Он-лайн сабақтарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұСҚАУ


Бейнеконференция технологиясы қолданылатын онлайн сабақты ұйымдастыру әдістемесі



бет2/3
Дата05.06.2023
өлшемі118,5 Kb.
#98827
түріСабақ
1   2   3
Бейнеконференция технологиясы қолданылатын онлайн сабақты ұйымдастыру әдістемесі.
Бейнеконференция технологиясы қолданылатын онлайн сабақ географиялық орналасуы шектелмеген мұғалім мен оқушылардың тікелей интерактивті трансляция арқылы байланысуы арқылы жүргізіледі. Онлайн сабаққа қатысу үшін үйдегі компьютерді пайдалануға болады немесе мектептің компьютерлік сыныбында қатысады. Екі жақты коммуникация үйден немесе мектептен шықпай-ақ тікелей сынып бөлмесіндегі сабақ эффектісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақта дәстүр бойынша Мұғалім және жүйеге тіркеліп, қатысып отырған оқушылар болады. Сабақта мультимедиалық жадығаттар: бейне және аудиожазбалар, мәтіндер, иллюстрациялар кеңінен қолданылады.
Онлайн сабақтарды ұйымдастыру үшін білім беру үрдісіне қатысушы субъектілердің байланысын орнататын білімдік орта қолданылады. Ақпараттық-білімдік орта көпшілік жағдайда портал ретінде қолданылады. Портал дегеніміз жылдамдығы жоғары байланыс каналы арқылы ғаламторға қосылған дамыған қолданушылық интерфейсі бар және белгілі бір аудиторияға бағытталған тұжырымдамалық және мазмұндық жағынан кең ауқымды ақпараттық ресурстар мен қызметтерге қолжетімді болатын желілік түйін. Технологиялық тұрғыдан алғанда портал ғаламтордағы ресурстар мен сервистердің жүйелі түрде көп деңгейлі бірігуі немесе біртұтас мәліметтер қоры мен бірыңғай ақпарат алмасу стандарттарымен біріктірілген сайттар жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әрбір білім мекемесі өздерінің білім порталдарын құру үстінде.
Педагогикалық платформа ретінде ақпараттық-білімдік орта оқу үрдісінің барлық түрлерін және білім беруге қатысушы субъектілер арасындағы байланыс түрлерін қолдай алады. Сонымен қатар портал қашықтан әрекеттесу ортасы ретінде әр түрлі ақпараттық ресурстарды жариялау құралымен және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ете алуы керек. Ақпараттық ресурстарға оқу бағдарламалары мен жоспарлары, сабақ жоспарлары, әдістемелік мақалалар мен құралдар, слайдтар жиынтығы, электронды оқыту құралдары, сандық интерактивті мультимедиалық білімдік ресурстар (СИМБР), тестілеуші бағдарламалар, лекциялар мәтіндері т.с.с. жатады. Порталда үлгерім мен білім сапасының мониторингінің нәтижелері, тестілік білім өзіктерінің қорытындылары болуы шарт.
Онлайн сабақты жүргізгенде оқушылар оқу жадығаттарын электрондық оқулықтар, СИМБР түрінде электрондық поштадан немесе порталдан алады.
Онлайн сабақта да дәстүрлі сабақтарға қойылатын талаптар орындалуы керек, яғни әрбір сабақта білім бағаланады, шаблон немесе түсініктерді тексеру арқылы жаттығулар орындалады, оқушыларға электрондық оқулықтардан үй жұмысы беріледі.
Бейнеконференция технологиясында бейне және аудионы жоғарғы жылдамдықтармен беру жаңалықтары, форумдар, чаттар кеңінен қолданылады. Оқушылар порталда тіркелгеннен кейін қолданушы аты мен құпиясөзін алады да, сол арқылы ВСБ-не кіреді. Сабақ жадығаттары дауыстың нұсқаулықтар, бейнежазбалар арқылы беріледі. Сабақ барысында оқушылар мұғалімді көріп отырады, ал мұғалім веб-камера қосулы тұрған қатысушыларды көре алады. Олар микрофоны бар гарнитура арқылы сөйлеседі, PowerPoint презентацияларын, бейнеклиптарды, аудиожазбаларды, суреттер мен мәтіндерді көре алатын мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалім нақты уақытта өзекті ақпараттар алу үшін веб-сайттарға бірлесе кіруі мүмкін.
Пәндер бойынша онлайн сабақтарды жобалау және жүргізу әдістемесі мақсаттардан нәтижеге дейінгі үрдістер автоматтандырылған дидактикалық бірліктер болып табылатын СИМБР-на негізделеді.
Онлайн режимде өтетін сабақтың басты ерекшеліктерінің бірі - қолжетімді технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау. Олар мамандандырылған технологиялар (әрбір жаңа оқиғалардан кейін автоматты жаңарып отыратын браузер терезесі) немесе арнайы технологияға негізделген «чат эмуляторы» болуы мүмкін. Сонымен қатар қолданушының таңдауына байланысты ашылатын оқу курсының немесе жекелеген сабақтық форумдар, әрбір қатысушының электрондық пошта жәшігі және барлығы бірлесе бір мезгілде жұмыс жасай алатын жалпы қолжетімді құжат қолданылады.
Осылайша бір терезеде сабақ ресурстарын қолдану тәсілі арқылы сабаққа қатысушылардың қарым-қатынасы жүзеге асырылады. Осы уақытта ресурс орындалатын қадамдардың реттілігі мен мазмұндық толықтырылуы орындалады. Онлайн сабақта бірнеше үрдістер бір мезгілде жүргізілуі мүмкін, сынып оқушыларын бірнеше топқа бөліп, олармен әр түрлі чаттар, форумдарда әрекеттесіп, басқа топпен тестілеу жүргізуге болады. Бұл кезде сабақтың веб-орындалуы конференция, ойтүрткі, сөзжарыс, байқаулар т.с.с. формасын алады.
Форумда оқу курсы бойынша жалпы ұйымдастырушылық сипаттағы ақпараттар орналастырылады. Әрбір мұғалімге өзінің сәлемдесуін және соның ішінде алдағы сабақтың жоспары мен қажетті нұсқаулықтарды орналастыру ұсынылады. Ең бастысы мұғалім алдағы жұмыс ережелерін нақты белгілеп, қолжетімді оқу жадығаттарын зерделеуді ұйымдастыруды жобалап алуы керек. Бұл пәннің мақсаттары мен міндеттерімен, сабақ мазмұнының бастапқы жағдайымен, курсты зерделеудегі мазмұндық бағыттармен анықталады.
Онлайн сабақтарда проблемалық сұрақтар мен мәселелер жан- жақты талданады. Проблемалық сұрақтар оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, шығармашылық зерттеушілік жұмысқа жетелейді. Сұрақтар алдын ала бағдар ретінде форумда жарияланып, қорытынды талқылауда мини-конференция түрінде оқушылардың ұтымды жауаптарын талдау ұсынылады. Сабақты жобалау үшін мұғалімде қай сабақта басқа сабақтың қандай терминдері қолданылатыны, олардың арасында ортақ сілтемелер барлығын көрсететін «оқу пәнінің картасы» болғаны жөн. Интернет-сабақтар кезінде картадағы мәтіндік сілтемелер арқылы қажетті ресурстарға оңай өтуге болады.
Онлайн сабақ алдында дәстүрлі сабақтағыдай мұғалім қолданылатын үдістемелерін тағы бір рет саралап алады. Қажеттілікке қарай сабақ мазмұны мен түріне толықтырулар енгізілетін болса, бұл туралы оқушыларға хабарлау керек.
Онлайн сабақтарды рольдік ойындар түрінде ұйымдастыруға болады. Сынып оқушылары кіші топтарға бөлініп, өз терезелерінде ұсынылған тапсырманы талқылайды. Топтарға төмендегідей тапсырмалар ұсынылуы мүмкін:

  1. Сабақ мәтінін талдау. Автордың көзқарасы туралы не айтасың?

  2. Аталған көзқарастарға сәйкес ресурстарды интернеттен тауып, сілтемелерін форумға орналастыру.

  3. Берілген тақырыптар бойынша отандық және шет елдік ғалымдардың пікірлерін қысқаша сипаттау.

  4. Тақырып бойынша интернет беттерінде қандай ақпараттар бар, оларға өзіңнің пікірің қандай?

  5. Форумда түсініктерді талқылау, салыстыру, қолданылу жолдарын ұсыну.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет