4.1 Жалпы бөлім және тапсырма қойылуы
Тізбекті өлшемдерді есептегенде келесі әрекеттерді орындайды:
- Есептелінетін тізбекті өлшемнің өлшемді сұлбасын құрастырады;
- Тізбекті өлшемнің тұйықталуын тексереді. Ол үшін қарамды айнала: k1A1 + k2A2 +…+ knAn = 0 өрнегі бойынша тізбекті өлшем теңдеуін құрастырады, мұндағы А1, А2,... Аn – тізбекті өлшем буындарының номиналды өлшемдері, ал k1, k2…,kn – бағыты және мәні бойынша тізбек буындарының орналасуын сипатттайтын коэффициенттер, басқаша берілісті ауытқулар деп аталады. Сызықты тізбекті өлшемдерде k=1 теңдігін қабылдайды, ондағы кемімелі буындарға k теріс таңбамен есептелінеді (k= –1), ал өспелі буындарға k оң таңбалы болып есептелінеді (k=+1)
Сызықты тізбекті өлшемдер үшін тұйықтаушы буын номиналды өлшемі өспелі және кемімелі буындардың номиналды өлшемдерінің сомаларының айырымына тең.
-Есептеу тапсырмасының түрін анықтайды – түзу немесе кері, ондағы екеуінің біреуін есептеу тізбекті өлшемдерді есептеуге әкеледі.
Түзу жолды тапсырма бойынша номиналды өлшем және тұйықтаушы буын шақтамасының берілгені бойынша берілген тізбекті өлшемнің барлық құраушы буындарының номиналды өлшемдерін, шақтамаларын және шекті ауытқуларын анықтау. Бұл тапсырманы машинаны құрылымдауда есептейді.
Құраушы буындардың берілген номиналды өлшемдері, шақтамалары және шекті өлшемдері бойынша кері есептеуде берілген тізбектің тұйықтаушы буынының номиналды өлшемін, шақтамасын және шекті ауытқуын анықтау. Бұл тапсырманы машинаны дайындауда және орындалған тізбекті өлшем есептеуінің дұрыстығын тексергенде есептейді. Кері есептеуді есептеу қажеттілігі цехта, машинаны жинақтауда, жинақтау шарты болмай жатқан жағдайда туындайды
-Тізбекті өлшем тұйықтаушы буынының қажетті дәлдігін алу әдісін таңдайды. Машиналарда тізбекті өлшемдер, тізбектегі буындардың көп мөлшерлігінде, дайындаудың жоғары дәлдігін талап ететін (аз шақтамамен) буынмен жиі тұйықталады. Мұндай жағдай іштей жану қозғалтқыштарында, бәсеңдеткіштерде, турбиналарда және басқа да дәлік машиналарында кездеседі. Сондықтан да машинажасауда тізбекті өлшем тұйықтаушы буынының қажетті дәлдігін алу үшін бірқатар әдістерді пайдаланады, дәлірек: толық өзара ауысымдылық әдісін; ықтималдықтар теориясын пайдалана есептеуді; топтық өзара ауысымдылық әдісін; қиылыстыру әдісін; реттеу әдісін /4/.
4.1.1 Берілген бәсеңдеткіш түйініңдегі шетжақ саңылау мәніне әсер ететін сызықты өлшемдер шақтамаларын есептеу.
4.1.2 Есептеу шарттары
Есептеген кезде бәсеңдеткіш бөлшектерінің орта экономикалық дәлдік мәнінің орнына 6-10 квалитетке сәйкес мәнді алу қажет.
4.1.3 Есептеу әдістері
РҚ (Регламенттеуші құжат) 50-635-87 сәйкес тізбекті өлшемді есептеу; 8-86 Тізбекті өлшемдер. Негізгі жағдайлар. Терминдер, белгілеулер және анықтамалар. Жазық тізбектерді есептеу. Г 02, 01.07.86. екі әдіспен жүзеге асырылады: толық және толық емес өзара ауысымдылықпен. Есептеу бірізділігі екі әдіске де бірдей /5/.
Ықтималдық әдісі бойынша бөлшектер шақтамаларын есептегенде өлшемнің сейілуі ("" – коэффициенті енгізіледі) және қатер пайызы - " Р " ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |