1.3 Кәсіпорынның айналым құралдарын пайдалануды талдау
Үздіксіз өндірістік процесті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған еңбек заттары мен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге өндіріс процесіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Айналым қорлары – бұл өндірістік процестің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі элементі. Зерттеу нысаны бойынша айналым құралдарының динамикасын төмендегі мәліметтен көруге болады.
Кесте 4
Ақтөбе қаласы «Астана ауданының» әкімдігі айналым құралдарының динамикасы
теңге
Айналым құралдарының түрлері
|
2018 жыл
|
2019 жыл
|
2020 жыл
|
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар
|
896 472 998,07
|
3 010 957 879
|
4 754 803 000
|
Ақшалай қаражаттар
|
1 006 369 172,77
|
200 822 765
|
1 092 765 000
|
Запастар
|
183 302 104,58
|
599 533 690
|
4 849 276 000
|
Барлығы
|
2 086 144 275,42
|
3 811 314 334
|
10 696 844 000
|
Ескерту – Кәсіпорын мәліметтері негізінде автормен құрастырылған
|
Кесте мәліметтерінен байқағанымыздай кәсіпорынның айналым құралдары динамикасында өсу тенденциясы байқалады. 2017 жылы айналым құралдары 2 086 144 275,42 теңге болса, 2018 жылы 3 811 314 334 теңге, ал 2019 жылы 10 696 844 000 теңгені құраған. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 6 888 529 666 теңгеге немесе 80,6 %-ға өскен.
Достарыңызбен бөлісу: |