Өндірістік тәжірбиелік есеп



бет1/4
Дата18.10.2022
өлшемі2,78 Mb.
#43981
  1   2   3   4

Өндірістік тәжірбиелік есеп

Орындаған:Әмірова Гүлмайра

Тобы:ВМ-405

Қабылдаған:Орынтаев Қ.Б

  • Мазмұны
  •  
  •  І Кіріспе..................................................................................................................3
  •  ІІ Негізгі бөлімі:
  • 1. Ветеринариялық іс-шара құжаттарымен танысу……………………..........5 
  • 2. Індетке қарсы алдын алу шаралар……………………………………………7 
  • 3. Акушерлік-гинекологиялық ауруларын емдеу………………………….…..8 
  • 4. Жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу шаралары………………....10 
  • 5. Хирургиялық аурулар және олардың емдеу шаралары………………..…..12
  • 6. Жұқпалы емес аурулардың емдеу шаралары…………………………..…...18 
  • ІІІ Қорытынды………………………………………………………..……….…28
  • ІҮ Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………..…...29

Кіріспе Мен, Әмірова Гүлмайра ,ветеринариялық медицина факультетінің 3 курс 305 тобының студенті 11.10.2021-24.10.2021 аралығында Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылында орналасқын «Байсерке-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік тәжірибеден өттім.

Шаруашылық паспорты 

  • Шаруашылық паспорты 
  •  
  • Шаруашылық атауы: ЖШС «Байсерке-Агро»
  • ЖШС директоры: Кенжебаев Алтай Абдрахманович
  • Ауылдық округ атауы: Панфилов ауылдық округі
  • Аудан атауы: Талғар ауданы
  • Облыс атауы: Алматы облысы
  • Электрондық адресі: baiserke-agro.kz@mail.ru
  • Телефон: 8(727)372-72-84 факс: 8(727)372-72-83 
  • ЖШС «Байсерке-Агро» негізін салушы – Жұмабекова Сәуле Әмірқызы, қазіргі директоры - Кенжебаев Алтай Абдрахманович, бас мал дәрігері – Қосаев Даут Самратұлы. 
  • Серіктестік Алматы-Нарынқол трассасының бойында, аудан орталығы Талғар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20, Алматы қаласынан шығысқа қарай 15, облыс орталығы Талдықорған қаласынан оңтүстікке қарай 230 шақырымдай жерде орналасқан.
  • Серіктестіктің негізгі бағыты – етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ІҚМ шаруашылығы, асыл тұқымды жылқы, қой шаруашылығы және түйе шаруашылығымен, астық шаруашылығымен, соның ішінде дәнді дақылдармен (бидай, арпа, сұлы, соя және т.б.) және азық өңдеумен (пішен,пішендеме, сүрлем, сабан және т.б.) айналысу. Атап айтқанда, шаруашылық Қазақтың Ақбас сиырының, Голландиялық қара-ала сиырының, Ангус және Герефорд асыл тұқымдарын және Қазақтың биязы жүнді, Еділбай және Гиссар қой тұқымдарын, сонымен қатар Ағылшын, Араб, Қостанай және Орлов, Ақалтеке сияқты жоғары асыл тұқымды жылқылар иеленеді. 
  • «Байсерке-Агро» ЖШС-де сүт өнімдерін шығаратын сүт зауыты, қуаттылығы жылына 1 800 т; ет өндіретін зауыты, қуаттылығы жылына 1 250 т, бар.
  • 2.1. Ветеринариялық іс-шара құжаттарымен танысу
  • Ветеринариялық құжаттар – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат; мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған мал дәрігері беретін ветеринариялық анықтама.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет