Өмірде, өленде де Жұбан бүгін Жүргізуші: Ұлы ақынымыз Жұбан Мулдағалиев рухына бас ие отырып, «Өлең қалсын ұрпаққа, өнер қалсын, ата мирас мәнгілік дүние боп»



жүктеу 201.47 Kb.

бет1/2
Дата01.01.2017
өлшемі201.47 Kb.
  1   2

                                            Өмірде, өленде де Жұбан бүгін

1.Жүргізуші: Ұлы ақынымыз Жұбан Мулдағалиев рухына бас ие отырып,  

«Өлең   қалсын   ұрпаққа,   өнер   қалсын,   ата   мирас   мәнгілік   дүние   боп»   деген  

сөздерімен кешімізді бастаймыз.

2.Жүргізуші: Қазақ поэзиясын әлемдік денгейге көтерген, кешгі кеңестік  

идеологияның жалын атып тұрған кезеңде:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

                                    Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

                                    Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

                                    Қуанғанда күлкімнен түн тірілген,- деп тұтас бір ұлттың  

атынан   әнұранға   пара-пар   поэма   жазған,   ең   алдымен   ақындығымен,  

азаматтығымен,   қайсарлығымен   талайды   тәнті   еткен,   көзінің   тірісінде-ақ  

қазақ өлеңінің жыр-дариясы атанған Жұбан Молдағалиевтің туғанына биыл 95  

жыл.

1.Жүргізуші: Жұбан ақын 1920 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысы,  

Тайпақ ауданының Сайқұдық аулында дүниеге келген. Жұбанның отбасы біраз  

таршылық көріп, сонау ертедегі ашаршылық кезінде ішкі Ресейге көшеміз деп,  

жолда бір індетке ұрынып, сонымен бірге әкесі де опат болыпты. Орта жолдан  

кері   қайтқанда   бала   Жұбан   небары   алты   айлық   екен.   Ол   тіпті   әкесін   де  

білмеген. Жан-жағындағы көзі ашық жаңдардың бәрі -  бірі ашаршылықтан, бірі  

озбырлықтан,   тағы   бірі   басқа   себептермен   көз   жұмып,   таздың   шашындай  

сиреп   қалған.   Кейін   анасы   Зеріптің   етінің   тірлігі   арқасында   өз   қолдары   өз  

ауыздарына жетіп, аман қалған екен.

Ана батасы

1.Оқырман.

Дүбірлетіп дауылдай

Долы майдан даласын;

Азат етті бауырлар

Бір Белорус қаласын

Жетті аман жас қазақ

Өз үйіне жеткендей.

Жанарында жас ғажап,

Жаны балқып кеткендей.

- Ұлым, - деді бір кемпір,

Керіп ашып құшағын,-

Кел, бетіңді бір келтір,

Құшырлана құшайын…

Өз баласын көргендей:

- Неге, - дейді, - кешіктің?

Өмір қалды жөргемдей,

Өтті бастан нешік күн!

Ақ шашым да жұлынды,

Тұсасын жауды әр талы.

Қабырғамда сылынды,

Жер қойнына тартады,

Жоқ, жазылам дертімнен,

Өзің бердің бір емін.

Өз шешеңдей бертінде

Тілекшін боп жүремін.

Жолың болсын әрқайда,

Ақ батам бұл - ала бар.

Сені күтіп сарғайған

Алда талай ана бар…

«Құп!» деп құшып жас қазақ

Қош айтысып жөнелді.

Тарт Берлинге, бас, қазақ,

Жар болсын тек жол енді!

«Ана туралы жыр» әні орындалады.

2. Жүргізуші: Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында  

оқыған.   1940-1947   жылға   дейін   әскер   қатарында   болып,   Ұлы   Отан   соғысына  

қатысқан.

Соғыстан   оралғаннан   кейін   әр   түрлі   қызмет   атқарып   жүріп,  

шығармашылықпен   айналысады.   «Лениншіл   жас»   газеті,   «Жас   алаш»,   «Қазақ  

әдебиеті»   газеттері   мен   «Жұлдыз»   журналы   редакцияларында,   көп   жылдар  

Жазушылар Одағында қызмет атқарған.

Ақынның «Биік ұш, бейбітшілік көгершіні» атты өлеңі оқылады.

2.Оқырман.

Биік ұш, бейбітшілік көгершіні,

Асып өт нелер мұхит, небір шыңды!

Қаққанда қанатынды, бірге естілсін

Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні.

Махаббатқа, достыққа,

Халық көркі – жастыққа

Атылмасын зеңбірек!

Өшсін аты соғыстың!

Өрт баспасын жер үстін,

Ашық болсын зеңгір көк!

Заманның бейбітшілік – жазғы шағы,

Ол өмір, ол қуаныш, жар құшағы.

Достықта, еркін еңбек, бостандықта

Ең жарқын азаматтың болашағы.

Көтеріп жастық туын желбірете,

Ант еттік: жол бермейміз зеңбірекке.

Қайғы – зар, соғыс үні естілмесін,

Көгершін еркін ұшсын зеңгір көкте!

1.Жүргізуші:   Жұбанның   алғашқы   жинағы   «Жеңіс   жырлары»   1949   жылы  

шықты. Жұбан әлі 29-да ғана еді. Сөйтсе де оның алғашқы өлеңінің ауқымынан  

алыстап, өскені көрінеді. Айналасы он-ақ жылдық тәжірибе оны ақын қатарына  

қосты. Оның үстіне оқ пен оттың жырларын бастан кешті. Өлең жазу емес,  

окоп қазу күндерін өтті. Дегенмен, сол оқ пен от арасында өлең де жазылды –  

бұл   соғыс   шежіресі,   соның   күнделігі   сияқты   еді.   Үзіліп   қалған   бейбіт   өмірдің  

елесін аңсағандай, гүл мен күлген күннің өзін көрмей, бірақ барын сезінгендей  

жырлар туды.

Солдат сыры

3.Оқырман.

Әлі есімде сол бір түн,

Кетер емес көңілден,

Көкте жүзіп ай қалқып,

Көгілдір сәуле төгілген.

Отырдық сонда біз екеу – 

Жағадан қарап Жайыққа,

Жүзеді бір жұп көлеңке

Тербелген толқып қайықта.

Самал жел сипап еседі,

Қошемет етіп жастарды.

«Қош» айтар соңғы кеш енді,

Сырымыз сонда басталды.

Майданға енді қарасам,

Мәңгілік азат туған ел.

«Сағындым, ұзап барасың –

Деп жазады ол – жылдам кел…

Қуантты сонша бұл мені,

Өзім де оған жаздым хат:

«Ұзаған сайын ілгері,

Келемін саған жақындай…»

«Сүйген қандай, сүйікті болған қандай» әні орындалады.

2.Жүргізуші: Бұл жай ақынды бірден есейтіп, әлуметтік, саяси құлашы кең  

поэзияға   бағыттады.   Қалам   үшкірлігі   әлі   де   жастықты   аңғартса,   айтып  

отырған пікірі - өлім мен өмір арпалысындағы  жанның ойын, көңілін сездіреді.  

«Отан», «Бір бассаң да алға бас», «Туған елге», «Қазақ», «Шығыста туған елім  

бар», «Жеңімпаздар сәлемі» деген 1942-45 жылдары жазылған өлеңдерден осы  

жайды аңғарамыз.

1.Жүргізуші:   Қазір   Жұбан   ағадан   қалған   4   тұяқ   және   3   немересі   бар:  

Диляра, Динара, Данияр. Осы үш немересіне арнаған «Үш «Д» атты өлеңі бар.

Үш «Д»

4.Оқырман.

Үш «Д» барда пәтерім –

Дырду, дүние даусындай.

Алынбайды «ат» ері,

Атойлары таусылмай.

Үйде оларсыз сан кетік,

Керең дерсің құлақ та.

Бұлбұл болып әндетіп,

Кім сылдырлар бұлақтай?

«Үш «Д» - Үлкен театр,

Ария, би, хоры бар.

Ол, ол ма тек, тұра тұр,

Оныңнан да зоры бар.

Паровоздар ентігіп,

Ракеталар зулайды.

Әлде қайдан жел тұрып,

Теңіз болып шулайды.

Үш «Д» барда жаныңда

Күн батқанын сезбейсің.

Қағып кілем шаңын да,

Қай жер – суды кезбейсің!

Деміксең де, далақтап,

Кенеледі жан нұрға.

Бұлт қонбайды қаңбаққа,

Сыртта қар ма, жаңбыр ма...

Үш немерем – ол үш «Д».

Ең үлкені – Диляра.

Тұтамыз мақтан оны іштей –

Бірінші класс дидары.

Ортаншы «Д» - Динара,

Тәтті – ау тұңғыш жиенім!

Мөлдірейді жанары,

Ерні отындай шиенің.

«Д» кежесі – Данияр,

Кенже, әрине, әзірге.

Ақыл деген дария,

Космонавт ол қазір де.

Кең жол ашық бұларға,

Қалу жоқ менің тасамда,

Дүние күллі «Д» - ларға

Қайрымды болғай қашанда!

2. Жүргізуші: Жұбан Мулдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін  

әдебиет әлеміне енгізген шығармасы – «Мен қазақпын» поэмасы. Өзінің «қазақ»  

екенін ағынан жарылса ерекше шабытпен жырлауы – оның ерлігінің бір көрінісі  

десек   қателеспейміз.   «Мен   қазақпын»   дастаны   бүгінгі   күнге   дейін   ұлттың  

рухын көтеріп, елдік пен ерлікті дәлелдеп қана қоймай, бүкіл халықты біріктіріп,  

қазақ елін ұйымдастырушы ретінде қызмет жасауда.

1.Жүргізуші: «Мен қазақпын», «Білем, білгем бір қазақты»  өлеңі мәнерлеп

 оқылады.

  

«Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,

Бір білімді данышпан жан табалық.

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жаңалық,   Абайға   жүр,   барарлық!»   -   деп   Шәкәрім   атамыз  

айтқандай, Жұбан аға да нағыз ғалым, данышпан ұлы Абай екенін айтып өткен.  

2.Жүргізуші: Ол Абай Ұлы ұстаз тұтып өз шығармаларында ақын бейнесін  

шебер өрнектеген.  Солардың арасында шоқтығы биік – «Абай шыңына».

«Шаншылып Алатаудың ұршығындай,

Шабыттың шырқап биік ыршуындай,

Шолып тұр шартарапты Абай шыңы,

Шытырман,   жақпар-жақпар  жыр   шыңындай...»-деп,   ол  ешбір  

кіріспесіз-ақ кемеңгер ақын бейнесін кескіндеуге бірден бет бұрады. Алатау –  

Абай тұлғаларының қатар алынуында терең мән жатыр. «Шыңдардың ақиығы,  

мұз   балағы,   Бөктерде   балалаған   құз   қалады...»   -   деп,   ақын   Абай   шыңын  

«шыңдардың ақиығына» балайды.    

1.Жүргізуші: Көркем әдебиеттің қоғамдық міндетін, азаматтық парызын  

ешуақытта, ешнәрсеге мансұқ етуге болмайды.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі семізді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілімнің көзі ашық, сергек үшін,- деген ұлы Абай қағидасы  

бәріміздің есімізде жүретін ұлы өсиет сияқты.

                       2.Жүргізуші: Оның бәрін ақынның өз басының тарихы немесе өзін  

дәріптеу   деп   ұғыну,   әрине   мүлде   қате   болар   еді.   «Айттым   сәлем»   атты  

поэмада:

Жүрдім өмір - өлімнің қиясында.

Қызыл қандай сол күннің сиясы да.

Мен болсам Жер деген жұмыртқа – доп

Жүзер ме осынау ұясында?-

деген   сияқты   шумақтар   арқылы   көп   жағдайда   «Мен»   деген   сөзге   тіреліп  

отырады. 

1.Жүргізуші:   Ақындық   «Мен»   көптің   ой-тілегімен,   көптің   тағдырымен  

ұштасып, соған сүйене сөйлегенде ғана қоғамдық мән-мақсатқа зор дауысқа ие  

бола   алады,   сонда   ғана   әсерлі,   асқақ   естіледі.   Егер   мен   «Туған   жер»   деген  

поэмада:

Оқушым, сен де қабылда, 

Сөйлесем «Мен» деп, сөкпе де.

Кеудеме кіріп дамылда,

Сырымды бүксем өкпеле.

Өзіңсің менің «менім» де.

Өзіңсіз тұлмын, жетіммін.

Дедім бар сенің деміңде,

Бір   кесек   жүрек   етіңмін,-деп   жырласам,   бұл   –   менің  

азамтатық адал сырым, ақындық мұратым. 

2.Жүргізуші: Мен әкесіз – жетім өстім,

Жоқ, дей алман кетік өстім.

Түкірген жоқ бетіме ешкім,

Нысанаға жетіп өстім.

Бұл азулы ананың, кеңестік құрылыстың арқасы еді. Әйтсе де, әкесі бар  

балаларға қызығушы едім. Әсіресе, «алақай, көкем келе жатыр» деп алдынан  

шауып шыққан баласына астындағы атын түсіп берген әкені көргенде балғын  

көңілде әлде қандай бір өкініш, нала пайда болатын.

Ең бақытты дәуірде де

Әке керек, дос керек,-

деген өлең жолдары, тегі сол балалық шақ мұңынан тууы ықтимал.

1.Жүргізуші: Ақынның қуанышы да, реніші де - өлең. Өмірі де сол. Ендігі  

сөзді көп ұзартпай, өлеңімнің өзіне берген жөн болар. 

Демесем данышпанның бер салымын,

Сондай-ақ ғұмыр – жасын жер шырының,

Ризамын тағдырыма, табыма да,

Тұрмын мен аясында дер шағымның,- деп жазған.

«Қазақстан» әні орындалады.

Қортындысы:   «Жұбан   ақын   жырлары   біздің   өмірімізге   тарихи   із  

қалдырғанмен   ерекшеленеді,   оның   жырларында   Отанға   деген   сүйіспеншілік,  

туған жеріне деген сағыныш, анаға, қазақ әйеліне деген сыйластық, болашақ  

қазақ елінің қасиеті арқылы көрініс тапқан».

-Жыр қыраны Жұбан ақын мәңгі жасай бермек!

Жыры – інжу, рухы биік Жұбан аға!

Кештің   мақсаты:   Ж.   Молдағалиевтың   95   жас   мерей   тойына   арналған  

кеште   өмірі   мен   өлеңдерінің   мәнерлеп   жатқа   айтуға   көңіл   бөлу,   ақынның  

ұлтымыздың   рухын   танытатын   туындылырын   оқушы   бойына   құйып,   еліне,  

жеріне, Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Көрнектілігі:   интерактивті   тақта,   кітаптар   көрмесі,   «Аңсаймын   мен,  

сенемін туады ертең, Қазақ болу – зор бақыт дер күн тіпті»... атты көрме  

бұрышы; «Жыры-інжу, рухы биік Жұбан аға!» атты кітапша.

Өту барысы: Жүргізуші:

Жарасып жытыр ақырын,

Зал толы жырдың достары,

Тыңдамақ абзал ақынын,

Ардақты, Отандастары.

Ақын ше? Ақын келмеді.

Бос тұрды төрде бір орын,

Күмбірлеп залды кернеді,,

Сөз салып сонда жыры оның,-

деп ақын жырлағандай, «Жыры – інжу, рухы биік Жұбан аға!» атты жыр кешіне  

қош келдініздер!

Ақынын пайғамбардай кермеп пе еді,

Бар қазақ Жұбаныңа сенбеп пе еді,

Есінен туған елдің шығар қалай

Жырымен жас ұрпақты тербеткені,-

деп Әбділдә Тәжібаев айтқандай, Жұбан ақынның өмірбаянмен таныстырайық  

(интерактивті тақта арқылы ақынның өмір белестері слайдпен көрсетіледі).

Жүргізуші: Жұбан – барша қазақ сияқты жершіл пенде. Ол поэзия тілімен  

өзінің кіндік қаны тамған  топырағы  Тайпақты,   Өлеңтіні,  Жыландыны,  ару Ақ  

Жайықты жетесіне жетіп жырлады, мадақтады, мақтады.

«Тек қана туған жерден айырмағай» өлеңі оқылады.

Өз елім, қайда болсам да,

Ішінде тек – ау солардың.

Туған жер дейтін бір жер бар:

Сондай жер менің Оралым.

Оқырман «Туған жерде тағы да» өлеңін оқиды.

Жүргізуші:   Туған   жер   –   адам   баласының   қимайтын   да,   сыйлайтын   да  

қасиетті қазынасы. Ақын қашанда туған жерін, өскен ортасын еске алып, «елім,  

жерім» деп аңсап, ат басын туған аулына жиі барып тұрған екен.

Жұбанның   қай   шығармасы   болмасын   қазақ   тілінің   небір   інжу-маржанын  

шебер қолдана білгендігімен ерекшеленеді.

«Дүниеде ел бар, қазақ тілі бар,

Болғанда да, берік бұл тілтаулардан

Күні де көп, гүлі де көп бұл тілдің

Қазақ тілі мен сен үшін мақтанам,-

деген Жұбан ақын қазақ тілін жырларының өзегі, тиегі, сарқылмас бұлағы етіп  

қолданып, мәртебесін биікке көтеріп, асқақтатты.

Ақынның «Қазақ тілі» өлеңі оқылады.

Жүргізуші:   «Қоссыз   қазақ   болса   да,   доссыз   қазақ   болмаған»,   -   демекші,  

қайсар   Жұбан     тағдырдың   ығын   іздемеді,   отты   өрлерден   өте   білді,   дәуірін  

бағалай білді. Кісілерден тек кісілікті күтті, достарынан міне, бетіне айтуды,  

бетке емес, сыртынан мақтауды, жоқтаған жағдайда күндемей, бетке айтуды  

тіледі,   іңкәрлікке   негізделген   дарқан   достықты   шынайы   бағалап:   -   Менің  

құрбым – даңқымен дабыстылар, Мұрат-мақсат, міндетке табысты олар, - деп  

достықты ерекше бағалады.

«Дос болсаң» өлеңі оқылады.

Жүргізуші:   «Көңіл   құсы   құйқылжыр   шартарапқа»   деп   ақын   Абай  

жырлағандай,   өмірдің   сан   шақтарында   Жұбан   ақынның   да   көңілі   құлазыған  

шақтары да болған еді. Ақынның «Көңіл» атты туындысы ақын жүрегін айқара  

ашып, сырын жаяды.

Ж.   Молдағалиевтың   ақындық   даңқын   көтеріп,   оның   есімін   әдебиет  

әлеміне енгізген шығармасы - «Мен қазақпын» поэмасы. Бұл поэмада ақын қазақ  

халқының өткен өмірін толғана жырлады. Өзінің «Қазақ» екенін ағынан жарыла,  

ерекше шабытпен жырлауы оның ерлігінің бір көрінісі.

Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,

Құлап қалсам атымнан қайтіп тұрдым.

Сансыз басты диюдай сан тіріліп,

«Мен қазақпын» дегенді айта тұрдым, -

деп ақын көпшілікті жігерлендіре түседі.

Ж. Мулдағалиевтың 95 жылдығына арналған көрме бұрышымен танысу.

Жүргізуші: Алдында жұрттың қашанда

Азамат Жұбан, жыр Жұбан

Алауы мәңгі өшпейтін,-

деп   Тұманбай   ағаның   жырлағандай,   Жұбан   ақын   тек   биіктен,   тек   ілгеріден  

көрініп тұрады. Ол – ақын, Ол – сарбаз, оған қоса, ең бастысы Алаштың асыл  

азаматы.   Қазақтың   бүгін   шалқайса   заңғар   шыны   бар,   еңкейсе   иен   елі   бар,  

сүйенсе тірек қазыналы жері бар, қорғаныш болар ері бар. Ұлының азаттығын  

аңсаған, оны көрегендіктен жырлаған Жұбанның артында арға толы жалынды,  

дәтке қуат, жанға шуақ беретін дастан-жырлары қалды. Ақын есімі, ақын рухы  

оның жырларын оқып өсетін жеткеншек ұрпағы барда, оқырманы барда мәңгі  

өшпейді...

«Жыры   –   інжу,   рухы   биік   Жұбан   аға!»   атты   поэзия   кешін   концерттік  

бағдарламамен аяқтаймыз.

Мен – қазақпын, азат қыз, ерікті ұлмын

Кештің   мақсаты:   Жұбан   Молдағалиевтың   өмірі   мен   өлеңдерін  

таныстыру,   поэзия   әлемінде   өзіндік   қолтанбасын   қалдырған   Жұбан  

Мулдағалиевтың шығармаларын дәріптеу, ақын өлеңдері арқылы оқушылардың  

еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: ақынның портреті, плакат, шарлар, ұлағатты сөздер, кештің  

тақырыбы,   музыкалық   аспаптар,   ақынның   кітаптары,   газет   бетіндегі  

мақалалар.

Жүру барысы:Кешті оқырман «Мен қазақпын» өлеңімен ашады (поэмадан  

үзінді)

1.Оқырман: Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген

           Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

           Жылағанда жүрегім, күн тұтылып

           Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2.Оқырман: Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құсагыма сыйдырам даланы мен,

Пәк сәбимін бесікте гуілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

3.Оқырман: Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықпың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.

4.Оқырман: Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбын

Сайрай қалсам гүлімнен бал тамыздым.

Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім

Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.

5.Оқырман:  Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен

Қалаларда өтіпті түз белінен

Қанқалары табылып жатыр қазір

Соғыстар мен жарықтың іздерінен.

6.Оқырман: О, замандас, соларға бір қараңыз,

Әр кірпіші, әр тасы бір қара аңыз,

Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп

Өшкендерді табатын біз ғанамыз.

7.Оқырман: Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен,

Еуропа да, Азия да емеспін мен.

Аралықпын жетінші материктей

Бірақ барша адаммен тең өстім мен.

8.Оқырман: Республика! Ерікті ел – Қазақстан

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып, армандатып

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.

9.Оқырман:  Мен – қазақпын, жаныммен, жүрегіммен

Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен

Алабөтен болмаймын өзгелерден

Өзгемен бір өзім боп жүремін мен.

10.Оқырман:Қазақпын деп досқа айтам ұғысатын

 Мақтан етсін атақты туыс атын

 Қазақпын деп жауға айтам қасақана

 Біліп қойсын, болса ойы жұғысатын

11.Оқырман: Кешір мені, күндеме тентегіңді,

 Көрдім рас, көбіңмен ерте күнді

 Әркім бірақ не ексе соны орады

 Көсіп алып жатқам жоқ мен тегінді.

12.Оқырман: Қандай дүние жетеді балауыңа!

   

  Бәрі сенің, жан Отан қалауыңа

  Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып

  Қазақстан гербі де жалауы да.

Барлығы: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

        Қайта тудым өмірге қайта келдім!

        Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

        Айта бергім келеді айта бергім!

Кітапханашы:   Армысыздар,   құрметті   жыр   сүйер   қауым!   Жаңа   ғана  

кішкентай   балғындарымыз   айтып   өткен   жыр   шумақтары,   өздеріңізге   жақсы  

таныс,   бәріңіз   жақсы   көріп   айтып   жүретін   Қазақстан   жастарының   гимніне  

айналған Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы. Бүгінгі біздің әдеби-

жыр кешіміз поэзия жанрында өзіндік қолтанбасын қалдырған, өршіл, өр рухты,  

патриот ақын Ж. Молдағалиевке және оның шығармаларына арналады.

1.Жүргізуші:   Ж.   Молдағалиев   қазан   айының   10-жұлдызында   1920   жылы  

Батыс   Қазақстан   облысы,   Ақжайық   ауданы,   Жыланды   ауылында   дүниеге  

келген.   Қазақтың   халық   жазушысы.   Орал   ауыл   шаруашылық   техникумын  

бітірген.   2-дүниежүзілік   соғысқа   қатысқан.   Ж.   Молдағалиев   1948-83   жылдар  

аралығында   «Лениншіл   жас»   (қазіргі   Жас   алаш)   газетінде   бөлім   меңгерушісі,  

жауапты   хатшы,   редактордың   орынбасары,   «Жұлдыз»   журналының   бас  

редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының 2-ші, 1-ші хатшысы болды. 1949  

жылы «Жеңіс жылдары» атты тұңғыш жинағы шықты. Ж. Молдағалиевтің 60-

тан астам жыр жинағы жарық көрген.

Қазақ әдебиетінде поэзия жанырында мол үлес қосқан ол «Нұрлы жол»,  

«Жыр   туралы   жыр»,   «Қиял   қанаты»,   «Дала   дастарханы»,   «Қызыл   галстук»,  

«Жесір   тағдыры»,   «Кісен   ашқан»,   «Туған   жер»,   «Мен   қазақпын»,   «Айттым  

сәлем» сынды көркемдік дәрежесі жоғары поэмалар жазған. 

2.Жүргізуші:   Тырнақ  алды  жыры  19-жасында  жарық  көрген  Жұбан  әскер  

қатарына алынып, ұзамай ұлы Отан соғысы от-жалынының ортасынан бір-ақ  

шықты. Қыз асылар мойнына мылтық асып, әскерге аттанар алдында Оралда  

алғаш   көзбе-көз   көрген   шын   ақыны   Қасым   айтқандай,   «қып-қызыл   дария  

майданға   басымен   сүйеніп»   жүріп,   «долы   майдан   даласын   дүбірлеткен  

дауылдай»   достарын   жыр   етті.   Қандай   көйлегімен   партбилетін   қызыл  

жалаудай   төбеге   көтеріп   жолдастарын   айқасқа   бастаған   «Батыр   туралы  

баллада»   жазып,   «Қасқая   шап   қарсы   бар   өмірдің   нұрлы   таңы   үшін!»   деп  

жауынгерлерді   жеңіске   жігерлендіреді.   «Қазақтың   қаһарман   қызы   Әлия»  

жырымен де мерген қыздың ерлігімен жігерлендіреді.

Ж. Молдағалиев «Әлия» өлеңі оқылады.

1.   Жүргізуші:   Халық   қызметшісі   болу   құрмет   те,   міндет   те.   Бұл  

құрметке   Жұбан   «Саған,   халқым,   дарыным!»   деп   жүйкесінің   нәрін   сығып,  

жүрегінің   қаның   құйған   жалынды   жырымен,   түс   қашып   түн   қатқан   қиын   да  

қастерлі   еңбегімен   жетті.   Ал   міндет   мүддесінен   шығу   үшін   ол   талаптың  

тұлпарын тынбай қамшылаумен келе жатқан дарын.

Ж. Молдағалиевтың «Жүрсін парызымның үні естіліп» әлеңі өқылады.

1. Жүргізуші: Жұртты баурайтын Жұбан жырларының тағы бір тұлғалы  

тақырыбы - ана . Бұл да ақынның азаматтығымен, адамгершілігімен ұштасып  

жатыр. Оның өлеңдерін оқыған әр адам әйелдің алдияры, ақсұнқары болған ақ  

әжені  әбден   тануы   тиіс.   Жанына  жастан   жалын  құйып,   жырмен   асыраған   өз  

анасы   арқылы   ол   мейірбан   да   мықты,   қайырымы   да,   қайратты   күллі   қазақ  

әйелінің абзал бейнесін жасайды. Өз анасының өміріндегі біраз сәттерді өзек  

еткен «Жесір тағдыры» дастанындағы Айша арқылы қазақ әйелінің кешкгі өксік  

күнін, бертінгі өсу жолын әдемі берген. Таршылықта саспайтын, молшылықта  

аспайтын   еңбеккер   де,   ержүрек,   аңғырт   та,   ақылды   асыл   ол   –   ана.   Ақын  

өміріндегі көрік ғана емес, серік ден де ардақ тұтады. Оның ерлігіне, еңбегіне  

қайран қалып, қалтқысыз сүйеді.

«Махаббат ерлігі» өлеңі оқылады.

1.Жүргізуші:   Жұбан   десе   желтоқсан   еске   түседі.   Ол   ұлт   басына   қара  

бұлт    үйрілген сол бір күндерді Колбиннің алдында қазақ жастарын қорғап сөз  

сөйлеуге   ерлігі,   азаматтығы   жеткен   бірден-бір   тұлға   еді.   Екінші   жағынан  

сексен алтының желтоқсанында ұлт намысын ту етіп алаңға шыққан жастар  

бесіктен-ақ   Жұбан   жазған   «Мен   қазақпын»   рухымен   тәрбиеленген   ұрпақтың  

өкілдері болатын.

«Алаңда   қыздарымның   шашын   жұлып,   ұлдарымды   дубинкамен   бастан  

ұрып,   алаң   қызыл   қанға   боялғанын   көргенімде   мен   –   Ұлы   Отан   соғысының  

ардагері,   окопта   мұз   төсетіп,   қар   жастанған   қарт   солдат,   мына   сорақы  

сұмдықты   көзіммен   көргенше   сол   қанды   майданда   неге   қаза   тауып,   мәңгі  

қайтпай   қалмадым   деп   осы   күнді   көргеніме   өкіндім»   дегенін   естігенде  

отырғандар   ақынмен   бірге   шамырқанды.   Жұбан   ақынның   ерлігін   айқын  

көргендейміз.

А.Бақтыгерееваның   «Ерлікті   көзбен   көрген   күн»   поэмасынан   үзінді  

оқылады.

2. Жүргізуші: Негізгі осы «мен» деген сөздің мыңдаған жыл тарихы бар  

және   осы   сөз   үшін     талайлардың   бастары   кеткен.   Ұлттық   мақтаныш   –  

ұлттық   өмір   сүрудің   салтанаты   және     намыс   кепілі.   Мен   ұғымы   ұлттық  

тәуелсіздіктің,   тектік,   теңдіктің   намысты   мақтаныштың   нысаны  

болды.Жұбанның дастандарының ішіндегі ең азулысы, ең еркін ойлысы «Мен –  

қазақпын»   атты   эпикалық   поэмасы   еді.   Бұл   өзінің   мені   тұрғысынан   алғанда,  

шын   мәнінде   сонау   мәңгілік   ел   сарынындағы,   жырлар   толғауындағы   елдік  

идеяның озық үлгісі еді.

1.   Жүргізуші:   Ақынның   өлеңдеріне   танымал   сазгерлер   ән   жазды.   Біздің  

ата-бабаларымызға, бүгінгі келешек ұрпаққа салтанатты өмір төрі болған Еділ  

мен   Жайық   әніне   өлең   жазу   ақынға   онай   соқпаған.   «Адам   бол,   адам»,  

«Қазақстан», «Алматы», «Қайда, қайда сол бір шақ», «Қайда да біргесің, туған  

ел», «Әттеген-ай», «Байқоныр – жұмбақ шешуі», «Сүйген қандай, сүйікті болған  

қандай», «Ана туралы жыр» сынды ттағы да басқа өлеңдері әнге айналды.

Ән: «Ана туралы жыр», «Еділ мен Жайық»

1.Жүргізуші:   Қазағымның   ой-арманы   –   ақын   Жұбан   жырының   алтын  

арқауы,                                            

Қазағымның намысы – азамат Жұбан сырының жібек желісі.

«Ұлы аманат етейік еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті.

Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең

«Қазақ болу зор бақыт» деп күн тіпті...-

деп жырлап еді Ж. Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасында. Өзі аңсаған сол  

күнді ақын ақыры көре алмай кетті, әттең...

2.Жүргізуші: Жұбан соғыстан кейін халқын жұбата білді. Ес жиып, етек  

жинағанда «Мен - қазақпын» деп ат ойнатты. Мың өліп, мың тірілген қазақты  

Жұбанша сүю, қазаққа Жұбанша қызмет ету әркімнің талайына жазған бақыт  

дейді Уалихан Қалижан.

Ақын Тұманбай Молдағалиев бүгінде тоқсан жасқа келер Жұбан ағасына  

«Тұлпарына тоқсанның» деп жыр арнады.

1.Жүргізуші:   Міне,   қазағымыздың   маңдайына   басқан   жалғыз   Жұбаны,  

жарық жұлдызы арамызда жүрсе тоқсан беске келер еді. Уақыт, өткен сайын  

бұрынғысынан да тұлғаланып, ел жадында жаңғырып, жарқырай түсетін ұлылар  

санатына енген Жұбан Молдағалиев – мәңгіліктің жолдасы. Оған болашақ сан  

ұрпақтың куә болары хақ. 

2.Жүргізуші:   Әзірбайжан   ақыны   Нәби   Хазри   «Елінде   жер   сілкінсе,  

эпицентрі   ақынның   жүрегінде   жатады»   деген   еді.   Сол   сияқты   еліміздің,  

жеріміздің тарихында Жұбан жүрегін тебірентпеген құбылыс кемде – кем. Оның  

жырлары   қазақ   жырындағы   жарқын   өмірдің   жылнамасы   сияқты.   Оған   Абай  

атындағы сыйлықтың және КСРО мемлекеттік сыйлығының берілуі де осының  

айғағындай.   Бұдан   жетпіс   жыл   бұрын   жырда   уақыт   үнін   естіртсем  

бақыттымын деп армандаған ол бүгін сол биікте тұр.

Ақыннан жас болса тек келешек жас,

Ақыннан жердің ғана жасы үлкен,-

деп өткен күндерді оймен екшеп, нұрлы келешекке көз жіберіп тұр.

1.Жүргізуші: Жұбан Мулдағаливтың сөзіне, ұлтына адалдығы, оған деген  

жанашырлығы,  шексіз сүйіспеншілігі білініп тұрады.  Сондықтан  ол ұлты  үшін  

бүкіл кеңестік жүйенің от шашқан амбразурасын кеудесімен жапты.

Жанын   да,   арын   да   таптатқызбай,   мың   өліп,   мың   тірілген   қазағының  

болашақ егемендігінің көк байрағына айналды.

1.Жүргізуші: Мен-қазақпын, азат қыз, ерікті ұлмын!

2.Жүргізуші:  Жер   бетінде,   ант   етем,   берік   тұрмын!   –деп   ақынның   өзі  

айтып кеткендей, иә біз қазақпыз, азатпыз, еркінбіз, тәуелсізбіз, тұғыры биік  

мәңгілік елміз!

Библиографиялық   шолу.   Ақынның   кітаптарымен,   газет   бетіндегі  

мақалаларға қысқаша шолу жасау.

Қортындылау.

Кітапханашы: Елімізде республика бойынша 2007 жылдан бері қарай «Бір  

ел – бір кітап» акциясы жүріп жатыр. Акцияның мақсаты ұлттың өте маңызды  

мәселелері туралы жазылған кітаптарды насихаттау. Акция өз жұмысың 20078  

жылы Абайдың қара сөздерін оқудан бастады. 2008 жылы М. Әуезовтің «Қилы  

заман» кітабын оқуға, 2009 жылы М. Жұмабаевтың «Жас сөзі» атты кітабын  

оқуға ұсынды, ал 2010 жылы «Мен – қазақпын» поэмасын ұсынған еді.

«Мен – қазақпын» поэмасы өткен жылдың жетпісінші жылдары шыққан, өз  

ұлттың   асқақтатқан   шын   мәніндегі   партриоттық   шығарма.   Осындай  

ұлтымыздың абыройын асқақтатар, өлеңдерді көп оқып, дәріптеп жүрініздер,  

өйткені сіөдер болашағы жарқын қазақ елінің азат қыздары мен батыр, ерікті  

ұлдарысыздар. Біз бүгінгі әдеби-жыр кешімізді жабық деп жариалаймыз.

  



  1   2


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал