» сияқты өлеңдерінде ре-

волюңиялық дамудың, социалистік  құрылыстың жеңімпаз-

дық сипатын алғаш бастап жырлайтын болса, осы «Ұшқыш 

болғым келеді», «Болат сұңқар», «Отан күзетінде», «Хан 

тәңірі», «Жайық», «Көктем», «Күндей шалқып күлгенің», 

«Алма бағында», «Колхоз  қызына» сияқты өлең лирикала-

рында совет адамдарының ерлігін  ж ы р л а у мотивін терең-

дете түседі. «Хан тәңірі» совет жастарының жеңімпазды-

ғын, совет адамдары жеңіп алмайтын ешбір  қ а м а л жоқты-

ғын суреттеген романтикалы толғау. 

Ақын бірде: 

«Хан тәңірі —  ж а т ы р еді  ұйықтап, 

Айды жастап, көк көрпесін тұйықтап, 

Хабаршысы сұлу сағым сылаңдап, 

Жетіп келді, тым асығыс бұлаңдап. 

Ж а й л а п  ж ы л й ш п , жүрді сағым  ж а ғ а л а п 

Хан тәңірінің  қойны-коншын аралап, 

Кенеттен, бұлт бір  ұлып, бір абалап, 

Төкті жасын -  құйды нөсер сабалап!» 

деп адам алдына бас имеген тәкаппар таудың тұлғасын 

елестетсе; бірде: 

Аққан алып, таңғаларлық бір мықты, 

Ж е р мен көктің барлық сырын  ұғыпты. 

Қ а р а жерд і бауырдайы н тіліпті, 

Мұзды,  құзды насыбайдай үгіпті. 

Ж е р д і жеңіп, көкке  ұшып шығыпты, 

Түбіттей  қып түткілетті бұлытты, 

Көрпедей-ақ көкжиегін түріпті, 

Күле  қарап, күннің сырын біліпті,— 



(I том, 129-130-беттер). 

деп хан тәңірге шабуыл жасап, табиғаттың долы күштерін 

өзіне бағындырып  ж а т қ а н совет адамдарының алып  қай-

ратты тұлғасын елестетеді. Ақын шекара күзетіндегі  қыра-

ғы совет солдатының ерлігін де, империалистік фашистік 

басқыншыларға  қарсы азаттық үшін күрескен  Қытай, Ис-

пан еңбекшілерінің ерліктерін де ардақтап жырлайды. 

Қолында  қ а н ж а р ы мен гитары бар отанын  қ орғауш ы әнші, 

әрі батыр испанканы сүйетінін айтады. 

Қ асымны ң советтік патриотизм та қ ырыбын а арналға н 

бірқатар өлеңдері 1938 жылы «Өмір сыры» атты жинағын-

15—470 


225 

да жарияланды. Осы жинағымен ақын алғашқы дәуірдегі 

творчествосына  қорытынды жасады.  Қасым Алматыдағы 

ж а с таланттардың ортасында  ж а р қ етіп, әдебиет жұртшы-

лығына өзін таныстырады. Дихан Әбілев, Саин  Ж ұ м а ғ а л и , 

Қ апа н Сатыбалдин , Әбу Сәрсенбаев,  Қ а л и ж а н Бекхожин 

және басқа біркелкі  ж а с ақындардың  қатарына  Қасым да 

келіп  қосылып, сол кездегі әдебиет сындарында ауызға 

алына бастаған. Бұл алғашқы ақындық жолдағы елеулі 

адым еді. 

ОҚУ,  І З Д Е Н У  Ж О Л Ы Н Д А 

Ақынның творчестволық өсу жолы өте  қиын. Ақын көп 

оқып, білім  қорын жинау арқасында,  қажырлы, үздіксіз 

еңбек істеу арқасында және әдебиет жұртшылығының әділ 

сыны арқасында әсіп есейеді. 

Қ асы м Семейде, Оралд а 

болған шақтарында үнемі өз бетімен оқиды. Осы тұстағы 

қ а з а қ т ы ң белгілі а қ ын-жазушыларыме н  қ атар , орыстың 

және дүниежүзілік классиктерінің шығармаларын да оқып 

отырған. 1936—1937  ж ы л д а р ы  Қасым Пушкин туралы бел-

гілі «Ақын ескерткіші», «Ақын» деген өлеңдерін жазған. 

«Өмір сыры» жинағында Байронның «Чайльд Гарольд» 

поэмасынан үзінді және бір романс аудармасы, Некрасов-

тан екі өлеңнің аудармалары басылған. Бірақ «Өмір сыры» 

жинағы тұтас алғанда және сол кезде басылып жүрген 

өлеңдеріне  қ а р а ғ а н д а  Қасым поэзиясында әлі толғау жыр-

дың үлгісі басым еді. «Өмір сыры», «Октябрь», «Тұрмыс 

толғауы» сияқты шұбыртпалы жырлар, сол тұстағы  қ а з а қ 

ақындарының көбіне ортақ дәстүр болатын. Ол кезде осы 

толғау үлгісі  қ а з а қ совет поэзиясының келешек даму жо-

лына олқы соғатындығын әдебиет сыны түсіндіріп айтқан 

емес,  қайта ол үлгілерді мазмұнына  қарап айрықша мақ-

тап жазып жүрді. Ал, орыстың немесе батыстың классик 

ақындарын аударып, солардың үлгісінде  ж а з ы л ғ а н Әбділ-

даның сюжетті лирикалары сынға алынып отырды. Ал, 

Маяковскийдің дәстүріндегі Сәбит лирикаларын да басқа 

ақындар  қабылдай  қоймады. Сондықтан  Қасымның ал-

ғашқы жинағына байланысты ақындық өсу жолы әлі тап 

басып,  қалыптанбаған еді. Әсіресе,  Қасым ақындық твор-

честволық сын көрмей келген-ді! «Өмір сыры» әрі мақтал-

ды да, әрі сынға да  ұшырады. Бірақ, үлкен  қорытынды 

ж а с а л ғ а н жоқ. 

Мен  Қасымды 1937  ж ы л д а р д а н жақын біле бастадым. 

226 


Ең алғаш «Лениншіл жас» газетінің басқармасында маған 

Ж ұ м а ғ а л и Саин:— Бұл сері ақын,— деп таныстырды. Тал-

дырмаш, ашаң келген кішкене  Қасым жымиып тұрды да, 

байқап көріңдерші деп ешбір  қағазға  қарамастан  ж а т қ а 

бір-екі лирикалы өлеңін айтып берді. Соның бірі әлі күнге 

есімде —«Көктем» деген суретті лирикасы. 

«Ақырын  ж ы л ж ы п кана көктем келді, 

Сықылды  ж а с жігіттің сәулетайы» — 

деген көкейге  қонымды ақын сөзі  Қасымның ақындығын 

бірден танытқандай еді. 

Ақынның таланты алдымен сезімді селт еткізетін айқын 

суретшілігінен танылады. Ақын да, художник те осы тұр-

ғыдан сөзбен, бірі бояумен жанды сурет сала білуге тиісті. 

Маған  Қасым бірден осындай бояуы ашық суретшілігімен 

айрықша  ұнады. Біздің достығымыздың басы осыдан бас-

талып кетті. Әрі ақын, әнші, күйші сауыққой  Қасымның 

достары, жолдастары мол еді, ол кездегі  ж а қ ы н жолдаста-

рынан  Ж ұ м а ғ а л и Саин, Дихан Әбілев,  Қ а л и ж а н Бекхожин, 

Абдолла Жұмағалиев, Төлеутай Ақшолақов,  Қапан Саты-

балдин және басқалары біздің үйге жиі келетін еді.  Қасым 

кейде не домбырасын, не скрипкасын бірге ала келетін. 

Әрине, бас  қосқан жерде әдебиет мәселесі, әсіресе поэзия 

жайы көбірек сөз болады ғой, кімнің өлеңі, кімнің поэмасы 

жақсы,  ж а м а н деген пікірлер ортаға түседі. Оның үстіне 

басы  қосылған ақындар өздерінің соңғы жазған, әлі жа-

рияланбаған өлеңдерін  қ а ғ а з ғ а жазуынан оқыса,  Қасым, 

көбінесе  ж а т қ а айтушы еді.  Ж а т қ а айтқандықтан ба, неме-

се  Қасым өлеңдерінің ерекше бір көркемдік күштері бар 

ма, әйтеуір оның өлеңі басқалардан көбірек  ұнап, көбірек 

мақтау алатын.  Қасымды «Тәңірдей!» табынып, алдына 

ұ стазында й иіліп ерекше бір тағзым етіп ма қ та у сөзді Аб-

долла көбірек айтатын және басқа біздің сындарымыздан 

Қ асымд ы  қорғаумен болатын. Ал, біз бір өлең, не бір а қ ы н 

туралы  қызу айтысқа кірісіп кеткенде  Қасым онша көп 

араласпай, скрипкасын тартып өзінше бір іштей жан раха-

тына батқандай жымиып  қана отыратын. 

Ол белгілі халық әндерінен де, «Айман — Шолпан», 

«Қыз Жібек» арияларынан да, Абай әндерінен де көп 

айтып орындайтын. Солардың ішінде Мәдидің, Естайдың 

әндерін өзгеше ықыласпен  қайта-қайта айтушы еді. Әнін 

сырттай сүйіп айтқан Естайдың өзін 1939 жылы Алматыда 

көргенде,  Қасымның  қуанышында шек болмады. Ең бір 

қ имаста й жа қ ын ы жоғалы п табылғанда й шаттанды. Ес-

15



227 

тандың өзінен толық әңгімесін естіген соң, «Қорлан» уақи-

ғасын  д р а м а л ы қ поэма етіп  ж а з б а қ болды. Поэманың 

жоспарын, алғашқы бір тарауын біздің сынымызға салып, 

талқылап та алды. Өлеңі, не бір поэмасы жайында дәлел-

ді, орынды сынға  Қасым онша көп таласпайтын. «Ә, ә, ә? 

Таптың, таптың!  Қарашы, мына  қудың дәл үстінен түске-

нін»,— деп  қиынның кілті ашылғандай  қуанатын да, сол 

бір өзіне  ұнаған ойды, немесе уақиға түйінін, бір ауыз сөз-

бен  қағазына түртіп  қоятын. 

1938 жылы май айында  Ж а м б ы л д ы ң ақындық  қызметі-

не 75 жыл толу мерекесі өтті. Осы мереке кезінде  Қасым 

Ж а м б ы л туралы  м а қ а л а да жазды, өлең де жазды және 

« Ж а м б ы л тойында» атты белгілі поэмасын бірер күнде-ақ 

жазып шықты.  Қазақстанның белгілі ақын-жазушылары, 

мәдениет, искусство  қайраткерлері және туысқан респуб-

ликалардан келген  қонақ  ж а з у ш ы л а р — барлығы  Ж а м -

былдың тұрған колхозына жиналып, екі күндей үлкен той 

өтті. Міне, сол тойға барған күндері  Қасым поэмасын  қол-

ма-қол жазып шығып бізге оқып берді. Поэма әзіл-сыны 

аралас, формасы жөнінен ақын-жазушыларға айырықша 

ұнады. Біра қ бұл шығарм а поэмадан гөрі оның фрагменті 

сияқты еді. Сондықтан да әдебиет сыны бұл жөнінде үзіл-

ді-кесілді сын айтқан жоқ.  Ж а қ ы н жолдас ортасында айт-

қан сындарымызды естігенде  Қ асым : «Оны сендерден өзім 

жақсы білемін»,— деп жай сабырмен  ж а у а п беретін. Сол 

себепті бұл шығармасын  Қасым ез тірісінде ешбір жина-

ғына енгізген емес. 

Алматыға келгесін  Қасым 1936—1941  ж ы л д а р арасын-

да «Социалистік  Қазақстан», «Лениншіл жас» басқарма-

ларында,  Ж а з у ш ы л а р Одағында  қызмет істеді. Бұл кол-

лективтерде  қызмет істеп жүріп, ол творчестволық жағынан 

да,  ж а л п ы әдеби теориялық білімін арттыру жағынан да 

тез өсті. Ол өлеңмен  қ а т а р әр түрлі тақырыпқа мақала, 

очерк, фельетон жазды. Бүгінгі әдебиетке де, өз творчест-

восына да талап-талғамы арта түсті. 

1938 жылы  ж а з ғ а н бір мақаласында  ж а с ақындардың 

аз оқитындығын, өлеңді нашар жазатынын сынай келіп: 

«Өлеңдердің бірқатарының сапасы өте нашар болуы, бір-

біріне өте  ұқсас бола беруі, бір айтқанды  қайталап айта 

берушілік, терең идеясы бар көркем шығармалар әлі де 

болса аз болып отырғандығы —  ж а с ақын-жазушылары-

мыздың білім дәрежесінің кемдігінен...  ж а қ с ы шығарма 

ж а з у үшін көп оқып, үйрену керек»,— дейді. «Кез келген 

сөз ақын сөзі болмайды, кез келген тақырып поэзия тақы-

228 


рыбы бола бермейді»,— дейді, халық поэзиясы мен  ж а з б а 

поэзиясының  қабысуы туралы 1939 жылы  ж а з ғ а н тағы бір 

мақаласында. Осы сынды  қ а л а м д а с жолдастарына  қандай 

арнап айтса, өзіне де сондай талап  қойып, ол оқу, үйрену-

ден тоқталмайды. 

Қ асы м өте адал , турашы л және  ж а қ ы н жолдас , доста-

рына сенгіш еді. Біреудің беделі, атағы бар деп  ж а л т а қ т а -

майтын. Кезі келген жерде шындықты кесіп айта алатын 

еді. Сол турашылдығынан жақын жолдастарының талайы-

на өкпелі де болатын. 1938 жылы  Қ а л и ж а н екеуіміздің 

басқаруымызбен ән-өлеңдерінің жинағы басылып шықты. 

Қ асы м жина қ ты ң кемшіліктерін  ж а қ ы н жолдасы м екен 

деп аямастан,  қатты сынап  м а қ а л а жазды. 

Поэзия туралы менің бір  м а қ а л а м д а Сәбиттің «ком-

байннан  құйылған бидайды», «домнаның су боп  а қ қ а н 

теміріндей» деп бейнелеуін  ж а ң а л ы қ деп мақтағаныма 

Қ асы м  қ арс ы болып,— бидайды бал қ ыға н темірге теңеу 

тұрпайылық, көркемдік әсер бермейді деп үлкен даулы сын 

айтты. Өлеңнің көркемдігі женінде сол тұстағы үлкен-кіші 

ақындардың бәрін де батыл сынайтын. Олардың жеке 

сөздерін бұтарлай талдап  қызу екпін мен сын пікірін айт-

қ а н мезгілде —  құр сынағанш а  ж а қ с ы өлеңді өзің жазы п 

неге үлгі көрсетпейсің деген кесе-көлденең сұрауға, ол 

үлкен мақсатымыз да сол ғой деп кілт тоқтаушы еді. 

Қ асы м бұрын-соңғы а қ ын-жазушыларды ң шығармала -

рын таңдап, талғап оқитын.  Қітаби ақындарға онша мән 

бермесе де, ол әнші ақындардың поэзиясына  қызыға  қа-

райтын. Ақан серінің махаббат лирикаларындағы ерекше 

сұлулықты, нәзік  ж а н сырын тербете  ж ы р л а ғ а н : 

«Ертістің  құба талы секілденіп 

Алдымнан майысып  ш ы қ бұрал-дағы. 

Қиынның  қ и я с ы н д а т ұ рсан-дағ ы 

Қ и ғ а ш т а п  қ а н а т ы м д ы б ұ рам-дағы», — 

деген сөздерін, 

«Жігіттік көк семсердің жүзі емес пе? 

Қ а й р а п а п  к а л ы ң  ж а у ғ а сермегендей»,— 

деген Мәди сөздерін ақындық шеберлікке, тапқырлыққа 

үлгі етіп келтіретін. 

1938—1939  ж ы л д а р ы «Әдебиет теориясының мәселеле-

рі» атты кітабымды  ж а з у үстінде мынадай  қиындықтарға 

кездестім. Дүниежүзілік әдебиетте дамып  қалыптасқан 

ж а н р л а р д ы ң бірталайы  қ а з а қ әдебиетінде әлі тумаған. 

229 


Поэзиялық жанрдың ішінде баллада, сонет сияқты форма-

л а р тіпті  ж о қ болып шықты. Теорияны мысалмен толықты-

ру үшін бірқатар ақындардан осы  ж а н р л а р д а өлең жазып 

беруін өтіндім. Сонда Әбділдадан «Батыр шал» атты сю-

жетті баллада алдым,  Қасым мен  Ж ұ м а ғ а л и екеуі екі сонет 

жазып берді,  Қ а л и ж а н Шекспирден бір сонет аударды.  Қа-

сымның «Алма бағында», «Қүндей шалқып күлгенің», 

«Колхоз  қызына» атты сюжетті, суретті лирикалары да 

осындай теорияға мысал іздеуге байланысты жазылған 

болатын.  Қасымның «Құпия 

қыз», Диханны ң «Мұңсыз 

Мариям», 

Қ а л и ж а н н ы ң «Орма н 

қызы»,  Ж ұ м а ғ а л и д і ң 

«Қүләнда»,  Қапанның «Шешілген жұмбақ» аттй поэмала-

ры осы бір мезгілде  ж а з ы л а бастады. Біз үйімізге жи-

налып бұл шығармаларды кейде жеке тарауын, кейде 

жоспарын, кейде тұтас алып оқып өз ара талдайтынбыз, 

бәйгеге, баспаға  ұсынуға,  Ж а з у ш ы л а р Одағының үлкен 

талқылауына салуға бола ма деген мәселені күні бұрын 

шешіп алатынбыз. Бұл ресми сындардан көбінесе  қ а т т ы р а қ 

және творчестволық іске бірталай пайдалы да еді. 

1939  ж ы л д а р ы Баянауыл, Көкшетауды  а р а л а ғ а н мезгі-

лінде Сұлтанмахмұт, Мәшһур Жүсіп, Біржанның бейітте-

рін де көрген-ді. Сұлтанмахмұт бейітінің басында түк бел-

гі жоқтығын  қатты күйінішпен айтып келген еді. 1940 жы-

лы майдың 20-да республикалық газет-журналдарда Сұл-

танмахмұттың  қайтыс болғанының жиырма жылдығына 

арнаулы  м а қ а л а л а р жазылды. Бірақ, сол кездегі мәдениет 

мекемелерінде істейтін кейбір бассауғалаушы жолдастар, 

Сұлтанмахмұттың үстінен арыз беріп, ол «ескішіл ақын» 

деп айыптар тақты.  Қазақстан Орталық партия комитеті 

газет  қызметкерлерін, әдебиетшілерді, ғалымдарды жинап 

кең мәжіліс өткізіп пікір алысқаннан кейін Сұлтанмахмұт 

жөніндегі газет  м а қ а л а л а р ы н мақұлдаған еді.  Қасым Сұл-

танмахмұт туралы балладасын, міне, осындай жағдайлар-

ға байланысты жазып, бізге оқып берген-ді. 

Қ асымны ң арала п көрумен алатын әсерлері, сезімдері 

де тез, алғыр болатын. 1938 жылы ноябрь айында демалыс-

қа шығып,  Қ асы м екеуміз Москваны, Ленинградт ы арала -

дық. Келер жылы  ж а з айларында Семейде пароходта бір 

топ жазушымен бірге болып,  Қасым жолда Павлодар, Ба-

янауылды аралап, біраздан кейін Бурабайда демалып жат-

қан маған келді. 

Москва мен Ленинградта бұрын талай рет болса да, 

Қасым ғажа п музейлерді, тарихи ескерткіштерді ерекше 

ақындық сөзіммен  қызыға  қарап, алған әсерлері бойынша 

230 


қ ыс қ а өлеңдерін күнделік дәптерлеріне жазы п отырды. 

Ленинградты бұрын  ж а қ с ы білетін  Қасым жетекші бол-

ғандай,  қаланың талай  қызық жерлеріне ертіп апарып 

отырды. Мен  д р а м а л ы қ театрға барғым келсе,  Қасым көбі-

несе концертке, опералық театрға барғысы келетін. Мен 

ескі кітаптар сататын магазиндерден керекті кітаптарды 

іріктеп алғанда,— «ескі кітаптардың не керегі бар?» дейтін 

маған. Брок-гаузь-Эфрон баспасы әдемілеп шығарған Бай-

рон, Шекспир томдарын көргенде  Қасым  қызығып, ең бол-

маса Байронның бір томын берші деп  қолқа салды.—«Ескі 

баспаның кітабын саған оқуға болмайды»—деп өз сөзімен 

өзін тоқтатып едім,  қайтып кітап жайын сөз  қылмады. 

Көкшетауда болғанында  Қасым Көкшенің сұлу жерле-

рін, Оқжетпесті, Жұмбақтасты, Ақшоқыны, Степнякті, Аң-

ғалды,  Қазгородокты, Көкше айналасындағы көп көл-

дерді — барлығын аралап көрді. «Мәдениет» колхозында 

бірнеше күн демалып жаттық. Степняк  қаласында  қ а л а л ы қ 

партия комитетінің  қызметкері, әнші-сері жігіт Тілеубаев 

Ахметжардан  Қасым Көкшетаудың бірталай әндерін естіп 

үйренді. 

«Мәдениет» колхозында Біржанды көрген, Балуан Шо-

лақпен жолдас болған Ысқақ, Исмайыл деген екі шал бар 

екен. Екеуі де әңгіменің бабын келтіріп, майын тамызып 

айтатын. Әсіресе, Біржан мен  Ш о л а қ жайындағы олардың 

кезектесіп айтқан әңгімелері  Қасым екеумізді  қайран  қал-

дырды. Мен бірталайын жазып алып отырдым...  Қасым, 

домбыра тартып, ән салып колхоз жастарын айналасына 

жинап, отырған жерін думан сауыққа айналдырып жібер-

ді. Колхоздағы Асантай дейтін шебер күйші шалдың күй-

лерінен  Қасым бірталай күйлерді естіп, кейбірін жаттап 

алды. Осы болған жердегі әсерлерін де  Қасым шағын 

өлеңмен жазады. Бірақ, ол өлеңдерінің көбі жоғалған. 

Қ асы м Бурабайд а да он ша қ т ы күн жатып, саяха т  құ-

рып Бурабай тақырыбына да бірталай суретті өлеңдер 

ж а з ғ а н д ы . Бір күні  Қасым суға кетіп  қ а л а жаздады.  Қу-

рортта таныс бір  қызбен екеуі  қ а й ы қ қ а мініп Оқжетпесті 

көреміз деп кетті.  Қүн ашық та ыстық еді. Түске таман ас-

панда бұлт тұрып жел көтеріліп, лезде Бурабай көлінің 

бетінде алай-дүлей толқын тулай жөнелді. Көлдің ортасын-

да келе  ж а т қ а н  Қасымдар, міне осы толқынмен, яғни  а ж а л -

мен  ұ з а қ алысып  ж а ғ а ғ а шықты.  Қыз есін әзер біледі. 

Қ асымны ң да өңі  құп-қу екен.  Қ айы қ т ы желг е  қ арс ы ай-

даудың арқасында аман  қалыпты. «Бурабай толқындары» 

атты күшті лирикасы осы жағдайға байланысты  ж а з ы л ғ а н 

231 


еді. Көкшенің сұлулығына бар жан-тәнімен  қызыққан  Қа-

сым  қайтсем де бұрын-соңғы Көкшені  ж ы р л а ғ а н ақындар-

мен  ж а р ы с қ а түсіп, олардан асыра бір поэма  ж а з а м деген 

сертпен  қайтты. 

1939 жылдың күзінде  Қасым Райхан деген  қызға үйлен-

ді. Бірақ екеуі де келісе алмай, бірте-бірте  а р а л а р ы ашы-

лып, алты айдан кейін айырылысты. Бұл жөнінде біреу 

Қ асымды , біреу Райханд ы кіналайды. Екі жағына н да әр 

түрлі мінездер болған шығар. Алайда, осы үйленіп, айыры-

лысу  ж а н ж а л ы  Ж а з у ш ы л а р Одағында арнай талқыланып, 

Қ асымны ң атына ауыр сындар айтылды. Тал қ ылауд а  Қа-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет