Топ: 3 Емдеу ісі «2»
Тексерген: Омарбаева Ж.Т
Курс: 3
Семестр: 6
Күні
Жасалынған жұмыс көлемі
Жасалынған манипуляциялар және саны
Баға
Практика жетек-шісінің қолы
01.
06.
23
Практиканың бірінші күні сағат 09:00-де келдік. Менторымыз Бегетарова Диляраға келдік. Бегетарова Диляра бізді ауруханамен таныстырды. Қауіпсіздік инструктажымен таныстырды. Кейін практиканттарды әртүрлі кабинеттерге бөлді. 1-ші күні қабылдау бөлімінде болдым. Науқас Х келді. Науқас жөтел, ентігу, тыныс тарылуына, кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданды. Сұрастырғанда бұрын жедел пневмониямен ауырған екен. Біз обьективті қарап тексергенде жалпы жағдайы орташа ауыр халде, өзі жүріп келді, тері жамылғысы бозарған, беті қызарған, температурасы жоғары, қалтырау болды және де демалысы жиілеген,тыныс алуға қосымша бұлшық еттерде қатысып тұрды. Біз созылмалы пневмонияға күдіктендік. Сондықтан флюорография жасауға кеңес бердік. Және тағыда көп науқастарды қабылдадық.
Қол жуу-14
Науқасты қарау-7
Науқасты аспаптық зерттеуге дайындау-6
02.
06.
23.
Практиканың 2 күні. Менторымыз Бегетарова Диляра Жумабековнаға барып белгілендік. Халатымды киіп қабылдау бөліміне бардым. Қолымды жуып жұмысқа кірістім. 43 жастағы науқас Х келді. Шағымдары: үнемі жөтел, бас ауру, жөтелгенде кеуденің шаншып ауруы, қан қақыру, ентігу, температураның жоғарылауы, сарғыш-жасыл тұсті қақырық түкіруі. Сұрастырғанда науқастың шылым шегетінін және шахтада жұмыс істейтінін білдік. Қарастырғанда пальпация кезінде қосалқы бұлшық еттердің тынысқа қатысқанын байқаймыз. Перкуссия кезінде: қорапты дыбыс естіледі. Аусультация жасағанда дөрекі ылғалды сырылдар естілді. Біз созылмалы бронхитке күдіктендік. Қақырықты стрептокк анықтауға зерттеуге жібереміз. Осы күні тағы да басқа пациенттерді қабылдадық
Қол жуу-10
Науқасты қарау-5
Науқасты аспаптық зерттеуге дайындау-4
Өкпе пальпациясы-4
Өкпе перкуссиясы-4
Өкпе аускультациясы-4
Тыныс алу жиілігін өлшеу-2
03.
06.
23
Күндегідей сағат 09:00 де ауруханаға келдім. Бегетарова Д. Ж барып белгілендім. Осы күні кардиологиялық кабинетке кірдім. Пациенттер келді. Науқас Х 52 жастағы әйел адам. Шағымдары: ентігу, жүрек қағу, күш түскенде бірден әлсіреп, шаршау, жүрек тұншықпасына,кілегейлі қан аралас қақырық бөлуіне шағымданды. Сұрастырғанда бұрын Ревматикалық қызбамен ауырғандығы белгілі болды. Қараған кезде тері жабындысы қуқыл тартып, бет ұштары көкшіл қызыл түсті болды. Ерін мен мұрын ұштарында цианоз бар, күш түскен кезде цианоз күшейеді. Эпигастрий аймағын алақанмен сипағанда солқыл және жүрек ұшы аймағында «мысық пырылы» симптомы анықталды. АҚҚ жоғары. Жүрек соғу жиілігін өлшегенде жоғары көрсеткіш көрсетті. Митральдық стенозға күдіктенлік.
Қол жуу-8
Науқасты қарау-4
АҚҚ өлшеу-4
Жүрек соғу жиілігін өлшеу-2
05.
06.23
Практикаға сағат 09:00 де келдім. Бегетарова Д. Ж барып белгілендім. Кардиологиялық кабинетке бардым. Науқас Х келді. Күштеме кезінде пайда болатын ұстама түріндегі төс астындағы ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну төс астынан басталып, кейін сол жақ йық, қол, жауырынға көшетінін айтады. Нейтроглицерин ішкенде, күштемені тоқтатқанда ауырсыну басылады. Сұрастырғанда бұрын Ревматикалық қызбамен ауырған екен. Қарастырғанда АҚҚ жоғары болуы байқалды. Науқасты ЭКГ ға түсірдік ЭКГ көрсеткіші нәтижесінде «ST» және «T» тісшелерінің тұрақсыз өзгерістерін байқаймыз. ЖИА күдіктенеміз. Науқасқа дәрілік ем тағайындайды. Бұл күні де басқа да көп пациенттер қабылдадық.
Қол жуу-14
Аққ өлшеу-4
Науқасты қарау-5
ЭКГ түсіру-3
06.
06.
23
Практикаға сағат 09:00де келдім. Ментордың кабинетіне барып белгілендім. Осы күні Науқас Х мынандай шағымдармен келді: эпигастрий аймағында іштің қатты ауырсынуы, ауырсыну сипаты ұстама тәріздес, жиі қайталанады. Ауырсыну науқастың аш кезінде күшейіп, тамақ қабылдағаннан кейін азаятынын айтты. Жүрегі айнып, құсқан. Науқасты сұрастырып көргенде бұрын созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырғанын білдік. Қарастыру кезінде эпигастрий аймағын пальпациялағанда ауырсыну байқалды. Осы белгілерге байланысты біз созылмалы гастритке күдіктеніп, рентгенологиялық зерттеу, ФГДС жасау керектігін айттық.
Тағы да басқа көптеген клиенттер қабылдадық.
Қол жуу-8
Науқасты қарау-4
АҚҚ өлшеу-3
07.
06.
23
Бүгін практикаға 09:00 келдім. Менторға келіп белгілендім. Бұл күні мен эндокренологиялық кабинетте болдым. Бұл күні де қабылдаған пациенттер көп болды. Науқас Х келді, шағымдары: мінезінің өзгергендігін айтады, яғни, күйгелек, ашуланшақ, мазасыз болып кеткен. Нәжіс жиі бөлінетінін, тәбеттің жоғарылағанын, терлейтінін баяндады. Оның үстіне жүдегенінде айтты.Қан анализдерін қарасақ қалқанша без гормондарының мөлшері көбейген. Науқасты қарастырғанымызда қалқанша безді пальпациялаған кезде қалқанша бездің ұлғайғанын, және онда түйіндердің бар екенін анықтадық. Жүректің соғу жиілігі жоғарылаған. Біз осы белгілерді ескере отырып, түйінді зобқа күдіктендік. Диагнозды нақтылау үшін қосымша аспаптық зерттеу жүргізу керектігін түсіндірдік. УЗИ, қалқанша бездің радиоизотопты зерттеуін жүргізуге кеңес бердік.
Қол жуу-14
Науқасты жалпы қарау-6
Қалқанша безді пальпациялау-3
Глюкометрмен қант мөлшерін анықтау-3
Жүрек соғу жиілігін өлшеу 2
08.
06.
23.
Практикаға сағат 09:00 де келдім. Менторымыз Бегетарова Д. Ж барып белгілендім. Бұл күні дәрігерге дейінгі қарау кабинетінде болдым. Көптеген пациенттер келіп жатты. Пациент Х келді. Скрининг бойынша ЭКГ-ға түсуге және қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін өлшеуге келген екен. Бірінші саусақтан қан алуға кірістік, қандағы глюкоза деңгейі 3,8 норма болды. Ал холестерин тексеруінің нәтижесі 3 минуттан кейін шығатын болғандықтан осы уақыт аралығында ЭКГ-ға түсіруге кірістік. Пациентке манипулияция барысын түсіндірдім,ЭКГ жазу барысында қалыпты тыныс алу керектігін айттым,рұқсатын алып болған соң кеудесін толық шешініп, балағын түруді сұрадық. Кушеткаға жатқызып пациентке элетрод орналастыратын қол-аяқ бөлімдерін спиртпен өңдеп, электродтарды рет ретімен қойдым, кеудегеде электродтарлы рет ретімен өз орындарына орналастырып болған соң ЭКГ аппаратын іске қостым.Осы уақытта холестерин деңгейін өлшеудің нәтижесі дайын болды.Қанлағы холестерин деңгейі 4,4 норма болды.Бұл глюкоза деңгейімен,холестерин деңгейін жеке жолдама қағазға науқастың аты-жөні мен ЖСН номерімен бірге жазып алдым.Бұл осы жердегі медбратқа керек болды,себебі сайтқа тіркеледң.Содан кейін ЭКГ түсірілімінің нәтижесін алдым. ЭКГ жолдамасын толтырдым, бұл кезде науқастың аты-жөні, туған күні, айы, жылы, ұлты, жынысы, және тексеріс мақсатын жаздым.
Қол жуу-16
Экг түсіру-6
Қандағы глюкоза деңгейін анықтау-8
Қандағы холестерин деңгейін анықтау-4