Онамастика және оның салалары


Топонимдер және оның түрлері



бет3/4
Дата04.06.2022
өлшемі26,97 Kb.
#36315
1   2   3   4
2.Топонимдер және оның түрлері.
Топонимдер - жер бетіндегі кез келген табиғи немесе адам жасаған объектілер атауынан тұратын жалқы есім түрі. Топонимдер гидроним, ороним, ойконим, урбаноним, спелеоним, дромоним, ареноним, дримоним т.б. түрлерге бөлінеді. Атауы бар объектілер нақты аймаққа бекітілген кез келген топоним атау қызметімен қоса объектіге ештеу қызметін де атқарады. Сонымен қатар олар объектінің ерекшелігіне, атаудың идеологиялық және эмоционалды бояуына қарай қосымша ақпарат бере алады. Белгілі бір аймақтың топонимикасы тарихи қалыптасады. Онда өткен дәуір топонимдері сақталады, сондықтан топонимдердің әр қабаты тарихи дәуірге, сол аймаққа қоныстанған халық тарихына қатысты “хаттамага” теңейді. Дегенмен барлық топонимдер осы тұрғыдан талдана алмайды. Оны алдымен географиялык объект атаулары (гидронимдер, оронимдер, аренонимдер) туралы айту керек. Топонимдік жүйеде типдік қатынас орын алған Топонимдерді ономастиканың арнайы бөлімі - топонимика зерттейді. Топонимдердің жалпылық белгілері: Топонимдердің барлық түрлерінің ортақ белгісі - кез келген географиялық объектті атау.
Топонимдердің жекеленуі аталатын объектке байланысты. Осыған орай келесі аталатын объектілер ажыратылады:
• гидрографиялық (өзендер. көлдер, теңіздер, мұхиттар, бұлақтар, құдықтар, каналдар);
• орографиялық (жердің үстінгі қабатының жағымды және жағымсыз рельеф объектілері);
• кез келген жолдар (жер үсті, су, жер асты, әуе);
• кез келген елді мекен (қала, ауыл);
• кез келген қала ішіндегі гопографиялық объект.
• ресми, әкімшілік бөліністерінің кез келген объекті (территория, облыс, аудан);
• кез келген табиғи жер асты объектілер (үңгір, жер асты бұлақтары. көл, құдық, сарқырама):
• флористикалық объектілер (орман массивтер, өсімдік әлемінің реалийлері). Топонимдердің барлық түрлері бір-бірімен белгілі бір жүиелі байланысқан және өзінің семантикалық, сөзжасамдық, морфологиялық құрылымы жағынан сол тілдік жүйеге сай келеді. Сонымен бірге географиялық атаулар ұлттық менталитет, ұлттық таным бойынша ерекшеленеді. Осыған орай топонимдер келесі белгілерге ие:
• әр халықтың географиялық атау жасауында тілдік жүйеге сай келетін белгілі бір заңдылық сақталады;
• атау беруші топтың әлемге көзқарасына сай қоршаған болмыс топонимде беріледі;
• адамның құндылықтарына сай ақпарат топонимде көрсетіледі;
• топоним мазмұны тарихи, әлеуметтік, географиялық және басқа да жегралингвистикалық факторларға байланысты;
■ топонимдер тілдің ұлттық-таңбаланушы белгілері болып табылады;
• топонимдер антропонимдерден кейін ономастикалық кеңістіктің өзегін құрайды (яғни адам санасындағы 63 объектілерді қамтиды және кеңістікте қозғалысының бағыт-бағдары болады):
• ұлттық топонимиканың негізгі қорын көбінесе ана тіліндегі атаулар құрайды;
• топонимдік жүйені жаңа және кірме атаулар толтырады;
■ топонимдер макротонимдер (кеңінен танымал) және микротопонимдер (бір аймақ, бір ауыл көлемінде белгілі) болып бөлінеді.
Семантикалық модельдер: Топонимдердің семантикалық модельдері белгілі бір топонимдер жасауда қолданылған лексемаларды, ұлттық топонимдік жүйенің ерекшелігін көрсететін неғұрлым жиі және раритегті, яғни сирек кездесетін негіздерді бөлетін лексика-семантикалық классификация жасауда анықталады. Қалыптасқан топонимдік классификация әp түрлі топонимдік жүйені екі ірі түрге бөледі: табиғат құбылыстарын атайтын топонимдер және “идам-т абигат " байланысын көрсететін топонимдер. Бірінші түр табиғат құбылысының адам қызметімен байланысын тура көрсетпейді. Екінші түрі адам мен табиғат байланысын тура керсетеді. Аталмыш топтастыру географиялық объектілер ерекшеліктерін толығымен қамтиды, бірақ ол бірқатар шарты да, себебі топонимнің барлық түрін қамтымайды. Топонимнің әр түрі географиялық объекітің әр түрін қарайтынын естен шығармау керек. 1 Табиғат құбылыстарын көрсететін топонимдер келесі семантикалы лексемалардан тұрады:
• объект көлемі (формасы, ұзындығы, кеңдігі. созылмалылығы);
• кеңістіктегі объекттің орны, бағыты;
• объекттің сапалық ерекшеліктері (температурасы. дәмі, түсі);
• объект орналасқан жердің флорасы мен фаунасы; .
• жердің неорганикалық өлемі (пайдалы қазбалар, құрылыс материалдары);
• жер рельефі;
• әр түрлі табиғи құбылыстар т.б.
2. Әлеуметтің (адамның) материалды және рухани мәдениетін білдіретін лексемалар негізін құрайтын географиялық объектілер атауларын біріктіретін “адамтабиғат” байланысын көрсетуші топонимдер:
• адам есімдері (антропонимдер. этионимдер, генонимдер, өлеуметтік жагдайына карай адамдарды атау);
• өндіріс-қожайын құндылықтарының атаулары (тұрғындар үйі, бастырмалар, тұрмыс заттары);
• анатомиялык термиидер;
• адамның рухани мәдениетін білдіретін атаулар (анимистік сенім, жергілікті рухты қасиеттұту, діни және мифологиялық көзқарастар); • әр түрлі тарихи оқиғалар т.б.
Топоним түрлерінің ерекшеліктерін ескерген дұрыс, себебі адам ат тағуда объекттің негізгі белгілерін ( функционалды, жүйелік) көрсететін ақпаратты қолданады. Сонымен қатар ұлттык мәдениет пен ұлттык нақышка тән ақпаратқа ие ұлттық тілдік сананы да ескеру керек. Морфологиялық және сөзжасамдық құрамы: Топонимдердің морфологиялық талдау және құрылымдық түрін анықтау классификациясы толығымен жасалған. Әр түрлі топонимдік материалдар және негіздер (сөз таптарын, топоним жасауда қатысушы жеке формаларын анықтау, топоним құрылымындағы компоненттерді, туынды негізді бөлген) бойынша жасалған бірнеше классификация бар. Көптеген топонимдік зерттеулерде топоним жасауда барлық дерлік сөз таптары (зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, етістік формалары, кей кезде есімдік пен үстсу) катысады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берген бай тапонимдік материалдар келтірілген. Топонимдер бір сөзден (дара: туынды және туынды емсс, күрделі және құрамды), сөз тіркесінен (басыңқы, бағыныңқы және предикатив қағыныстағы құрылымдар), сөйлемнен тұрады. Көптеген зерттеушілер топоним жасауда географиялық терминдердің көп жағдайда қатысатынын байқаған. Мысалы, гидроним, ороним жасауда географиялық терминдердің сөзжасамдық қызметі жоғары және олар көп компонентті атаулардың соңында берілсді. Сөзжасам тұрғысынан топонимдер әр түрлі сөзжасам тәсілдерімен жасалады:
• лексика-семантикалык (топонимдік бір негізді аффиксіз құрылымдар: каз. Апан, Жыра. Жіңішке. орыс. Маяк. Раздал. Прогресс):
• лексика-синтаксистік (топоним қызметін атқарушы сөз тіркестері, кей кезде тұтас сөйлемдер;)
• морфологиялық (түбірлердің бірігуі: каз. Қайыңбулақ. Балтаөзек ; орыс. УстьКаменогорск, Красноярка ; аффиксті: каз. Қайыңды, Кендірлі. Жайылма: орыс. Таловочка, Быструшка, Песчанка). Топонимдердің жасалу тәсілдеріне қарай қазақ (кенінен алғанда түркі) тіліне предикатив конструкциялы болып келетін күрделі топонимдер топ болса (Таужылағъан, Тақиякеткен), орыс (кеңінен алғанда славян) тілі топонимдерінің жасалу ерекшелігі - жұрнактың жалғануында. Топонимдердің жасалу жолдарын зерттегенде, ең алдымен қай тілге қатыстылығын аныктау қиынлығы туындайды Топоним - белгілі тілдің сөзжасамдық құралдары және модельдері арқылы жасалатын тілдік бірлік. Белгілі бір тарихи-хронологиялық дәуірде кірме топонимдер қабылданып, толығымен ана тілге бейімделуі мүмкін. Кез келген топонимнің түбірін анықтау үшін экстраналды - вистикалык деректі қолдану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет