Өндірісті басқару: негізгі түсініктер, мақсаттар мен міндеттер



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі13,61 Kb.
#132537
1   2   3
Функционалдық кіші жүйелердің құрамы негізінен экономикалық жүйенің ерекшеліктері, оның салалық құрылымы, меншік нысаны, көлемі, кәсіпорын қызметінің сипаты бойынша анықталады.
Функционалдық кіші жүйелері әртүрлі қағидаларға сәйкес құрылуы мүмкін:

  • пәндік;

  • проблемалық;

  • функционалды;

  • аралас (пәндік-функционалды).


Өндіріс құжаттамасы фармацевтикалық өнеркәсіппен дайындалады және онда аталған алаңда, және іргелес немесе көршілес ғимараттардағы әртүрлі тығыз байланысты операциялар:сапаны басқару іс-шаралары, өндіріс пен сапаны тексеру туралы нақты және толық ақпарат болуы тиіс. Егер көрсетілген аймақта фармацевтикалық операциялардың кейбір бөліктері ғана жүргізілсе, мысалы, талдау, буып-түю және т.б. онда ӨҚ тек осы операцияларды сипаттайды.
Өндіріс аймағының құжаттамасы өнеркәсіптің сапаны қамтамасыз ету жүйесінің құжаттарының бір бөлігі болады және соған сәйкес нұсқа нөмірі, сонымен қатар қолданысқа ену күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілуі қажет. Ол үздіксіз жаңарып тұру және ағымдағы іс -шараның бейнесінің кепілі ретінде жүйелі түрде қайта қаралып тұруы қажет.
Өндіріс_аймағының_құжаттамасының_мазмұны_бойынша_келесі_бөлімдерден_тұрады:__Өнеркәсіп_туралы_жалпы_ақпарат'>Өндіріс аймағының құжаттамасының мазмұны бойынша келесі бөлімдерден тұрады:

  • Өнеркәсіп туралы жалпы ақпарат

  • Өнеркәсіптің сапаны басқару жүйесі

  • Қызметкерлер

  • Ғимараттар

  • Құрал-жабдықтар

  • Құжаттар

  • Өндіріс

  • Сапаны бақылау

  • Валидация

  • Келісім шарт бойынша өндіріс

  • Көтерме сату, шағымдар, рекламация және сапасыз өнімді қайтарып алу

  • Өзін-өзі тексеру

«Өндірістік менеджмент» пәнінің мақсаты өнеркәсіптің өндірістік қызметімен байланысты, басқарушылық шешімдерді қабылдау саласында, студенттердің теориялық білімдері мен тәжірибелік машықтануларын қалыптастыру болып табылады.


Пәннің тапсырмалары:

  • өндірістік сала және қызмет саласы өнеркәсібінің өндірістік (операциялық) қызметін басқарудың теориялық негізін зерделеу.

  • өнеркәсіптің өндірістік (операциялық) қызметінің басқару саласында стратегиялық, тәсілдік және шұғыл шешімдерді қабылдау әдістерін игеру.

  • өндірістік (операциялық) менеджменттің саласында шешімдерді қабылдау, әдістер мен амалдардың кең шеңберін пайдалануды, соның ішінде жаңа ақпараттық технологиялар базасын игеру.


Өндірістік менеджменттің объектісі болып, өнім жасау, жұмыстарды орындау және пайдаланушыларға қызмет көрсетуі бойынша қызметі жатады. Бұл қызмет негізінен кәсіпорын деп аталатын ұйыммен жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет