Өндірістік шаң және өнеркәсіптік желдету


Шаң потологиясының жіктелуі



бет3/5
Дата08.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#48349
1   2   3   4   5

Шаң потологиясының жіктелуі

  • I. Минералды шаңнан пайда болатын : силикоздар; силикатоздар (асбестоз, талькоз, коалиноз, оливиоз, мулитоз, цементоз және т.б.). II. Металл шаңынан пайда болатын: сидероз; охроз; алюминоз; бериллиоз; баритоз; манганокониоз және басқалар. III. Құрамында көмірі бар шаңнан пайда болатын: антракоз; графитоз және т.б. IV. Органикалық шаңнан пайда болатын: биссиниоз («мақта мен зығыр шаңынан), багассоз (қант құрағының шаңынан), фермер өкпесі (құрамында саңырауқұлақтары бар ауыл шаруашылық шаңнан). V. Аралас құрамды шаңнан пайда болатын пневмокониоздарды: силико-асбестоз; антракосиликоз және басқалары.

Шығу тегіне, химиялық құрамына, ерігіштігіне, дисперстілігіне, шаңдардың пішініне байланысты фиброгенді шаң адамда әр түрлі шаңнан пайда болатын аурулардың себебі болуы мүмкін. Мұндай ауруларды спецификалық (пневмокониоздар, аллергиялық аурулар) және спецификалық емес (бронхиттер, ларингиттер, трахеиттер, пневмония, конъюктивиттер, кератиттер, дерматиттер, пиодермия) деп бөледі.

Өндірістік шаңды зерттеу әдістері

  • 1. Ауа бірлігі көлемінде шаң құрамын өлшеп анықтау.
  • 2. Шаң бөлшектерінің дисперстілік құрамын анықтау.
  • 3. Шаң бөлшектерінің химиялық құрамын анықтау.
  • Шаң бақылау құралдарын шартты түрде шаң жинағыш және шаң өлшегіштер болып бөлінеді.
  • Жұмыс аймағындағы ауаның шаңдануына бақылау әдістері мен құралдары көптеген, оларды екі топқа біріктіруге болады:
  • 1. Тікелей әдістері-шаңның сынамаларын алу құрамында дисперстік фазаны бөліп алу, соңынан шаңның массасын өлшеу әдістері;
  • 2. Жанама әдістері-шаңның массалық концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді. Жанама бақылауда мына әдістер қолданылады: радиациялық-оптикалық; радиоизотоптық, электрлік немесе электрондық; депреометрлік, пьезометрлік және т.б.
  • Жанама өлшеуде қолданылатын құрылғылардың қате шамасын өлшенетін шаң бөлшектерінің шамасына, дисперстілігіне және химиялық құрамына байланысты болады. Радиоизотопты құрылғылар нақтырақ болып келеді.
  • Соңғы уақытта пьезометрлік құрылғылар шықты, олар жоғары сезімталдыққа ие, ауадағы шаң бөлшектерінің аз концентрациясын өлшеуге арналған құрал болып табылады.
  • Қоршаған ортадағы шаң факторын оқудағы бірінші кезеңі болып тексерілетін өндіріс аймағы мен жалпы танысу болып табылады. Бұл берілген өнеркәсіптегі жұмыс орнындағы ауа ортасының шаңдануын оқуда сандық және сапалық жоспар құруға, нақты зерттеу әдісін таңдауға, сонымен қатар жұмыскер ағзасына шаң бөлшектерінің әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
  • Кәсіпорынның ауа ортасының шаң факторларының зерттеу жоспары жұмыскердің ағзасына шаңның нақты әсерінің мәліметтеріне сай жүргізілу керек. Ауа сынамасы жұмыскердің тыныс алу аймағында жұмыс орнында жүргізілуі керек. Егер белгеленген жұмыс орны болмаса, ауа сынамасы жұмыскердің жиі кезеңді орын ауыстыратын орында алынады. Ауа ортасына шаң бөлшектері біркелкі емес түскен кезде ұзақ мерзімді хранометражды бақылау жүргізу керек, бұл жағдай шаң түзуді жоспарлы зерттеу кезінде ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет