Өндірістік улар туралы жалпы түсініктер, АҒЗАҒА Әсері, КӘсіби уланудың алдын алу шаралары



бет2/2
Дата28.10.2022
өлшемі22,6 Kb.
#45930
1   2
Өндірістік улардың адам ағзасына ену жолдары, әсер ету сипаты.
Негізгі ену жолдары: ингаляциялық – тыныс алу органдары арқылы; пероралді - асқазан ішек жолдары арқылы; зақымданбаған тері мен шырышты қабық арқылы.
Кәсіби аурулардың статистикасының мәліметтері бойынша барлық өндірістік уланулар зиянды заттардың ингяляциясымен байланысты. Зиянды заттың асқазан ішек жолдары арқылы енуінен болған уланулардың өндірістік болуы өте сирек. Ол жеке бас гигиенасын сақтамағанда, өндірістік бөлмелерде тамақтанғанда, темекі тартқанда болуы мүмкін. Удың тері арқылы енуі ол электролит емес болып және май мен липидтерде ери алатын кезде болады. Улар организмнен негізінен бүйрек, ішек, ал ұшқыш түрлері өкпе, тыныс жолдары арқылы шығарылады.
Улардың организмге әсері жергілікті және жалпы болып бөлінеді. типтік түрде жергілікті әсер газдар мен булар, мұрын, тамақ, бронхтарға - әсер етіп, шымшылайтын, құрғақ жөтел тудыратын, көзге – ауырсыну бату, жас ағу, шырышты қабыққа әсер етуі. Удың жалпы әсері ол қанға түсіп бүкіл организмге таралады.
Ағзаға қандай жолмен түссе де улар салыстырмалы түрде барлық органдар мен ткандерге біртіндеп таралады да оларға зиянды әсерін көрсетеді. Олардың кейбірі – белгілі бір ткандер мен органдарда жиналады: бауырда, сүйекте, өкпеде, бүйрек, көкбауырда т.б. Улы заттардың көбірек жиналған мұндай жерлерін организмдегі удың қоры - депосы деп атайды. Көптеген заттардың белгілі бір улардың қоры болып жиналатын белгілі бір ткандері мен органдары бар. Удың қорға жиналып сақталып тұруы қысқа уақыттың және одан ұзақ болуы мүмкін бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін Деподан біртіндеп шығып жалпы қан айналымына түседі де белгілі бір улы әсер көрсетеді. Кейбір тіттіркендіргіш және улы заттар адам организміне салыстырмалы түрде аз уақыт әсер еткен соң осы затқа сезімталдығын жоғарылатады оны сенсибилизация деп атайды. Сенсибилизацияланған организмге осы заттың өте аз мөлшері түскенде тез дамитын реакция жиі терілік – дерматит, экзема, кейде астматикалық құбылыстар. Осы затпен қатынасты тоқтатқанда әдетте осы реакциялар жоғалады.
Өндіріс жағдайында көбіне жұмысшылар бір заттың жеке әсеріне емес, бірден бірнеше зат әсеріне ұшырайды ол комбинирленген әсер деп аталады. Өндірістік улардың комбинирленген әсерінің бірнеше түрлері бар. Бір бағыттық әсер – қосынды компонентері организмнің бір жүйесіне әсер етеді. М. Көмірсутегінің наркотикалық әсері. Мұнда химиялық құрлысы бойынша және биологиялық әсері бойынша бір-біріне жақын қосындылар жатады. Бұл жағдайда қосындының суммалық эффекті әсер етуші компоненттердің эффекттерінің суммасына тең.
Санитарлық нормаларға сәйкес келесі теңдік сақталуы қажет:

С1 С2 Сn
---- + ----- + ... ----- ≤ 1, (17)
ШРК1 ШРК2 ШРКn

Яғни жұмыс зонасындағы зиянды заттар іс жүзіндегі концентрациясының С1, С2 ... Сn қосындыларының олардың шекті рұқсат етілген концентрациясына қатынасы 1 ден аспауы керек. Бір бағыттық әсер келесі заттар қосындыларында кездеседі: күкіртті ангидрид, формальдегид, тұз қышқылы, әртүрлі спирттер, қышқылдар, негіздер, ароматты көмірсутектері (толуол мен ксилол, бензол мен толуол) т.б. заттар.
Тәуелсіз әсер – қосындылық компоненттері организмнің әртүрлі жүйелеріне әсер етеді, олардың улылық әсері бір-біріне байланыссыз, тәуелсіз болады. Бұл жағдайда олардың рұқсат етілген концентрациясы жеке әсер еткендегідей қалады. М: Бензол булары мен тітіркендіргіш газдар қоспасы.
Сонымен қатар кейбір өндірістік улар бір-бірінің әсерін күшейтетін қасиеттері бар, ал кейбірі бір бірін әлсіретеді.
Оң синергизм мен антагонизм – заттар қоспасының комбинирленген әсері, оң синергизмде осы қоспадағы заттардың жеке әсерінен көп, ал антогонизмде қоспадағы заттардың жеке әсер етуінен аз.
Оң синеризм – күкірт диоксиді мен хлор; көміртегі оксиді мен азот оксиді бірігіп әсер еткенде болады. Алкоголь мен анилин, сынап калциидің цианидімен т.б. зиянды заттармен улану қауіптілігін күшейтеді.
Зиянды заттардың адам организміне улы әсері көптеген факторларға байланысты: дозасына, улылығына, организмге түсу ұзақтығына, заттардың бір-бірімен әсерлесуіне, адамның жеке ерекшелігіне (жыныс, жас, адам денсаулығының жағдайы, сезімталдығы, иммунитеті т.б.) өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы, удың химиялық құрылымы мен физикалық қасиеті.заттардың улылығы оның химиялық құрамына тікелей байланысты. Көптеген улар адам организміне жынысына байланысты әртүрлі әсер етеді. М: Әйел организмінің бензолдың әсеріне сезімталдығы анықталған. Осыған сәйкес әйелдер еңбегі бойынша кейбір жұмыстарға әйел адамдарды жібермейді. Мемлекет қаулысы бойынша. М: әйелдер аккумуляторщик, битум балқытушы, кейбір бояу жұмыстарына жіберілмеуі керек.
Жасқа байланысты жасөспірімдер организмі зиянды заттарға 2-3 есе сезімтал, сондықтан улы заттармен жұмысқа 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер алынбайды.
Сонымен қатар адамның денсаулық жағдайына байланысты. М. Қан тамыр жүйесінің аурулары бар адамдар қан уларына сезімтал, жүйке жүйесінде ақаулары бар адамдар нейротропты уларға сезімтал.
Өндірістік улардың классификациясы:
Жүйке жүйелік – көмірсутектері, спирт, анилин, күкіртсутегі, тетраэтилқорғасын, аммиак т.б. Улану белгілері: жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы, құрысу, тырысулар, сал болу т.б.
Тітіркендіргіш – хлор, аммиак, күкірт диоксиді, қышқылдар, азот оксиді, фосген, дифосген, ароматты көмірсутегілері. Улану белгілері: жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайды.
Тері мен шырышты қабықты тітіркендіретін және күйдіретін – неорганикалық қышқылдар, сілтілер, кейбір органикалық қышқылдар, ангидридтер т.б. Улану белгілері: теріні шырышты қабықты зақымдайды, жара, тілінулер пайда болады.
Ферменттік улар – синил қышқылы және оның тұздары, мышьяк қосындылары, сынап тұздары (сулема), фосфорорганикалық қосындылар. Улану белгілері: ферменттер құрылысын бұзады, белсенділігін жояды.
Бауыр улары – хлорлы көмірсутектері, бромбензол, фосфор, селен. Улану белгілері: бауыр ткандерінің құрылымдық өзгерістеріне әкеледі.
Қан улары – көміртегі оксиді, бензол гомологтары, ароматтық смолалар, қорғасын және оның қосындылары. Улану белгілері: ферменттерді ингибирлейді, қанның гемоглобиніне әсер етеді.
Мутагендер – этиленилин, этилен оксиді, қорғасын қосындылары, сынап т.б. Улану белгілері: клетканың генетикалық аппаратына әсер етеді.
Аллергендер – никелдің кейбір қосындылары, пиридин туындылары, алкалоидтар. Улану белгілері: организмнің иммундық жүйесінде өзгерістер тудырады.
Канцерогендер – тас көмір смоласы, бензопирен, ароматты аминдер, күйе т.б. Улану белгілері қатерлі ісіктің пайда болуына әсер етеді.
Тератогендер – ана ішіндегі ұрықтың жеке дамуына зақым келтіретін, кемтарлықтың дамуына әкелетін улар.
Алдын алу шаралары.
1 Санитарлық гигиеналық –ШРК белгілеу әрі оның сақталуын қадағалау
2 Технологиялық - өндірісте өте күшті уларды улылығы төмен аналогтарына ауыстыру. Өте улы түрлерімен жұмыстарды автоматтандыру
3 Жеке қорғаныс құралдарын қолдану: газқағарлар, бетперделер, арнайы киімдер мен жақпамайлар.
5 Алдын ала және кезеңді медициналық тексеру кезінде өндірістік уларға байланысты қарсы көрсетілімдерді ескеру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет