Өндірістік практикадан есеп беру



бет1/4
Дата30.06.2023
өлшемі341,41 Kb.
#103849
  1   2   3   4

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Ғұмарбек Дәукеев атындағы коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті»
Өндірістік практикадан есеп беру
Мамандығы: 6B07119 – Электр энергетикалық жүйелер
Орындаған: Ыбырайхан К
Тобы: ЭЭСк-20-3
Қабылдаған: Тоғжанова Ж

____________ __________ «______» _________ 2023 ж.


(бағасы) (қолы)

Алматы 2023


Кіріспе

Біздің заманымызда қоғамның өндірістік күштері дамуының ең басты керсеткіші – өндіріс және энергия тұтыну дережесі. Сонда жетекші рөл атқаратын электр энергиясы – энергияның әмбебап және пайдалануға ыңғайлы турі. Егер энергия тутыну дүние жүзінде 25 жылда (шамамен) екі есе артады десек, электр энергиясын тұтыну орта есеппен 10 жылда екі есе артады. Бұл – энергия ресурстарын жұмсаумен байланысты процестер саны усті-устіне электр энергиясына кешеді деген сөз.


Энергетикалық жүйе – өзара және энергия тұтынушылармен электр энергиясын жеткізу желісі арқылы жалғасқан электр станцияларының жиынтығы (торабы). Энергиялық жүйенің құрамына:

  • жылу электр станциясы;

  • атом электр станциясы;

  • су электр станциясы;

  • электр энергиясын жеткізу желісі;

  • қосалқы электр станциялары;

  • жылу және электр желісі, жылу және электр энергиясының қабылдағыштары енеді.

Тұтынушыларды электр энергиясымен Энергиялық жүйе арқылы қамтамасыз етудің жеке электр станция арқылы қамтамасыз етуге қарағанда төмендегідей артықшылықтар бар: энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі артады; жергілікті энергетика қор (отын және су энергиясы) тиімді пайдаланылады; электр станцияларының жүктемесін өзара тиімді етіп бөлу нәтижесінде электр энергиясының өзіндік құны кемиді, қуатты қондырғыларды пайдалану мүмкіндігі жасалады, резервтік қуат азаяды. Энергиялық жүйе әдетте бір ортадан басқарылады. Бір жалпы оперативтік диспетчерлік пункттен басқарылатын бірнеше Энергиялық жүйе біріккен энергетикалық жүйе құрайды.
Электрлік жүйе – бұл электр энергия жүйесінің ішіндегі қайта өндіру, іске асыру, беру және электр энергиясын пайдалануды шартты түрде іске асыратын бөлім. Нәтижесінде апаттық жағдайда жүйеде өтпелі процесс пайда болады, соның салдарынан бір режімнен келесі режімге өту процесі жүреді.
Жүйенің жұмыс істеу режімі – бұл электрлік жүйенің жұмысын және оның әртүрлі уақыт моментінде болу процестерінің жиынтығы. Режімнің параметрлері: кернеу, қуат, тоқ және т.б. Олар өзара параметрлік жүйемен байланысқан. Жүйенің параметрлері: кедергі, өткізгіштік, трансформация коэффициенті, тұрақты уақыттар және т.б. элементтердің физикалық сипатымен анықталады.
Электрлік жүйенің жұмыс режімі бірнеше түрге бөлінеді:
1) Орнықталған қалыпты жағдай – бұл жүйенің күйі, жұмыс істеу режімі шектен шыққан кезде параметрлерді өзгеріссіз есептеуде мүмкіндік береді.
2) Қалыпты өтпелі режім – бұл жүйенің қалыпты эксплуатациясы кезінде пайда болады (жүктеменің өзгеруі, синхронды машиналардың синхронды емес жағдайда қосылуы және т.б.).
3) Апаттық өтпелі режім – бұл электрлік жүйеде мынадай жағдайларда, мысалы: қысқа тұйықталу, кенеттен жүйенің элементінің ажырауынан және қайталап қосылу кезінде және т.б. жағдайларда пайда болады.
4) Аппаттан кейінгі орнықталған режім – электрлік жүйенің элементтері істен шыққаннан кейін пайда болатын режім. Бұл жағдайда апаттан кейінгі режимнің параметрлері бастапқы режімнің параметрлеріне қалай жақын болып келсе, солай алыс болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет