Өндіріс процесстерінің кезінде сапаны бақылау Жоспар: Кіріспе


Өнім сапасын басқару жүйесі



бет5/6
Дата03.12.2023
өлшемі50,25 Kb.
#133630
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өндіріс процесстерінің кезінде сапаны бақылау

Өнім сапасын басқару жүйесі
Мемлекеттік стандартқа сай, өнім сапасын басқару – бұл өнім сапасына әсер ететін жағдайлар мен факторларға мақсатты бағытта ықпал ету және сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы жүзеге асырылатын өнімді өңдеу, өндіру, айналымы және пайдалану немесе тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және қолдау.
Өнім сапасын басқару жүйесі эволюциясының ХХ ғасырда бірнеше кезендері болды.
І кезеңде ХХ ғасырдың басында Ф.У. Тейлор сапаның жоғарғы және төменгі шектері, рұқсат етілген аймақ түсініктерін қамтитын жүйені ұсынды, сапа жөніндегі тәуелсіз инспектор қызметін, ақаулы және жарамсыз өнімдер шығаратындар үшін айыппұлдар жүйесін орнатты.
ІІ кезеңде (20-50− ші жылдары) сапаны бақылаудың статистикалық әдістері дами бастады.
ІІІ кезеңде (50-80 жылдары) шетелдерде де, біздің елімізде де алғаш рет фирма ішілік жүйелер пайда болды. Бұл жүйелерде сапаны қамтамасыз ету әдістерін жалпы менеджемент негіздерімен үйлестіру басталды.
Россияда Саратовтың ақаусыз өнім өндіру (АӨӨ) жүйесі, Львовтың ақаусыз еңбек жүйесі, Горьковтің ССАӨР жүйелері сияқты жүйелер кеңінен танымал болды және кәсіпорындарда қолданыла бастады. АӨӨ жүйесінің мәні – әрбір жұмыс орнында технологиялық процесс талаптарын қатан сақтау және өнімдерін техникалық бақылау бөлімі алғаш талап еткен кезден бастап беру болып табылады. Басқару объектісі тек өндірістік саты мен жеке орындаушының еңбек сапасы болып табылады.
Львовтың ақаусыз еңбек жүйесі, ААӨ жүйесі сияқты, ең алдымен, тікелей орындаушылардың жоғары еңбек сапасына бағытталады, бірақ басқару объектісі өнімнің өміршендік циклының кез келген сатысы бола алады.
Горьковтің ССАӨР (сапа, сенімділік, алғашқы өнім ресурсы) жүйесінде негізгі басқару объектісі өндірісті жобалау және технологиялық дайындау сатылары болады, мұнда құрастыру және технологиялық құжаттардың жоғары деңгейі қамтамасыз етілуі керек, ал жаңа өнімнің тәжірбиелік үлгісі ресурстарды сынақтан өткізу негізінде сенімді және ұзақ мерзімді кепілдендірілген деңгейде болады.
Өнімнің өміршендік цикллінің барлық сатысын қамтитын ең кешенді жүйе ӨСБКЖ (өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі) болып табылады, ол 70−жылдардың ортасында Жоғарғы ғылыми-зерттеу институтының стандарттауынан құралған. Бұл жүйе ұйымдастырылған жобалау объектісі болып табылады. Оның негізін кәсіпорындар стаедарттар құрайды.
80 жылдары (IV кезең) өнім сапасын басқару өнімнің өміршендік циклінің барлық сатысында бүкіл өндірісті басқару деп қарастыратын жүйелер пайда болды. Мұндай жүйелерге TQM (total quality management-сапаны жалпы басқару) жүйесі жатады, бұл жүйе 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарына негізделген жүйе.
TQM сапаның үнемі жақсаруына, өндірістік шығындардың азаюына және өнімді дәл уақытында жеткізіп беруге бағытталған кешенді жүйе болып табылады. Жүйенің негізі мына принциптер болып табылады:

  • өнімнің ақауының болмауы;

  • өндірістік емес шығындардың болмауы;

  • түтынушыларға өнімді дәл уақытында жеткізіп беру.

TQM негізі – сапаның жақсаруының шегі жоқ.
1987 жылы АҚШ, Канада, ФРГ елдерінің қатысуымен халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) техникалық комитеті 9000 сериялы бес халықаралық стандарттарына ы дайындады және бекітті, бұл стандарттарыда өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесі, оның ішінде, өнімді өңдеу, өндіру, өнімді сынақтан өткізу мен бақылауларын ұйымдастыру, өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау талаптары белгіленген. ИСО 9000 халықаралық стандарттары сапа жүйелері бойынша келесідей бес атаудан тұрады:
ИСО 9000. Сапаны жалпы басқару және сапаны қамтамасыз ету стандарттары. Таңдау және қолдану жөніндегі басқару нұсқаулары.
ИСО 9001. Сапа жүйесі. Жобалау ненмесе өңдеу, өндіру, монтаждау және қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз ету үлгісі.
ИСО 9002. Сапа жүйесі. Өндірісте және монтаждауда сапаны қамтамасыз ету үлгісі.
ИСО 9003. Сапа жүйесі. Соңғы бақылау мен сынақ өткізуде сапаны қамтамасыз ету үлгісі.
ИСО 9004. Сапаны жалпы басқару және сапа жүйесінің элементтері. Басқару нұсқаулары.
Бұл стандарттардың артықшылығы төмендегілерге бағытталғандығында болып табылады:

  • жүйелік тәсілдің сапасын басқаруға қолданылуына;

  • сапаның тұтынушыға бейімделуіне;

  • өнімнің өміршендік циклінің барлық сатылары бойынша өнім сапасына қойылатын талаптарды тәртіпке келтіруге;

  • барлық негізгі қызметтері бойынша сапаны басқаруға;

  • өнім сапасына қойылатын нақты талаптарды құжат түрінде дайындауға;

Халықаралық стандарттардың дамушы сипатын, сонымен қатар олардың халықаралық нарыққа шығу кезіндегі реттеуші рөлін ескере отырып, ИСО 9001, 9002, 9003 стандарттары Ресейде тікелей пайдалану үшін қабылданды. Мемлекеттік стандарт оларға сәйкес мемлекеттік стандарттар бекітті.
Кәсіпорынға енгізілетін сапа жүйесі сапа саласында оның нақты қызметінің ерекшеліктерін есепке алу арқылы белгілі бір мақсатқа жету үшін белгілі бір саясат жүргізуді қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылыды.
Сапа саласындағы саясат ұзақ мерзімді мақсат түрінде қалыптасады және мыналарды қарастырады:

  • кәсіпорынның экономикалық жағдайын қарастыру;

  • өнім өткізу нарықтарын кеңейту немесе жаулап алу;

  • алдынғы қатарлы фирмалар деңгейінен артық болатын өнімнің техникалық деңгейіне қол жеткізу;

  • белгілі бір салалардағы немесе белгілі бір аймақтардағы тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бейімделу;

  • жаңа қағидаларға сай жүзеге асырылатын функционалдық мүмкіндіктерді, өнімді игеру;

  • өнім сапасының ең маңызды көрсеткіштерін жетілдіру;

  • өндірілетін өнімнің ақаулылық деңгейін төмендету;

  • өнімге берілетін кепілдік мерзімін ұзарту;

  • қызмет көрсетуді дамыту.

ИСО стандарттарына сәйкес өнімнің өміршендік циклы 11 кезеңнен (сапа негіздерінен) тұрады:

  1. Маркетинг, нарықты іздеу мен зерттеу

  2. Техникалық талаптарды жобалау және өндеу, өнімді өндеу.

  3. Материалдық-техникалық жабдықтау.

  4. Өндірістік процесстерді өндеуге дайындық.

  5. Өндіріс.

  6. Бақылау, сынақ жүргізу және зерттеу.

  7. Орау және сақтау.

  8. Өнімді өткізу және бөлу.

  9. Монтаж және пайдалану.

  10. Техникалық көмек және қызмет көрсету.

  11. Сынақтан өткізгеннен кейінгі пайцдалану.

Сапаны басқару жүйесіне әрбір кезең бойынша кәсіпорын стандарттары түрінде дайындалған, өнім сапасының талаптарын реттейтін құжаттар кешені кіреді.
ИСО 9000 стандарттары сапаны басқару жүйесіне спа саласындағы саясаттан басқа, мынадай ішінара жүйелер кіреді:

  • сапаны қамтамасыз ету өнімнің өміршендік циклінің әрбіркезеңінің орындалуы үшін қажетті жағдайларды құрайтын және оның сапасына қойылатын барлық талаптардың қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін жоспарланған және жүйеленген түрде жүргізілетін іс-шаралар жиынтығын қамтиды.

  • Сапаны басқаруға жоспарлау, реттеу, есепке алу, бақылау, өнім сапасын талдау сияқты басқару функциялары негізінде басқарушешімдерін қабылдау жатады.

  • Сапаны көтеру — өнім сапасын жақсарту бойынша үздіксіз жүргізілетін іс-шаралар

Сапаны басқару жүйесінің өңделген құжаттарында ИСО 9000 стандарттарының талаптары, кәсіпорынның салалық ерекшеліктері, сонымен қатар, тұтынушылардың арнайы талаптары көрсетіледі.
Сапаны басқару жүйесі сертификат алу, яғни аттестациядан өтеді. Кәсіпорынның сапа жүйесінде сертификатының болуы түрлі жобаларға қатысу үшін оның тендірге жібеорілу шарттарының бірі болып табылады.
Сапаны басқару жүйесі ИСО 9000 базасында, егер ол TQM типіндегі сапаны басқару жүйесімен біріктірілсе өте тиімді болады.
2000 жылы сапаны басқару саласындағы тәжірбиені жинақтап қортындылаған халықаралық стандарттың жаңа версиясы жасалынды. Мұның алдындағы версияға (ИСО:1994) енгізілген негізгі өзгерістер ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады:
— стандарттардың жалпы саның қысқарту;
— тұтынушылады қанағаттандыруға бағыттау;
— стандарттарды үздіксіз жетілдіру;
— құжаттардың ең қисынды құрылымы;
— ұйымды басқарудың процестік тәсілі.
2000 жылы желтоқсанда Ресей Федерациясы Мемлекеттік стандартты халықаралық стандарттың жаңа ұйғарымын бекітті: ИСО;2000:9000:2000 сериялы ИСО стандарттарында қарастырылған әдістемеге сәйкес, прцесс – бұл нәтижесі сандық көріністе болатын белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекет. Процесстік тәсілді жүзеге асыру үшін кез келген ұйым өзінің іс-әрекетінде төмендегілерді қамтамасыз етуі керек:
а) сапаны басқару жүйесініңбарлық элементтері бойынша шектеулі ресурстарды бөлуді қарастыратын элементтік тәсілден айырмашылығы-фирма іс-қызметіне жоғары дәрежелі нәтиже алып келетін қатаң анықталған процесстерде ресурстардың шоғырлануы;
б) «кіру-шығу», яғни, сапа басқару жүйесі шегінде қызымет ететін баолық прцесстердің «ресурстар-нәтижелер» арақатынасын тұрақты бағалау.
Осыған орай, процесстік тәсілді пайдалану арқасында кез-келген сапаны басқару жүнкцияларды (жоспарлау, үйлестіру, реттеу,бақылау,есепке алу,сапаны талдау) басқарудан нәтижені басқаруға қайта бейімделуі қажет, бұлардың жиынтығы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің және өнімнің сапасын басқару жүйесінің тиімділігін жоғарлатуды қамтамасыз етуі керек.
ИСО 9000:1994 сапаны басқару жүйесінде кәсіпорындарға бөлініп берілген сертификаттардың әлі белгілі бір уақытқа дейін күші жойылмайды. Болашақта олар ИСО жаңа ұйғарымымен қайта қаралуы қажет.
Сапаны басқару жүйесінің ұйымдық қамтамасыз етілуі сапаны басқару жүйесін басқарудың Ұымдық құрылымы арқылы жүзеге асырылады. Ол кәсіпорындарды басқарудың ұйымдық құрылымы шегінде белгіленіді және басқару қызметкерлері сияқты, сапаны жалпы басқару, қамтамасыз ету және сапаны жоғарлату қызметтерін тікелей орындаушылардың да құқығы мен міндеттемелерін бөлу болып табылады (2-сурет сапаны басқару қызмет-ң құрылымы).
Өнім сапасын басқару жүйесінің басты мақсаттары:

  • сапа жөніндегі барлық бөлімшелер қызметтерінің үйлестірілуі;

  • өнімнің жекелеген түрлерінің сапасын басқару және қамтамасыз ету әдістерін өңдеу;

  • сапаны басқару бойынша оқу бағдарламаларын дайындау;

  • кәсіпорының сапа жөніндегі қызметінің нәтижелерін талдау;

  • сапа жүйесін және оны жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыруды кезендік тексеру.

Ол сонымен қатар, көптеген кәсіпорында жеткілікті дами қоймаған бірқатар қызметтер атқарады. Мұндай қызметтерге төмендегілерді жатқызуға болады:

  • кәсіпорынның нарықтағы өніміне сұраныс пен қажеттіліктерді зерттеу және болжамдау;

  • өнімнің өміршендік циклының түрлі сатыларындағы сапа туралы қажетті мәліметтерді жүйелендіру және жинау;

  • сапаны кешендік техникалық-экономикалық талдау, оны қамтамасыз ету шығындары және сапа жүйесі мен өнімнің сертификациясы жөніндегі мәліметтерін дайындау, сапаны басқару жүйесі мен өнімнің сапасын жоғарлатудағы экономикалық тиімділікті бағалау.

Сапаны басқару бөлімі осы қызметтің орталық бөлігі болып табылады. Ол сапаны басқару жүйесі бойынша барлық құжаттарды жасауды үйлестіреді, өнімнің жобалау конструкторлық зерттеуінен бастап, өнімді өткізу сатысындағы сапасын бақылауға дейін, сапаны басқару жөніндегі барлық қызметтердің орындалуын бақылайды.
Сапаны басқару бөлімі кәсіпорынның барлық бөлімдері мен қызметтеріне өнімнің жаңа сапасына және негізгі пішініне тұтынушылардың сұраныстары мен талаптары туралы мәліметтерді беру үшін сапа жөнінде ақпараттарды жинақтап қорытындылайды және талдау жасайды. Сапаны басқару бөлімінің маңызды қызметі — өнімнің өміршеңдік циклының барлық кезеңдерінде оның сапасын қамтамасыз ету шығындарын оңтайландыру және талдау, сонымен қатар, сапаны басқару жүйесінің өзінің тиімділігін бағалау болып табылады. Сертификаттау бөлімі шығарылатын өнімдерді, сапаны басқару жүйесінің өзін сертификаттау үшін қажетті құжаттарды дайындайды. Техникалық бақылау бөлімі кәсіпорын директорына тікелей бағынышты бола отырып, қызметіне қарай сапа жөніндегі директордың орынбасарына бағынады.
Сертификаттау — өнімнің қойылған талапларға сай келетінін дәлелдейтін іс-әрекет.
Сертификаттау келесідей мақсаттарға жетуге бағытталған:
— біртұтас тауар нарығында кәсіпорынның және ұйымның іс-қызметіне, сондай-ақ, халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуға жағдай жасау;
— тұтынушылардың өнімге жетік талдау жасауына көмектесу;
— өнімнің бәсекеге қаблеттілігін жоғарлатуға және оны экспорттауға көмектесу;
— тұтынушыларды арам ниетті өндірушілерден қорғау;
— өнімнің адам өміріне, денсаулығына, мүлікке қоршаған ортаға қауіпсіздігіне бақылау жасау;
— өндіруші ұсынған өнім сапасының көрсеткіштерін дәлелдеп бекіту.
Сертификаттаудың зерттелген ережелері мен шарттары – халықаралық стандарттау ұйымының, халықаралық электротехникалық комиссиясының және ИСО 9000 халықаралық стандарттарының басшылығымен жасалған заңдық күші бар халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес құрылған.
Сертификаттаудың негізінде мынадай принциптер бар:

  1. Сертификаттау критерийлерін таңдау. Критерий дегеніміз – шығарылған өнімнің ұлттық стандартқа сай келуі;

  2. Сертификаттаудың 10 жұйесі ішінен біреуін таңдау;

  3. өнім өндірісінің технологиялық процесінің тұрақтылығы, сапа басқару жүйесін пайдалану, оны бағалау және іс-әрекеттерін бақылау;

  4. Сертификаттау жұмыстарын жүргізу мен сынақ өткізу нәтижесінің объективтілігі мен тәуелсіздігі. Сертификаттау оң нәтиже берген жағдайда, өнімге таңба, сертификат белгісі, сәйкестілік сертификаты түрінде дәлелдеме куәліктері беріледі.

Өнім сапасының жүйелерін сертификаттау 9000 сериалы ИСО стандарттарының нормативтік үлгісіне негізделеді.
ГОСТ Р 40. 003-96 сәйкес сапа жүйесін сертификаттауда үш этап бөлініп көрсетіледі:

  1. Сапа жүйесін алдын-ала бағалау;

  2. Сапа жүйесін ең соңғы тексеру және бағалау;

  3. Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бақылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет