1.Өмірге қауіп туғызатын факторлар - әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады.
2.Күйік кезіндегі алғашқы көмек. Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шеш.
Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаңыз.
Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз.
Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су беру.
3.Тамырдан қанның тінге және ағза қуысына немесе сыртқы ортаға төгілуі қан кету.
4.Қан кетудің 3 түрі бар 5.Реанимациялық шаралардың әсері -Қарашықтың кеңеюі және қарашықтың жарыққа реакциясының болуы;
ұйқы артерияларында пульсацияның пайда болуы;
артериялық қысымның 60мм сын.бағ.-на дейін жоғарылауы.
6.Кенет пациент жөтеле бастайды, тыныс алуы жиілейді, көгеріп, естен тану тамақ ішу кезіндегі тұншығу белгілеріне тән.
7.Артериядан қан кеткенде жгутты жарадан жоғары жгут байлайды.
8.Мұрыннан қан кетукезінде иықтарын алға сәл еңкейту, мұрындарын саусақпен 10 минут қысу, мұрын белдеуіне суық қою.
9.Суға батқан адамға көрсетілетін көмек бетін төмен қарату, басын жамбасынан төмен орналастыру,ауыз қуысын бөгде заттардан тазарту, тіл түбірін басу (құсу рефлексін тыныс алуды стимулдау үшін).Құсу және жөтел рефлексі пайда болған жағдайда тыныс алу жолдарынан және асқазаннан суды шығару.
10.Үсік кезіндегі жедел көмекжылы көрпеге ораңыз.Оған ыстық шәй немесе кофе беріңіз
Қорытынды
Қорытындылай келе өмірге қауіп туғызатын жағдайларда пациенттерге жедел көмек көрсету алгоритмі маңызды рөл атқарады.Пациенттерге жедел көмек көрсеткен кезде қауіпсіздік шараларын ескеру қажет. Жедел көмекті меңгеру арқылы адамның өмірін сақтап қалуға болады.