Топонимияда таулы аймақ ландшафттарынын бейнелену дәрежесі



Дата08.11.2022
өлшемі0,74 Mb.
#48653
түріҚұрамы
Байланысты:
оронимы топонимика

Топонимияда таулы аймақ ландшафттарынын бейнелену дәрежесі


Қазақстан аумағында оронимдер құрамында тау топоформанты жиі кездеседі. Бұл терминнің көне формасы таг, тақ. Қазақстанда ғана емес, жалпы Орта Азияда көптеген оронимдер құрамында сақталып калған. Бұл терминдердің көне екендігін Геродот келтірген Алтунтаг (Алтынтағ) және Мастаг (Мұзтағ) оронимдері дәлелдейді. Осы ретте Қазақстан аумағында да «тағ» топоформанты кейбір оронимдер құрамында сақталып қалғанын анықтадық. Мысалы, Сарыарқадағы Тағылыоба, Жақсы Тағылы, Жаман Тағылы тауларының, Жетісу Алатауындағы Тақтамык шоқысының атауларындағы «тағ» пен «тақ» көне түркілік элемент болып табылады. Сарыарқадағы Тағылы атауындағы тағы әдетте «жабайы аң» мағынасында түсіндіріледі. Осы топтамадағы атаулардың барлығының да тауға қатысты екендігін ескерсек, бұл оронимдердің көне «тағ» сөзімен байланысы айқындала түседі. Қазақ тіліндегі «тақ» сөзі де «хандар, патшалар отыратын биік орыңдық» мағынасын білдіретіндігін де осы-көне негізбен түсіндіруге болады
География ғылымы табиғи нысанды сипаттап, зерттеп беру арқылы, сөз жоқ, тілші-ғалымдарға тілдің аясынан тыс, бірақ аса қажетті мəліметтер береді.
Мəселен, тілші Мұғалжар оронимінің мағынасын анықтау үшін, ол тауды барып көруі керек, болмаса географиялық сипаттамасына сүйенуі керек. Топонимика кешенді ғылым болғандықтан, тек тілдік тұрғыдан ғана қарастырып, сыртынан тон пішу ғылыми əдіске жатпайды. Сонымен, Мұғалжар тауының географиялық сипаты мынадай: «Мұғалжар Орал тауының оңтүстігінде, Қазақстан жеріндегітабиғи жалғасы болып табылады. Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмасы – оның шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік болыпкеледі... Мұғалжар оңтүстікте төбелері тегіс аласа қырқаларға жəне жеке дара тұрған Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады. Сарыарқа сияқтыМұғалжар да шөгінді жəне магмалық жыныстардан түзілген ежелгі таулы өлке
Тілдік тұрғыдан келгенде, атаудың бірінші сыңары «мұқ/моқ>моқал (тұқыл, мұқыл)» туынды түбірі «мұқалған, мүжілген», «аласа» мағыналарын береді. Ал екінші сыңары кəдімгі жар (жарқабақ) сөзі тау орографиялық терминін ауыстырып тұр, өйткені таудың шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік (жарлы) болып келеді.Сонымен, Мұғалжар<Мұқалжар (Моқолжар) оронимі «аласа, мұқыл, мұқыр жар(тау)» деген ұғым тудырады демекпіз. Атауға уəж болып тұрған екі белгі бар: бірі – оның мүжілген, ескі тау екені, екіншісі– таудан гөрі жарға ұқсауы.
Алатау оронимі көне деп есептеледі. Ғалымдар мұны ала сөзінің ежелгі түркілік сөз қатарына жататындығымен түсіндіреді. Г. Қоңқашбаев (1951) Алатауды «қарлы таулардың жалпы атауы» деп түсіндірсе, Э.М. Мурзаев (1984) бұл атау типологиялық маңызға ие екендігін атап өтіп, «мәңгі қар жамылғысы сақталатын және биіктік белдеулілік тап тауларға» берілетінін туралы жазған. Орыс зерттеушісі Е.К. Мейендорф бұл атауға қатысты осыған ұқсас пікір айтқан: «Бұл таулардың«ала» аталуы кейбір шыңдарын мәңгі қар басып жатуына және кейбірінде қардың мүлде дерлік болмауына байланысты ақ нен қараның араласуы болады. Осы ала-құлалық тау атауына себепші болған». Қазіргі кезде Қазақстанда ондаған Алатаулар бар. Ірі тау жоталары мен жүйелерінің тауларындағы Алатау көбінесе Жоңғар Алатауы, Жетісу Алатауы сияқты «кітабы» түрдегі тіркес сөздермен күрделенген.
Тау типін білдіретін келесі бір атау - Қаратау. Алатауға керісінше, бұл атау қар жамылғысы жазда еріп кететін, онша биік емес тауларға қатысты қолданылады. Қазақстан аумағындағы осы тектес таулардың бірі - Тянь-Шань жүйесіндегі таулардың солтүстік- батысында орналасқан Қаратау жотасы. Негізінен Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарыпың аумағына енетін бұл тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан. Палеозойлық әктастардан, құмтастардан және түрлі құрамдағы конгломераттардан тұратын Қаратаудың биік нүктесі - Бессаз тауы (2175 м). Қаратаудың жатыс бағыты оның жер бедерінің тік жіктелуінің изосызықтарында көрініс тапқан, мұнда ежелгі тегістелу беттері де бар. Бір қарағанда,тау төбелері жайдақтау болып көрінгенімен, мұнда шатқалды, тік беткейлі және жартасты болып келетін оқшау орта таулы массивтер кездеседі. Қаратаудың осы аталған ерекшеліктері оның топонимиясында өзіндік көрініс тапқан.
Қаратау

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет