Өмірхан Әбдиманұлы Шоқан Шортанбаев


Шәді Жәңгіров (1855-1933)



Pdf көрінісі
бет18/84
Дата06.01.2022
өлшемі3,36 Mb.
#13091
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84
 
Шәді Жәңгіров (1855-1933). Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ 
өңірінде туып-өскен. Шығыстың озық үлгілі әдебиетінің нәзирагөйлік 
дәстүрін  берік  ұстанған,  шығыс  поэзиясындағы  белгілі  тақырыптар 
мен  сюжеттерді  өзінше  жырлап,  идеясы  мен  мазмұны  тұрғысынан 
мүлдем  жаңа,  төл  туынды  жасаған  ақын.  Бұл  саладағы 
шығармаларының  (“Қисса  қырық  уәзір“  (1911),  “Назым  Шәhир 
дәуіріш“  (1913),  “Қисса  Бәлғәм  Бағур“  (1910),  “Хайбар  қиссасы“ 
(1913). “Хикаят халифа hәрун Рашит“ (1917) т.б. ХХ ғасыр бас кезін-
дегі қазақ поэзиясындағы дастан жанрының қалыптасуы мен дамуына 
игі  әсері  өте  зор.  Шәдінің  төл  тума  шығармаларының  (“Ресей 
патшалығында Романов нәсілінен  хұқмынарлық қылған патшалардың 


тарихтары,  hәм  ақтабан  шұбырыншылық  заманынан  бері  қарай  қазақ 
халқының  ахуалы“  (1912),  “Келіннің  бетін  ашатын  терме“  (1915), 
“Хикаят Орақ-Күлше“ (1917), “Қарынның жер жұтқан оқиғасы“ (1917) 
т.б.) ХХ ғасыр басындағы әдебиетте өзіндік орны бар. Ақын неге екені 
белгісіз  күнделікті  өмірді,  қоғам  жайын  аз  жырлап,  өткен  өмір 
мысалдары  негізінде  жалпы  адамгершілікті,  ізгілікті  насихаттайтын 
шығармаларды  басымдау  жазған.  Оның  діни-ағартушы  екендігі 
шығармаларында  ертедегі  шығыс  әдебиетінде  қалыптасқан  сопылық 
сарынның  мол  болуынан  көрініс  табады.  Жастайынан  ел  басындағы 
ауыртпалықты  көріп  өскен  ақын  өзінің  төл  өлеңдерінде  ел  билеген 
әкімдерді,  кейбір  байларға  тән  дүниеқоңыздықты,  озбырлықтарды 
еркін  сынап  отырады.  Оның  “Бөрбас  байға“,  “Отыншы  байға“,  “Бір 
молдаға“ т.б. өлеңдерінде өмір шындығы реалистік түрде көрсетілген. 
Жалпы  алғанда,  Шәді  шығармашылығының  ХХ  ғасыр  басындағы 
әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орыны бар.  
ХХ ғасыр басында бұлардан басқа да қиссашыл, кітаби ақындар да 
болғандығын жоғарыда айттық. Жүсіпбек Шайқысыламұлы, Ақылбек 
Сабалаұлы тәрізді ақындар көбіне тек дайын сюжетті қиссалар жазып, 
немесе  бастырып  шығарумен  айналысқан.  Шығармаларының  қай-
қайсысында болмасын діни  уағыз, дін құдіреттілігі  жайлы ойлар өріс 
тауып отырған.  
Қорыта  айтқанда,  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінде  діни-
ағартушы  ақындар  өзіндік  бет-бағдарын  айқын  танытқан.  Олардың 
шығармашылығы  көлемі  жағынан  аса  мол,  жанр,  түр  жағынан 
мейлінше  бай  болып  келеді.  Талант,  дарындары  әрқилы  ақындардың, 
өзіндік  қолтаңбалары  да  әр-қилы.  Бұларды  біріктіретін  басты  белгі  – 
діни-ағартушылыққа бағытталған мақсат-мұраттары.                                                    
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет