Өмірхан Әбдиманұлы Шоқан Шортанбаев


АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ



Pdf көрінісі
бет20/84
Дата06.01.2022
өлшемі3,36 Mb.
#13091
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84
Байланысты:
хх адебиет

 
АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН-
ЖАЗУШЫЛАР 
 
Бағыттың  басты  сипаты  мен  көрнекті  өкілдері.  Жаңа  ғасыр 
басындағы  қоғамдық-әлеуметтік  дамуға  сай  қоғамдық  ой-сана  мен 
озық  идея  сан-алуан  өзгеріске  ұшырап,  жаңа  өрлеуге  бет  алды.  Бұл 
әдебиетке де өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Жаңа ғасыр өрінде дүниеге 
келген  түрлі  бағыттардың  ішінде  ағартушы-демократтық  бағыттың 
орны ерекше. 
Ағартушы-демократтық  бағыттың  құрамында  қаралатын  ақын-
жазушылар  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиетінің  өркендеуіне 
өлшеусіз үлес қосты. Олар қазақ әдебиетін шын мәніндегі өнери жазба 
әдебиет деңгейіне көтеріп, өмір, дәуір сырын шынайы сипаттап, терең 
ашуға ұмтылды. 


Бұл  бағыттағы  ақын-жазушылардың  білім  деңгейлері  түрліше 
сипатта  болып  келеді.  Көбі  сауатын  қазақша-жаңаша  (жадидше) 
оқумен  ашып,  кейін  орыс  мектептерінде  оқып,  дүниелік  ғылым-
білімнен  молынан  хабардар  болып  өсті.  Олар  негізінен  орыс-батыс 
әдебиетіне  еліктеп,  сол  деңгейде  шығарма  жазуға  талаптанды. 
Жазушылықпен бірге  қоғам қайраткері ретінде де танылып, ұлтының 
ертеңі  көбірек  толғандырды.  Қоғамдағы  саяси  өзгерістерді  де  жіті 
танып,  соның  нәтижесінде  қазақ  қоғамына  қажетті  жайларды  дұрыс 
бағдарлай алды. 
Бұл  бағыттағы  ақын-жазушылар  өз  шығармаларында  ағар-
тушылыққа  үндей  отырып,  қоғамдағы  әлеуметтік  теңсіздіктерді  де 
көре  білді.  Сөйтіп  демократиялық  ой-пікірлерді  алға  шығарды. 
Қоғамдағы  қайшылықтарды  құрғақ  сынап  қоймай,  әрқайсысы  әл-
қадарынша оның кесір-кесапатын жоюдың өзіндік жолдарын ұсынды. 
Қоғамдық-әлеуметтік  өмірді,  замана  сипатын,  дәуір  шындығын  кең 
көлемде  суреттеуге  ұмтылудың  нәтижесінде  қазақ  әдебиетінің 
жанрлық тұрғыдан баюына өлшеусіз еңбек сіңірді. 
Бұл  бағыттағы  ақын-жазушылар  қазақ  арасындағы  ілгершіл 
қоғамға  жат  ескілік  қалдығын,  теңсіздікті,  отаршылдық  саясатты 
аяусыз  сынады.  Халықты  оянуға,  мәдени  шаруашылық  жақтан 
жетілуге,  еңбекке,  оқуға,  алдыңғы  қатарлы  елдер  мәдениетінен 
үйренуге,  отырықшылдыққа,  қала  салуға  үндеді.  Әлеуметтік 
теңсіздіктің  басты  көрінісі  ретінде  әйел  теңсіздігін  алып,  өздерінің 
негізгі шығармаларына осы тақырыпты арқау етті. 
Олардың  жазба  әдебиетті  өркендету  мақсатындағы  жанрлық 
ізденістері  жазба  әдебиеттің  құр  еліктеу  дәрежесінде  қалып  қоймай, 
ұлттық  төл  әдебиетіміздің  қалыптасуына  жол  ашты.  Сөйтіп 
жазушылық  қолтаңбалары  айқындала  түсіп,  әрқайсысының  өзіндік 
тақырыбы,  ой-пікірі,  стилі,  өзіне  ғана  тән  шеберлік  мектебі 
қалыптасты. 
Ағартушы-демократтық 
бағыттағы 
ақын-жазушылар 
шығармашылығы  шын  мәніндегі  сыншыл  реалистік  дәрежеге 
көтеріліп,  дүние  құбылысын  кең,  терең  негізде  ашты.  Бұл  бағыттың 


өкілдеріне  таза  әдеби  шығармашылықпен  айналысып,  кәсіптік 
деңгейдегі  жазушылық  шеберлікке  көтерілген  Ш.Құдайбердиев, 
С.Торайғыров,  М.Сералин,  С.Дөнентаев  сынды  ақын-жазушылармен 
бірге  шығармашылығы  ағартушылық-ұстаздық  қызметтерімен  тығыз 
байланыста  өрістеген  С.Көбеев,  Б.Өтетілеуов,  Т.Жомартбаев  сынды 
тікелей  ағартушылық  тақырыпта  қалам  тербеген  ақын-жазушылар  да 
жатады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет