БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия факультеті
Органикалық химия және полмерлер кафедрасы
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Орындаған: ТФП-214 тобының студенті Хусаинова Сымбат Талғатққызы
Тексерген: Касенов. Р
Қарағанды 2023 ж.
Кіріспе
Өндірістік тәжірибесі мамандардың біліктілік сипаттамалары ҚарУ және мемлекеттік стандарт мамандарының тәжірибесі бойынша әдістемелік нұсқаулар және жоғары оқу орындарының іскерлігін ұйымдастыру ережелері негізінде құрастырылған.
Технологиялық практика студенттерге өндірістік практика базаларында, оқу және зерттеу лабораторияларында тәжірибе жұмыстарымен таныстыруға мүмкіндік береді және де 6В07201– «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» оқу бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауда маңызды қадам болып табылады.
Өндірістік тәжірибе мақсаты студенттерді дәріхана ісімен,дәрі-дәрмектерді қабылдап алу мен босату шарттарымен,дәрі-дәрмектерді сақтау шарттарымен,дәріхана ісін ұйымдастырумен таныстыру.
Студент білуі керек:
дәріханада жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;
дәрі-дәрмектер туралы ақпараттарды;
тұтынушылармен жақсы қарым-қатынас жасауды;
Теориялық бөлім.
Қауіпсіздік — жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы.
Дәрі-дәрмек - емдік немесе алдын ала емдеу мақсатында қолданылатын заттар немесе олардың қоспасы, ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданатын шипалы заттар.
Жүкқұжат (накладной)— бухгалтерлік есеп құжаты. Құны шот-фактура бойынша төленгенге дейін немесе төленгеннен кейін тауар сатушыдан сатып алушыға Жүкқұжат бойынша табысталады.
Дәріхана — тұрғындарға дәрігердің рецепті бойынша дәрі әзірлейтін не дайын фармацевтика өнімдерін беретін мекеме.
Практикалық бөлім.
Мен Жетысай ауданында орналасқан «Мерей-Р» дәріханасында өндірістік тәжірибеден өттім.
Ең алдымен 22.05.2023 күні практика өтетін дәріханаға келіп, қауіпсіздік ережелерімен, дәріхана ісімен,дәріхана бөлмелерімен, дәріхана қоймасымен, дәрі-дәрмектермен таныстым.
23.05.2023 күні дәріханаға тауар келіп, тауарды қалай қабылдап алуды және дәрілерді дұрыс орналастыруды үйрендім.
Жүкқұжат (накладной) арқылы дәрі-дәрмектердің түгел екенін тексеріп, санап алдым.
24-25.05.2023 күндері дәрі-дәрмектер туралы ақпараттарды меңгеріп,қажеттіліктері бойынша сөрелерге орналастырдым, мысалы жүрек ауруына арналған дәрілер, бүйрек ауырғанда ішетін, тұмау болғанда ішетін дәрілерді бөлек-бөлек орналастырдым.
26-27.05.2023 күндері дәріханада тазалық күні болды. Дәріхана бөлмелерін, дәріхана қоймасын, дәріхана сөрелері мен дәрі сақтайтын тоңазытқыштарды жуып, тазаладық.
29-30.05.2023 күндер аралығында рецептпен және рецептсіз босатылатын дәрілермен таныстым. Көбінесе жүрек ауруына қарсы, қан қысымының дәрілерінің біраз түрлері, антибиотиктар, гормоналдық препараттар рецепт арқылы босатылады екен. Рецептсіз босатылатын дәрілерге витаминдер, сироптар, мұрынға арналған тамшылар, өсімдіктерден жасалған дәрілер, ауруды жеңілдететін дәрілер, кейбір тұмауға арналған препараттар сонымен қатар Парацетамол, Аспирин және т.б. жатады
31.05.2023 күні дәрілерге баға жабыстрдым, сөредегі дәрілерді реттеп,барлық дәрінің жарамдылық мерзімдерін қарап шығуды тапсырма етіп берді.Сол тапсырманы орындадым.
1-2.06.2023 күндер аралығында тұтынушылармен жұмыс жасадым. Тұтынушыларға жақсы қызмет көрсеттім. 2 апта бойы орындаған тапсырмаларды қайтадан орындадым. Себебі орындаған тапсырмаларым бойынша жетекші бағамды қоюы керек.
3.06.2023 күні қорытындылау күні болды. Жетекші 2 апта бойы үйренгендерімді сұрап,бағалады. Күнделік толтырдым.
Қорытынды.
Мамырдың 22 мен маусымның 3 аралығында «Мерей-Р» дәріханасында өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысымен, жоспарымен және құжаттармен таныстым. Қауіпсіздік ережелері мен нормативтерімен таныстым. Практика өту барысында дәрі-дәрмектермен және оларды сақтау шарттарымен, дәріхана ісін ұйымдастырумен, дәріхана ішімен, дәрі сақтайтын сөрелер мен тоңазытқыштармен таныстым. Теориялық білімімді практикада іс жүзінде жүзеге асырдым. Рецептпен және рецептсіз босатылатын дәрілермен таныстым. Дәрілерді қабылдап алуды үйрендім. Тұтынушылармен жұмыс жасауды, кассамен жұмысты үйрендім. Бұл өндірістік тәжірибеде мамандығым туралы көп ақпарат жинап, әрі қарай оқуға ынталандым және өндірістік тәжірибені сәтті аяқтадым.
Достарыңызбен бөлісу: |