Өндірістік практика барлық мамандықтағы білікті мамандарды, оның ішінде құрылысшыларды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Практикадан өту кезінде теориялық оқыту нәтижелерін бекітіп, нақтылаймыз
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сәулет-құрылыс факультеті «Өндірістік және азаматтық ғимараттарды жобалау технологиясы» кафедрасы Өндірістік практика бойынша ЕСЕП
Орындаған:______ТПГС-43 тобының
студенті Әбдібекұлы Н.
Қабылдаған:_____Есенгабулов С.К.
Нұр – Сұлтан 2021 Мазмұны Кіріспе
Кіріспе Өндірістік практика барлық мамандықтағы білікті мамандарды, оның ішінде құрылысшыларды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Практикадан өту кезінде теориялық оқыту нәтижелерін бекітіп, нақтылаймыз. Құрылыс мамандығы және берілетін біліктілік бойынша практикалық жұмыс дағдылары мен машықтарын меңгереміз.
Мен, Әбдібекұлы Нұрымжан ИП«РАЙЯНА» жеке кіші компанияда 15.02.2021 ж. – 8.05.2021 ж. аралығында өндірістік практикадан өттім. Өндірістік практиканың басты мақсаты жоғары оқу орнында алған білімімді тәжірибе жүзінде толықтыру және жетілдіру. Практикадан өту мерзімінде ұйымның шынайы өндірістік жұмыстарымен, құрылыс өндірісінің ерекшеліктерімен және объектіде немесе құрылыс индустриясы кәсіпорындарында қолданылатын құрылыс процесстерінің техгологиясымен, құрылыс сапасын арттыру жұмыстарын және құрылыстың өзіндік құнын ҚР нормативтеріне сәйкес есептеуді үйрендім және практика кезінде диссертациялық жобама қатысты негізгі мәліметтерді жинақтадым.
Өндірістік практика кезінде университет қабырғасында алған барлық теориялық білімімді барынша шындап, болашақ мамандығым үшін көп пайдасы тиді. Өндірістік практиканың бастапқы мақсаты жобалау мен құрылыс материалдарын өндеу саласында біліктілік тәжірибені машықтандыру.
Нақты құрылыс нысандарында болып жатқан процесстерді көріп, жаңа технологиялармен таныстым. Өндірістік практиканың мақсатының бірі ол жаңа технологияларды, бағдарламаларды үйрену болса мен сол жұмыстарды атқардым.
Өндірістік практика кезінде жинақтаған тәжірибемді әрі қарай Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясын дамытуға, құрылыс процесстерінің сапасын арттыруға, құрылыс процесстеріне жаңа технологияларды енгізуге пайдаланамын.