Өмірхан Әбдиманұлы Шоқан Шортанбаев


Ғұмар  Қарашев  (1876-1921)



Pdf көрінісі
бет33/84
Дата06.01.2022
өлшемі3,36 Mb.
#13091
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84
Байланысты:
хх адебиет

 
Ғұмар  Қарашев  (1876-1921).  Батыс  Қазақстан  облысы  Жәнібек 
ауданында  дүниеге  келген.  Ескіше  терең  білім  алған.  “Уақыт”, 
“Тәржіман”, “Ұлфат”, “Шора” т.б. татар-ноғай газет-журналдарына ат 
салысып,  танымал  көсемсөзші  болған.  “Жәдидтік”  жаңаша  оқу 
жүйесін  құптаған.  Абай  поэзиясынан  көп  үйренген  ақын.  Өз  ұстазы 
Ш.Бөкеевтің  әсері  бүкіл  шығармашылығына  өнеге  болған. 
Поэзиясында  реалистік  шындықты  жырлау  басым  болып  келеді. 
Тақырыптық  тұрғыдан  алғанда  поэзиясында  патшалық  Россияның 
отарлау саясатына қарсылық басымдау жатады. Өлеңдерінде тек жалаң 
күресті  емес,  өнер-білім  арқылы  жүзеге  асатын  саяси  күресті  алға 
қояды.  Дәстүрлі  поэзиядағы  Дулат,  Шортанбай  сықылды  ел 
надандығын,  өзге  елден  жұқтырған  кесапатты  қасиеттерді,  мінез-
құлықтарды  сынай  отыра,  ақын  өлеңдерінде  “құр  ойбайдан”  гөрі 
өзіндік ой айтуы басым келеді. Ел азаматын көре білетін, оның жігерін 
қайрай білетін өлеңдері өте мол. Ол – ертеңге сенім артып, болашаққа 
сене  білген  азамат.  Ғұмар  –  өлең-жырды  өте  көп  жазып,  біраз  кітап 
шығарған  ақын.  1911-13  жылдары  Уфа,  Қазан  қалаларында 
“Қарлығаш”,  “Тумыш”,  “Бәдел  қажы”,  “Бала  тұлпар”,  1914  жылы 


Орынборда  “Аға  Тұлпар”,  1918  жылы  “Тұрымтай”  кітаптарын 
шығарған. Ғұмар – “Алаштың” ұранын (гимн) жазып алаштың рухын 
көтерген  өнерпаз.  Ақын  ретінде  діннің  тазалығы  жолында  да  күрес 
жүргізген.  Меккеге  қажыға  сапар  шеккендердің  аярлығын, 
арамзалығын әшкерелеп (“Бедел қажы”), дінге деген адалдығын сақтап 
өткен.  Ғ.Қарашевтің  “Аға  тұлпар”  кітабында  патшалық  өкіметтің 
озбырлығы,  жерінен  айрылған  ел  зары,  ұлт  зардабы,  қазақ  елі  көріп 
отырған  әділетсіздіктің  небір  қыры  ақындық  тереңдікпен  ашылған. 
Ғұмардың ел ішінен шыққан азғындардың аяусыз әшкерелегені бүкіл 
қазаққа қағида болған еді (Аз ғана күндік бақ үшін, Халқын сатты құл 
етті). Ғ.Қарашев поэзиясы өмір-танымға мейлінше терең. Оның дүние, 
қоғам  және  адам,  тарих  және  тарихтағы  жеке  тұлғаның  алар  орны 
туралы  ой  толғаныстары  терең  әрі  мәнді.  Ғұмар  –  өз  толғамдары 
арқылы ұлтына ой салуға ұмтылған ақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет