Өмірге қауіп туғызатын жағдайларда жедел көмек көрсету алгоритмі



бет4/7
Дата14.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#114365
1   2   3   4   5   6   7
Ыстық өту кезіндегі жедел көмек

Айқындалуы: әлсіреу, жүрек айниды, құсқысы келеді, тері бозарып, жабысқақтық пайда болады, тыныс алуы жиілей түседі және тамыр соғысы жиелейді, әлсіз. Бас ауырады, айналады, естен тануы мүмкін, сіңірі тартылады.
Іс – әрекет алгоритмі:
  • Зардап шегушіні салқын, жақсы желдетілген жерге, желдің өтіне жатқыз. Үйде желдеткішті қолдан.
  • Басы мен жүрек төңірегін суық сумен салқындат;
  • суық тартуды шат төңірегіне, қолтық астына және мойынға қой.
  • Аяғын сәл көтеріңкіре.
  • Тар киімнің түймелерін ағыт.
  • Алдын ала тұз салып су бер (1 литрге 1 шай қасық тұз).
  • Егер зардап шегуші есінен танып, тыныс алуы тоқтаса, "ауызды ауызға" әдісімен жасанды дем алдыр.

Араның, сонаның шағуы
Сенің әрекетің:
  • Егер шаққан жерде бізі қалса, оны қысқышпен байқап алып таста (ара бізін қалдырмайды).
  • Жараға жартылай спиртті компресс немесе бал шелпегін қой (бақбақ гүлі сабағының "сүтін" қолдануға болады).
  • Димидорл, пипольфен немесе супростин дәрмектерін ішкіз.

  • Аллергиялық естен тану дамыған кезде
    Белгілері: күре тамыр қысымы күрт түседі, демігу, жүрек айналасының және іштің ауруы, естен тану.
    Есіңде болсын! Ауру жағдайында аллерген организмге енгеннен кейін 1-2 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін.
    Сенің әрекетің: сырқатты шалқасынан оның аяғы басынан биік болатындай етіп жатқыз. Тар кимідерінің түймелерін ағыт. Таза ауаның кіруін қамтамасыз ет.
    Есіңде болсын! Егер сырқат естен танып қалса, оған ешқандай дәрі - дәрмек беруге немесе аузына су құюға болмайды.

Қол аяғы сынған кездегі алғашқы көмек:
Есіңізде сақтаңыз,
  • Қол-аяқ сынғанда шалт қозғалтуға болмайды, оны тартуға немесе бұруға рұқсат берілмейді. Сүйектері ашық сынып тұрған кезде жарақатқа итермелеуге тыйым салынады.
  • Қол-аяқ зақымданғанда ыңғайлы жағдайға келтіру керек.
  • Ашық сынған кезде жарақатқа таза салфетка немесе қол орамал жабу қажет.
  • Зардап шегушіге анальгетик беру (жасына сәйкес).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет