Өмірбаяны Құдайберген Қуанұлы Жұбанов



Дата04.02.2022
өлшемі137,11 Kb.
#24863
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Презентация1


Өмірбаяны

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 1899 жылы 19 желтоқсанда  Ақтөбе облысының Темір ауданында дүниеге келген. Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. 1918 жылы Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейін төрағасы болады. 1920 жылы Орынбор қаласындағы Құсаиния медресесін бітіріп, ол жақтан арабпарсыорыслатынтүрікжапонфранцузағылшыннеміс тілдерін меңгереді. 1920 жылы “Ай” атты журнал ұйымдастырып, оның бетінде М.Горькийдің “Сұңқар туралы жыр”, “Дауылпаз туралы жыр”, “Хан мен ұлы”, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. Құдайберген жазушылық өнерімен де танылып, өлең, пьеса, т.б. жазған. 1920 – 22 жылдары ауылда мұғалім болып істейді. 1922 – 24 жылдары Темір уездік оқу-ағарту бөлімінде басшы. 1924 – 29 жылдары Ақтөбе губерниясы оқу-ағарту бөлімінде басшы қызметтер атқарды, сонымен бір мезгілде Ақтөбе педагогикалық техникумында сабақ берді. Қызметтен қолы бос уақытта өз бетімен білімін толықтырған.Түркі тілдес республикалардың жаңа әліпбиге көшуіне арналып, 1925 жылы Мәскеуде өткізілген кеңеске қатысып, онда сөз сөйледі. Жаңа әліпбиді енгізу мәселелерімен айналысқан Әзірбайжан ғалымы Ағамалы оғлымен жиі хат жазысып тұрды. 1927 жылдан бастап Жұбанов Санкт-Петербургтегі орыс ғалымдарымен байланыс жасады. Түркі тілдерін зерттеуші академик А.Н. Самойлович, шығыстанушы В.В. Бартольд, тілші ғалым А.В. Щерба, т.б. еңбектерін алдырып оқыды. 1928 жылы Санкт-Петербургтегі Шығыс тілдері институтының (Шығыстану институты) толық курсын бітірді. 1929 жылы осы институттың академигі Самойлович басқаратын “түркітану семинарийіне” оқуға түсті. 1930 жылы КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспиранты болды. 1932 – 37 жылдары ҚазПИ-де профессорқазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды.

Еңбектері

Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановжайлы қорғалған диссертациялар
  • Сәдуақас Н. Ә «Профессор Құдайберген Жұбанов еңбектеріндегі қазақ тілі дыбыстары жіктелімінің фонологиялық жіктелемі» 1999 ж
  • Омарова А. Қ. Профессор Қ. Қ. Жұбановтың етістіктер туралы ғылыми еңбегі, оның ғылымның кейінгі дамуына ықпалы: филол.ғыл.канд. ... дисс. автореф. 10.02.02 – қазақ тілі. –Алматы, 1999. –24 бет.
  • Жубанова А. А. Общелингвистическая концепция Х. К. Жубанова: Афтореф.дисс... канд.филол.наук. 10.02.19 – общее языкознание, социолингвистика, психолингвистика. –Алматы, 2000. –28 с.
  • Қарабалина А. Ә. Қ. Жұбановтың жалпылингвистикалық тұжырымдамаларындағы психологиялық ой-пікірлері: психология ғыл.канд. ... дисс. автореф. 19.00.01 –жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы, этнопсихология. –Алматы, 2005. –24 бет.
  • Сұлтан Ж. И. Тілтанымдағы антропологиялық парадигманың Қ.Жұбанов мұраларындағы көрінісі: филол.ғыл.канд. ... дисс. автореф. 10.02.02 – қазақ тілі. –Алматы, 2007. –26 бет.
  • Оралбай Ә. Ә «Құдайберген Жұбановтың публицистикасы» 2007 ж

Еңбектерінің хронологиялық көрсеткіштері

1915 ж Өнегелі мұғалім (мақала)

1917 ж Наурыз құтты болсын (өлең)

1924 ж

Әйел теңдігі туралы (мақала)

Түс екен (оқшауша)

1925 ж Екі қой, бір тоқты киіт өтірік дейді (жауап сөз)

1926 ж

Коммуна мектептері жеті жылдық болсын (мақала)

Біз де ұлт театрына қарай (мақала)

1927 ж Таңжарықтың қуанышы (әңгіме)

1928 ж

Түпсіз астау, құдай және Ақтөбенің ілім-мәдениет орындары (фельтон)

Жаңа әліппені алу мәселесі туралы (баяндама сөздер)

1929 ж Бас әріп керек пе? (жарыссөз)

1933 ж Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар

1934 ж Абай – қазақ әдебиетінің классигі (мақала)

1935 ж Қосар ма, дара ма? (емле)

1936 ж

Қазақ тілінің грамматикасы

Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы (еңбектері)

1958 ж Буын жігін қалай табуға болады (мақала)

1966 ж

Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер

1971 ж Абай және шағатай әдебиеті (мақала)

1986 ж

1.Абай – қазақ әдебиетінің классигі (әдеби-сын)

2.Қазақ драма театрының алғашқы күрделі жеңісі (мақала)

1994 ж Әліппеміз бұқарашыл болсын (мақала)

 

Қ.Жұбановтың баспаға тапсырылған, бірақ жоғалған еңбектері



Қызметі жөнінде мәлімет
  • Темір ауданы, Құлжа-Темір болысы – хатшы
  • Темір ауданы- бақылау комитетінің басқармасы
  • Темір уездік оқу бөлімі – инспектор
  • Ақтөбе губерниялық оқу бөлімі – нұсқаушы методист
  • ҚазПИ, Алматы – қазақ тілі мен әдебиеті кафдрасының меңгерушісі
  • Ағарту Халық Коммисариаты –терминология комиссиясының председателі
  • КСРО Ғылым Академиясы- лингвистика секторының меңгерушісі
  • Қазақстандық ұлт мәдениеті ғылыми-зерттеу институты- ғылыми кеңес мүшесі


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет