Тамақ ішу кезіндегі тұншығу Белгілері: Зардап шегуші кенет жөтеле бастайды, тыныс алуы жиілейді, көгеріп, естен танады.
Сенің әрекетің:
Зардап шегушінің артына тұрып, екі қолыңмен білектеріңді кіндіктен қабырғаға доға бұрышын жасап қой. Оң білек, түйілген жұдырықпен сол білектің үстіне қойылады.
Зардап шегушінің ішін өзіңе және жоғары қарай бірнеше рет қатты бас.
Тыныс алу жолдарынан бөгде зат шыққанға дейін орында. Егер зардап шегуші естен танса, оны еденге шалқасынан жатқыз, басын шалқайтып "ауызға - ауыз" әдісімен екі рет ауа үрлеу әрекетін жасаңыз.
Сонан соң, зардап шегушінің үстіне бөксе жағына қарай отырып, айқастырылған білекпен, енді өзіңнен алға қарай және шамалы төмен жағынан ішін басуды жалғастыр.
Әрбір 5 басудан кейін ауыз қуысын қарап шығу қажет. Өте толық немесе екі қабат әйелдерге әдіс төсінің орта жағында жүргізіледі.
Балаларға 1 жастан 8 жасқа дейін бір қолмен жасалады. 1 жасқа дейінгі нәрестені тізеңнің үстіне етпетімен жатқызып және алақанның сырт жағымен жауырынның ортасына бес рет жеделдетіп қағып соққы бер. Сонан соң оны шалқасынан жатқызып, төсінің ортасына бір немесе екі саусақпен бас. Нәтиже болмаған жағдайда әдісті қайтала. Әдіс жасау кезінде нәрестенің басы кеудеден төмен болуы тиіс.
Жүрек қызметінің тоқтауы Айқындалуы: сананың жоғалуы, тыныс алудың болмауы, пульстің тоқтауы.
Жүрек- өкпе реанимациясының алгоритмі:
Реанимация жасау үшін алдымен науқасты тегіс жерге жатқызу керек.
Өкпені жасанды желдендіру үшін Сафардың үш әдісін қолданамыз олар: Науқастың басын барынша шалқайтып, астыңғы жағын алға қарай жылжытып, аузын ашу.
Массаж жасаушы адам алақандарын бірінің үстіне, бірін қояды.
Алақанның негізі төс сүйегі мен семсер тәрізді шеміршектің қиылысқан жерінен екі саусақ қиғаш жоғары тұруы керек.
Қолды тік, шынтақ буынында бүкпей ұстап, дене салмағымен омыртқаға қарай 5 см ығыстырып, ырғақпен басады.
Әр 30 массаждық қимылға, ауа үрлеудің жиілігі минутына 2 реттен келеді.
Науқастың аузына дем жіберу үшін, мұрнынан қысып, аузынан ауа үрлейді немесе АМБУ қапшығынан маска арқылы ауа жібереді.
Төс сүйегін омыртқаға қарай жаншудың ұзақтығы, жаншу аралығындағы уақытпен бірдей болуы тиіс,оның жиілігі минутына 100 рет.
Есіңде болсын!
Тек қана сананың жоғалуы, тамырлардың соқпауы, тыныс алудың жоқтығы кезінде жүргізіледі!
Жүргізілген реанимациялық шаралардың нәтижесі келесі белгілермен анықталады:
Қарашықтың кеңеюі және қарашықтың жарыққа реакциясының болуы;
ұйқы артерияларында пульсацияның пайда болуы;
артериялық қысымның 60мм сын.бағ.-на дейін жоғарылауы;
-терісінің жансызданып бозаруының жоғалуы;
- қайта тыныс ала бастаған кезде табысты өткізілді деп санауға болады.