Педагогикалық практикадан өту уақытында, оқу тәрбие үрдісінде университеттен алған білім, білік және дағдыларымды шыңдадым.
Мен бұл педагогикалық өту барысында ең бірінші оқушылармен байланыс жасауды, мұғалімдермен тіл табысуды үйрендім.Кез келген ортаға сіңісіп кету кез келген адамдың қолынан келе бермейді деп ойлаймын. Және балаларға ұрысып қатал тәртіппен ғана емес олардың тілін тауып, алдап оқыта білген дұрыс деген шешімге келдім. Және де әрбәр оқушы бір тұлға екендігін ескерсек, оның ішкі жан дүниесін, психологиясын мұғалім түсіне білуі тиіс. Және де мен топ алдында қысылмай сөйлеуді үйрендім. Ол мен үшін үлкен өзгеріс. Мұғалімдік өмірдің қызығымен шыжығын түсіндім.Және де Мен жетекшім Эльмира ұстазбен көптеген мұғалімдермен пікір алмастым.Мен өзімді мектеп ұстазы ғана емес жалпы ұлт ұстазы болсам деген шешімге келдім. Кез келген орта да тәрбие, үлгі өнеге көсетемін деп шештім. Мектеп ұстазы емес сонымен қатар ұлт ұстазы деген жақсы емеспе. Жалпы мен өзімнің ұнататын салам екенін түсіндім. Болашақта осы салада жұмыс жасасам өкінбеймін.
Практика барысында мектептің оқу жоспарлау жұмыстарымен (Күнтізбелік – тақырыптық жоспар, тәрбие жоспары, сабақ жоспары танысып) оларды жүргізу жолдарын меңгердім. Сабақтың мақсат, міндетін дұрыс анықтап, конспекті жоспарын жазуды үйрендім. Сондай-ақ оқушылармен тіл табысып, олармен ашық пікірлесуді үйрендім. Сыныпта тәрбие жұмыстарын жүргізе отырып, мен өзімнен сынып жетекшісі ретіндегі жауапкершілікті сезіндім.
Қорыта келе, педагогикалық практика өз деңгейде әрі қызықты өтті. Ол өзімді тарих пәні мұғалімі және сынып жетекшісі ретінде сезінуге мүмкіндік берді.