Байланысты: Өндіріс процесстерінің кезінде сапаны бақылау
Кәсіпорынқасиетінің көрсеткіштері Кәсіпорын қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.
Экологиялық көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі).
Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).
Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.