Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы Орындаған: Молдахан Дидар


Тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік



бет2/3
Дата21.10.2023
өлшемі11,46 Kb.
#120077
1   2   3
Байланысты:
Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы Орындаған-emirsaba.org

Тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.

  • Бәсекеге қабілеттілік-психологияда- жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынастың түрі. Бәсекелестік белгілі бір мақсатқа жету жолындағы жарыс, тартыс түрінде көрінеді. Ол өзара ынтымақтастыққа, ізгі ниеттілікке негізделмеген жағдайда ашық соғысқа, бақталастыққа ұласады. Бәсекелестік адамның жетістікке жетуіне өз септігін тигізіп, пайдалы қызмет те атқарады;


  • Прагматизм (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.


Прагматизмнің негізгі ұстанымдары:

  • білім шындықты меңгерудің құралы, шындықты өзгертуге болады;


  • нақты тәжірибе бәрінен маңызды, ереже мен ұстаным екінші орында;


  • сенім мен түсініктің рас-жалғандығы оның әкелген нақты игілігіне байланысты;


  • ақиқат идеяның табысты түрі, нәтижеге ие ететін, мақсатқа жеткізетін сана қозғалысы;


  • теория әрекеттің болжалды қорытындысы, ол да құрал. Оның құндылығы әрекетті табысты ете алуына қатысты;


  • адамның шындықты түсіндіруі шындықтың адамға пайдасы мен игілік өніміне байланысты;


  • әрекет ережеден маңызды, ол қатып қалған ережені үздіксіз бұзып отырады;


  • ұғымның мәні оның нәтижеге ие етуі, ақиқаттың құны оның қысқа уақытта, аз шығынмен, өте мол табысқа жеткізуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет