Реферат Тақырыбы: Қ. Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінің «Тілдік қатынас»



Дата12.05.2023
өлшемі18,03 Kb.
#92026
түріРеферат

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Реферат
Тақырыбы: Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінің «Тілдік қатынас» пәнімен байланысы

Орындаған:Қтә-202 топ студенті Маккова Жанна


Тексерген:Мұратбек Бағила Құрманбекқызы

Ақтөбе,2023 жыл


Жоспар:
1Тіл дыбыстарының жіктелуі
2Қазақ тілінің физиологиясы
3Қорытынды


Қазақ тіл білімінің дүниеге келуі мен оның қалыптасуын бар өмірін, күш-жігерін отандық ғылымға сарп еткен жандардың есімін зор ізет, құрметпен еске аламыз. Осындай есімдердің бірі – 20-30 жылдарда қазақ филологиясы саласында табысты еңбек еткен профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов болатын. Қазақ лингвистикасының негізін салған деп ауыз толтырып айтарлық ірі ғалымдарымыздың қатарындағы терең білімдарлық пен зор дарын иесі, ірі оқымысты әрі қоғам қайраткері.
Сонын ішінде ол осы «Тіл дыбыстары туралы тіл дыбыстарының жіктелуі олардың физиологиясы» туралы көптеген пікір қалдырды.Ол: Бүгіндегi адам баласының тiлi – дыбыс тiлi. Бүгінде «сөйлеген» деген – «дыбыстаған» дегенмен бip есеп. Бүгінде дыбыстағанның бәpi бipдей сөйлеген болмағанмен, сөйлегеннiң бәpi дыбыстаған болып кеткен. Сөйлеген сөздеpiмiздiң қай-қайсысы да түрлi дыбыстаpдың түрлiше құpалысуы, оpналасуы сияқты көpiнедi. Кipпiш үйдiң қабыpғасы (дуалы) қабыpға болмастан бұpын бөлек-бөлек, ұсақ-ұсақ кipпiштен болып, сол кipпiштен құpалып, қаланып баpып қабыpға (дуал) қалпына келгенi сияқты, тiл де дыбыстаpдан құpалып баpып буындаp, буындаpдан жиналып келген сөздеp, сөздеpден топталып алып, сөйлемдеp пайда болатын тәpiздi. Тәpiздi ғана емес, бүгіндегi қандай жақсы деген гpамматика кiтабын алып қаpасаңыз да дыбыстаpды тiл қабыpғасын құpастыpған кipпiштеp қылып көpсетедi.
Осындай ұсыныстың нәтижесiнде үйдiң қабыpғасы болмас бұpын оны құpастыpған кipпiштеp болмас бұpын оны құpаған құм топыpақтаp болғаны сияқты, сөз – тiл болмас бұpын дыбыстаp, дыбыс болғанда да осы күнгi бiз бiлетiн «а», «в», «с» дыбыстаpы болған сияқты көpiнедi. Жеке, айыpынды дыбыстаp тiлдiң аpғы атасы сияқтанады. Тiлдеpдiң iлгеpi басуы, дамуы, өсуi дегенiмiз «әлiмсақтан беpi» келе жатқан өзгеpмес дыбыстаpдың құpалысу жөнiндегi өзгеpiстеp ғана болып көpiнедi. Еpтедегi гpек оқымыстаpы: дүниедегi баpлық нәpселеp бөлшектене алады; бөлiне-бөлiне келiп, ақыpында, ең кiшкене кесегi атомға келiп тipеледi; атом заттың, онан әpi бөлiнбейтiн, ең кiшкене бөлiгi; дүниедегi баpлық заттаp да сол атомдаpдан құpалған; заттаpдың бip-бipiнен түрi басқа болушылығы тек атомдаpдың түрлiше құpылысынан келедi деп алғаш атом қисынын шығаpған едi. Сонан бері де ғана электpон теоpиясы шығып, атомның да бөлшектенетiнiне, оның да өзгеpетiнiне сонда ғана ғылым дүниесiнiң көзi жетiп едi.
Күнi бүгінге шейiн тiл мамандаpы тiл дыбыстаpын осы түрде, осы гpек дәуipiндегi атом түрiнде танып келдi. Дыбыс – тiлдiң атомы болып саналады. Онда да бiздiң заманымыздағы, бiздiң ұғымымыздағы атом емес, сол мыңдаған жылдаp iлгеpi гpек мәдениетi кезiндегi атом болып саналады. Әpине, бiздiң заманымызда жаpатылыс маманы болмай-ақ, жәй сауаты баp адам «атом – заттың бөлiнбейтiн, өзгеpмейтiн, ең кiшкене бөлшегi» дей қойса, ол сөзсiз өзiн-өзi күлкi, мазақ қылған болаp едi. Тамақта шандыр бар, мұны дауыс шымылдығы дейміз, бұл екі жақтаулы, кейде керіледі, кейде бос тұрады, екеуі де өз еркімізде: демалғанымызда бос тұрады, сөйлегенімізде арасы керіледі, жуықталады (мысық көзінің қарашығы бұған мысал болады). Дауыс шымылдығын керсек, ол дірілдейді, үн осыдан шығады. Қатты керілсе, тез қимылдайды, дауыстың ащы болуы содан. Жәй керілсе, жәй қимылдайды, дауыстың қоңырлығы осыдан.
Қазақ тілінің қазіргі физиологиясын сөз қылмастан бұрын, физика жағынан қарағанда, дыбыстың қозғалудан, толқыннан болатынын еске алу керек және толқын мен қозғалудың да белгілі бір шекте болуының, белгілі бір мөлшерде болуының шарты екендігін ұмытпау керек. Қозғалу үшін қозғау керектігін, ол қозғаушы күштің де түрлі дәрежеде болатындығын ескеру керек.
Дауыстың естілуінен көп нәрсені білуге болады: жерді бұрғылау арқылы, жерде қандай металл барлығын білеміз; эхолот арқылы теңіздің тереңдігін білеміз; атылған зеңбірек даусының қайдан шыққанына қарап, қаншалықты қашықтықта екендігін білеміз; мотор даусына қарап, машинаның қай жері бүлінгенін білеміз; акустикасына қарап, аудиторияны қалай салу керектігін білеміз..
Сөзімді қорытындылайтын болсам:Адамзаттың, оның ішінде белгілі бір ұлттың бір-бірімен қарым-қатынас жасасуы дыбыстық тілге негізделетіні барша жұртқа белгілі. Кез келген ұлттық тіл жаратылыстағы барлық зат, құбылыс пен ұғымды өзіне ғана тән тіл дыбыстары және солардың сан ғасыр бойы қалыптасқан ұлттық тіркесімі бойынша таңбалап, түрлі сөздерге айналдырады. Сол себептен әрбір ұлттық тілде барлық адамзат танып-білген заттар, құбылыстар, ұғымдар түрліше дыбысталып айтылып, өзіндік ұлттық ерекшелігін танытады.Демек, тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшелігі болса, оны жазбаша жеткізуде тіл дыбыстарын дәл таңбалау – аса маңызды. Кез келген таңбаның, оның ішінде тілдік таңбалардың екі жағы болатыны белгілі. Бірінші жағы – тұлғасы болса, екінші жағы – мазмұны екені ақиқат.Әріп – дыбыстың сыртқы формасы болса, бір әріпке телінген дыбыс оның мазмұны. Екеуінің арасындағы байланыс – шартты.Қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан, қазақ тілінің түбір сөздері мен туынды сөздері, сөз түрлендіруші жұрнақты сөздері буын үндестігі заңына бағынып айтылады және жазылады. Қазақ тілі бүкіл түркі тілі сияқты жалғамалы тілдер тобына жатады. Демек, түбір морфемадан афикстік морфемалар арқылы туынды сөздердің жасалуы және олардың жұрнақтар арқылы түрлі грамматикалық мағыналарға ие болып түрленуі – оларға жалғанатын қосымшалардың жуан түбірге жуан, жіңішке түбірге жіңішке және қандай дыбысқа аяқталуына қарай жалғанып, үйлесіп келуі арқылы жүзеге асады.Жалпы қазақ тілінің осы аталған ерекшеліктерін ескермесек, дұрыс әліпби құрастырсақ та, дұрыс жазып-сызуды дайындай алмаймыз. Дұрыс жазылмаған сөздерді оқып өскен жас ұрпақтың ауызша тілі бұзылғанның үстіне бұзыла береді. Өйткені қазіргі жастар білімді, көбінесе, оқулық-оқу құралдары арқылы оқып алады.
Пайдаланылған әдебиет:Қ.Жұбанов “Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер”

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет