қарап, сын сөзімен байыптап, кемшіліктерін тауып, сынай біледі.
Өлеңдерінде сыни көзқарас мол кездеседі (“Есім аға“, “Қайраты бұл
дүниенің мал менен пұл“, “Сайлау деген елге бір бүлік болды“ т.б.).
Мұса молда өлеңдерінде ғылым-білімге үндеу басым болып келеді
(“Харакетке жаратқан адамзатты“, “Ғылымсыз болып қартайсаң“,
“Жолаушымыз отырсақ, жатсақтағы“ т.б.). М.Байзақов – мысал
жанрын дамытуға өзіндік үлес қосқан ақын (“Тышқан мен түйе“,
“Жолбарыс пен түйе“, “Қайырымды қыз бен қайыршы“ т.б.). Ақынның
эпикалық жанрда жазылған шығармалары ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиетіндегі елеулі табыс болып саналады. Поэмалары (“Ұры мен
жолбарыс“, “Опасыз жар“, “Сұлу әйел мен молда“) көбіне шығыстық
желіге, ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелерге негізделіп жазылған. Мұса
молда – айтыс өнерін дамытуға да үлес қосқан, әдебиетке жазба айтыс
үлгісін әкелген ақындардың бірі. Оның “Манат қызбен айтысы“ хат
арқылы айтысудың озық үлгісі болып табылады. Оңтүстік өңірінде жиі
кездесетін бұл дәстүрді Молда Мұса биік деңгейге көтерген. Ақын
кеңес дәуірінде де біраз шығармалар жазған (“Жаңа заман“, “Талапты
жастар“, “Октябрьдің 14 жылдығына“ т.б.). Жалпы алғанда, Мұса
Молда Байзақов – діни көзқарасты өз шығармаларында орынды
пайдаланып, тәрбиелік мәні зор шығар-малар туғызған өз заманына
сай ақын.
Достарыңызбен бөлісу: