Өндірістік тәжірибе мақсаты


Бухгалтерлік қызмет пен есеп саясатын ұйымдастыру



бет2/9
Дата16.05.2023
өлшемі97,8 Kb.
#93256
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бухгалтерлік қызмет пен есеп саясатын ұйымдастыру

"Marjan qurulys" ЖШС-де бухгалтерлік есеп салалық ерекшеліктері мен өндіріс ауқымын ескере отырып, стандарттарға сәйкес ұйымдастырылған. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға "Marjan qurulys" ЖШС-ің басшысы жауап береді. ЖШС-де бухгалтерлік есепті бас бухгалтер басқаратын бухгалтерлік қызмет жүргізеді.


"Marjan qurulys" ЖШС-де бухгалтерлік қызметі функционалдық белгілері бойынша ұйымдастырылған, осындай топтардан тұрады: материалдық, есеп айырысу топтары, қаржы бөлімі, кассир.

Бухгалтерия бөліміне мыналар кіреді:


- өндіріс шығындарын есепке алу тобы;
- тауарлар мен материалдарды есепке алу және жабдықтаушылармен есеп
айырысу тобы;
- жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп айырысуларды есепке алу
тобы;
- дайын өнімді, тауарларды, қызметтерді өткізуді есепке алу тобы;
- басқа дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуларды есепке алу тобы.
Бухгалтерия келесі штат бірліктерінен тұрады: бас бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары, экономист-қаржыгер, есепші-кассир.
Бас бухгалтер өзіне бағынысты қызметкерлерге қызметтік міндеттерді белгілейді.
Бас бухгалтер тікелей бірінші басшыға есеп береді.
Материалдық жауапты адамдарды қызметке тағайындау, жұмыстан босату және ауыстыру бас бухгалтермен келісім бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорындармен тауарлық-материалдық қорларды алуға немесе босатуға және жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге жасалған келісім-шарттар мен келісімдер, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбекақысын белгілеу, жалақыны көтеру және сыйлықақы төлеу туралы бұйрықтар мен өкімдерді бас бухгалтер алдын ала қарап, бекітеді.
Бас бухгалтердің орынбасары кәсіпорынды ұстауға жұмсалған шығындардың есебін, аяқталмаған өндірістің есебін, есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуды, негізгі құралдардың есебін, амортизацияны, тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысын есепке алуды жүргізеді.
Экономист-қаржыгер жүзеге асырады - жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп айырысулардың есебін (еңбек ақы төлеу ведомості), бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысуды есепке алуды, олар бойынша тоқсан сайынғы есептерді жасауды және оларды ұсынуды, басқа ұйымдармен есеп айырысулардың есебін, басқа ұйымдармен салыстыруды, бухгалтерлік есеп тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы (материалдық жауапты тұлғалар, материалдық есептер), жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды есепке алу үшін.
Бухгалтер-кассир ақшаны қабылдауды және беруді, ақша қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етуді, кассалық есептерді жасауды, бағалы қағаздарды қабылдау, есепке алу, сақтау және шығару бойынша операцияларды жүргізуді, банкте қосымшалары бар үзінді көшірмелерді қабылдауды, төлем тапсырмаларын өңдеуді, уақтылы банкке тапсырыстарды жеткізу, No2 журнал-ордер бойынша құжаттарды өңдеу, К-2 бойынша есеп жүргізу, банктердің есеп айырысу шотына, бағалы қағаздар шоттарына және басқа шоттарына ақша қаражаттарының түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат жинау, салыстыру жүргізу шаруашылық келісім-шарттар бойынша мәлімдемелер.
Бас бухгалтердің орынбасары, экономист-қаржыгер, есепші-кассир тікелей бас бухгалтерге есеп береді.
Кәсіпорында бухгалтерлік есеп компьютерлендірілген, бухгалтердің әрбір жұмыс орны тиісті оргтехникамен жабдықталған.
Жалпы, "Marjan qurulys" ЖШС бухгалтерлік есеп айтарлықтай жоғары деңгейде ұйымдастырылған және бухгалтерлік қызмет өзіне жүктелген міндеттерді орындайды.
Бұл кәсіпорында банк мекемелерімен есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеген кезде келесі құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады.
Касса — бұл қолма-қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған бухгалтерияның құрылымы.
Касса операцияларының есебі ҚР ¥лттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген "ҚР х/ш касса операцияларьш жүргізудің уақытша тәртібіне" сәйкес жүзеге асырылады.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды-жауапты адам болып табылады да (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.
Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.
Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма-қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі.
Қолма-қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма-қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. ШКО-не бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек. Егер ШКО қоса берілетін құжатта рұқсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ШКО-де оның қойған қолының болуы міндетті емес.
ККО мен ШКО кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО № 3' нысаны) тіркелінеді. Операциялар жасалғаннан кейін ордерлерге кассир қол қояды, ал оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе күні көрсетілген "төленді" жазуымен өтеледі.
Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир КО №4 нысанындағы касса кітабына жазады. Ол тесіліп байланған, нөмірленген жэне мөрленген болуы керек.
Бухгалтерлік қызметтің міндететіне мыналар кіреді:

  • құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімделуге және жасалған операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру;

  • міндеттемелер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау,бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспортына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістер ескере отырып төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражатымен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау;

  • есепті дербес жүргізетін бюджеттік ұйымдарда рұқсаттарды дер кезінде хабарлау кезінде хабарлау. Сондай-ақ олардың шығыс сметаларын орындалуына және бухгалтерлік есепте дұрыс жүргізуіне бақылау жасау;

  • кірістер мен ақылы қызмет көрсетуді сатудан алынатын қаражаттардың, жоспар бойынша шығыстарды есепке алу;

  • арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;

  • ұйымдар мен және жекелеген тұлғалар мен қаржыландыру жоспарларды орындау үстінде пайда болатын есеп айрысуларды дер кезінде жүргізу;

  • ақшалай қаражаттарды, есеп айрысулармен материалдық құндылқтарды түгендеуге, жүргізуге қатысу;

  • түгендеудің нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;

  • есеп есептеу жұмыстарын компьютерлендіру;

  • белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету;

  • ұйым басшысымен қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу;

  • есеп саясаты жөніндегі құжаттарды есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке тапсыру.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялар есебі.
Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін өзі тандаған банкте есеп айырысу шотын ашады.
Есеп айырысу шоты мынадай кұжаттардың негізіңде ашылады:
- шот ашуға арналған өтініш;
- қойылатын қол мен мөртабан белгісінің үлгісі бар карточка;
- субъектінің салықтың есепке қойылу фактісін растайтын салық органының
анықтамасы;
- мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
- жарғы мен құрылтай шартының (егер құрылтайшылар саны 1-ден көп болса) көшірмесі.
Есеп айырысу шотын ашқан иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:
- қолма-қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде
қолма-қол ақша салымының мәлімдемесі рәсімделеді.
- әр түрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда — чек рәсімделеді.
- басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.
- субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметгердің
құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда төлем талап-
тапсырмасы жасалады.

  • шаруашылық істері жөніндегі алқаның (комиссияның) бұйрығы, сот

органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар
есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.
Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
бухгалтерлік қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір бухгалтерия жасаған операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес объектілері жіктелінеді.
Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз — шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.
Шот — бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.
Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар қүжаттардың негізіңде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бүл орайда алғашқы қүжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауыстырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет