Сезім мүшелері Өте қарапайым. Иiс мүшелерi басқа омыртқалылардiкi сияқты екеу емес, дара болады. Алдыңғы мидың иiс бөлiмi дөңгелек ауыздыларда өте жақсы дамыған. Өйткенi бұл жануарларда тамақтарын iздеуде шешушi роль атқарады. Есту мүшесi iшкi құлақтан ғана тұрады. Дөңгелек ауыздыларда есту мүшесi өте нашар дамыған. Көздерi кiшкентай, миногалардың қасаң қабығы жетiлмеген, ал миксиндерде паразиттi тiршiлiгiне байланысты көздерi нашар жетiлген. Тепе-теңдiк мүшесi тек қана екi жарты шеңберлi өзектен немесе каналдан тұрады. Сыртқы ортада бағдарлап жүзiп жүру үшiн сейсмосенсорлы мүшелердiң маңызы зор. Бүйiр сызығы бастың терiсiнде, дененiң екi бүйiрiнде орналасқан. Бұл мүшелер жануардың айналасында не болып жатыр, соның бәрiн қабылдап отырады. Мысалы, судың ағысын, жүзiп келе жатқан жануарларды, т.б. аңғарып отырады.
Механикалық, температуралық, химиялық қоздырғыштар терiде кездесетiн неше түрлi сезгiш клеткалар мен нерв талшықтары арқылы қабылданады.
ҚАҢҚАСЫ
Бас сүйегi бар, бiрақ құрылысы қарапайым. Ми бөлiмiнiң асты шемiршек пластинкасының бүйiрiне шемiршектi есту капсуласы жалғасса, алдыңғы жағында шемiршектi иiс капсуласы жатады. Желбезек доғасы жетiлмеген. Аузында шемiршектi құрылысты воронкалар бар. Бас сүйегiнен бастап денесiнiң артына дейiн хорда созылып жатады. Әрине ланцетник пен салыстырғанда әлде қайда жетiлген, хорданың сыртында берiк қорғаныс қабығы, арқа бөлiмiнде жұлынды сақтайтын қабаттар бар. Миногаларда болашақ омыртқалылардың бастамасы, өсiп дамып келедi, ал миксиналарда ондай жоқ.
Қан айналу жүйесi. Басқа омыртқалылар сияқты дөңгелек ауыздыларда да жүрегi бар. Жүректiң жұмысын реттеп отыратын еттер көлденең салалы да, қантамырларының еттерi ұзын салалы болады. Жүрегi олардың екi камерадан (жүрекше, қарынша) тұрады. Жүрек еттерiнiң жақсы жұмысының нәтижесiнде ланцетниктерге қарағанда олардан қан тезiрек ағады. Жүрекшеге жұқа қабырғалы вена тамырлар арқылы бүкiл денеден көмiр қышқыл газына қаныққан және оттегi жоқ қандар келiп құйылады. Қарыншадан артерия қан тамыры – бауыр аортасы шығады.
Бауыр аортасынан желбезекке қан таситын бiрнеше жұп желбезек артериялары басталады. Желбезекке алып келген қандар көмiр қышқыл газдың бiраз мүлшерiн берiп, оттегiне қаныққан қандар, желбезекке артерияларына түсiп арқа қолқасына құяды. Арқа қолқасы хорданың астымен қуалай отырып, денесiнiң артқы бөлiмдерiне артерия қанын таратады. Дөңгелек ауыздыларды бiр қан айналым шеңберi, жүрек арқылы тек веноз қандары ғана өтедi. Қанның формендiк элементтерi (эритроциттер, лейкоциттер және тромбициттер) – бауырда, асқазанда, iшектерде, бүйректе және тағы басқа әртүрлi мүшелердiң ұлпаларында түзiледi. Дөңгелек ауыздыларда көкбауыр әлi жоқ iшектiң алдыңғы бөлiмiнен бауыр дамиды, ал ұйқы безi жетiлмеген.