ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚОНДЫРМАЛАР ТАҢДАУЫ ЖӘНЕ ТІЗБЕКТІК ӨЛШЕМДЕР ЕСЕПТЕМЕСІ
Курстық жұмысты орындауға арналған оқу құралы
М.В. Дудкин
Усть-Каменогорск
2003
Өскемен
2012
М.В. Дудкин. Қондырмалар таңдауы және тізбектік өлшемдер есептемесі 050712- машинажасау мамандығы үшін курстық жұмысқа арналған оқу құралы – ШҚМТУ. – Өскемен, 2012, 109 б.
«Өзара ауысымдылық негiздерi, стандарттау және техникалық өлшемдер» және «Метрология, стандарттау және сапамен басқару» курстары бойынша курстық жұмысты орындау үшін оқу құралында материалдар, бастапқы деректер және қосымшалар берілген. Оқу құралы типтік оқу бағдарлама талаптарына сай. 4 бөлімнен тұрады және ЭЕМ-да орындалатын курстық жұмыстың есеgтеулер үлгілерінен, тапсырмалар, әдістемелер және курстық жұмысты орындау үшін барлық анықтама ақпараттары, ұсыныстар және МЕСТ стандарттары көрсетілген теориялық негізделген 6 қосымшадан тұрады
Рецензенттер: ШҚМТУ «ТМ ж Ж» кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. Вавилов А.В.;
Қазақ, орыс тiлдерi және iс кағаздарын жүргiзу кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. К.А. Құсманова;
ШҚМТУ редакциялы-баспа алқасымен және МЖжКФ әдістеме Алқалығымен бекітілген ( 21.05.2012 ж., № 8 хаттамадан)
© Д. Серікбаев атындағы
Шығыс-Қазақстан мемлекеттік
техникалық университеті, 2012
Мазмұны
Кіріспе ……………………………………………………………
Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар………………………
Тегіс жанасудағы қондырмалар таңдауы …………………….
Бұрандалы қосылыстардағы қондырмалар таңдауы………..
Оймакілтекті қосылыстардағы қондырмалар таңдауы ……
Тізбек өлшемдерін есептеу……………………………………
Тізбекті өлшемдерді ЭЕМ-да есептеу алгоритмі …………
Курстық жұмыстағы тапсырманы толтыру үлгісі ………….
Бақылау сұрақтары ....…………………………………………
Әдебиеттер………………………………………………………
Қосымша А …………………………………………………
Қосымша Б ……………………………………………………
Қосымша В ……………………………………………………
Қосымша Г ……………………………………………………
Қосымша Д ……………………………………………………
Қосымша Е …………………………………………………….
Қосымша Ж ……………………………………………………
|
4
5
6
24
35
44
61
66
69
71
74
79
82
95
98
104
109
|
Кіріспе
Инженер-механиктің өндірістік қызметі машина паркін пайдалануымен байланысты, ондағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу, өндірістің үлкен тізімді технологиялық процесстерін орындау.
Өзара ауысымдылық негiздерi, стандарттау және техникалық өлшемдер курс негіздерін меңгеру, инженерлерді кәсіптік даярлауда қажетті бөлім болып табылады. Бұл курсты оқу барысында студенттердің алған мағлұматтары, ортақ және арнайы құрылымдаушылық және технологиялық пәндерде, сонымен қатар курстық және дипломдық жобаларда толықтай меңгеріледі, бекітіледі және одан әрі дамытылады.
Курстық жұмысты жасау үшін студенттердің білуі қажет: Қазақстан Республикасында орын алатын машина бөлшектерінің типтік қосылыстарындағы шақтама және қондырмалар жүйесін; оларды жасаудағы қағидаларды және пайдалану әдістерді; өлшемдерді бақылау әдіс-тәсілдерін; құрылымдаушылық және технологиялық құжатамаларды ресімдеу ережелерін.
Студенттер жасай білуі қажет:
- құрылымдаушы және технологиялық құжаттамаларды ресімдеу ережелерін регламенттеуші стандарттармен қолдана алу;
- механизмдерге, түйіндерге, бөлшектерге деген құрылымдаушы және техникалық талаптарға сәйкес қондырмаларды дұрыс таңдау;
- қондырмалар сипаттамаларын есептеу;
- өлшеу тізбектеріне кіретін шақтама өлшемдерін есептеу;
бөлшектер бетінің кедір-бұдырлығын, орналасуын, пішін ауытқуын белгілеу және мөлшерлеу;
сызбада номиналды өлшемдерді, шекті ауытқуларды, шақтама өрістерін, қондырмаларды оқи және белгілей алу;
- бөлшектер геометриялық параметрлерін өлшеу және олардың жарамдылығын өлшеу нәтижелеріне қарай анықтау.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- студенттердің оқу-әдістемелік және анықтама-техникалық әдебиеттері бойынша атқарылатын өздік жұмыстарын ынталандыру;
- машинажасауда шақтама және қондырмаларға деген мемлекеттік стандарттармен жұмыс iстеудi үйрену;
- бөлшек және түйіндерді пайдаланудағы шарттарды, техникалық талаптарды сақтай отырып, жасау кезіндегі технологиялық процестің тиімділігін, типтік қосылыс элементтеріне деген шақтама және қондырмаларды тағайындау және таңдауын есептеуде тәжірибелік дағдыны иелену.
- тізбектік өлшемдер сұлбаларын құрауды үйрену және тізбектік өлшемдер есептерін есептеу.
ЖҰМЫСТЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Курстық жұмыс есептік және графикалық бөлімдер түрінде ұсынылуы қажет.
Мәтіндік бөлім төмендегі келтірілген нұсқауларды енгізуі қажет: пердебетті, мазмұнды, тапсырманы, есептеме бөлімін, қорытындыны, әдебиттер тізімін, қосымшаны (графикалық бөлімді).
Пердебет МЕСТ 2.105-95 ҚҚБЖ стандарт талаптарына сәйкес орындалады. Мәтіндік құжаттарға ортақ талаптар. Пердебет жұмыстың бірінші беті болып саналады, онда беттің реттік нөмірі қойылмайды (пердебетті толтыру үлгісі 73 бетте көрсетілген).
"Мазмұны" деген сөз тақырып ретінде үлкен жазба әріптерімен жазылады. Мазмұнынның сол жағына бөлімдер және бөлімшелер нөмірлерін, содан кейін бөлім және бөлімшенің атауын және бет нөмірін көрсетеді. Бет нөмірлері бағанаға жазылады.
Есептік бөлімде курстық жұмыс бөлімдерін келесі кезекпен баяндаған жөн:
1 Тегіс қосылыстар қондырмаларын таңдау.
Мойынтірек домалау қондырмаларын таңдау.
Тегіс цилиндрлік жанасу қондырмаларын таңдау.
2 Бұрандалы қосылыстар қондырмаларын таңдау.
3 Оймакілтек қосылыстарындағы қондырмалар таңдауы.
4 Тізбекті өлшемдер есептемесі.
Тізбекті өлшемдерді толық өзара ауысымдылық әдісімен есептеу.
Тізбекті өлшемдерді ықтималдық әдісімен есептеу.
Мәтіндік бөлім жанасатын бөлшектер шақтама өрістерінің сұлбаларымен бірге болады, ал олар 1-нысанды 2.104-68 ҚҚБЖ МЕСТ стандарты бойынша негізгі жазба (бұрыштық штамппен) сызбақағазда немесе А4 форматындағы жазба қағазында орындалады.
Есептік бөлімнен кейін қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі жазылады. "Әдебиет" сөзі беттің ортасында жазылады және соңында нүкте қойылмайды.
Қолданылған әдебиеттер туралы қажетті деректер: әдебиеттің реттік нөмірі, атау септігіндегі автордың фамилиясы және аты-жөні, кітаптың тақырыбы, басылым, баспа орыны және шығарылған жылы, басылымның бет мөлшері.
Графиктік бөлім (қосымша) түйіннің жинақтама сызбасын және біліктің жұмыс сызбасын біріктіреді. Жинақтама сызбасы А4 немесе А3 форматында орындалады. Негізгі жазба 1-нысан. Жинақтама сызбасы 2.105-95 ҚҚБЖ МЕСТ стандарт талаптарына сәйкес орындалады.
Өзгешелікке (спецификацияға) ұстаным нөмірін, бәсеңдеткіш түйініне кіретін бөлшектер атауларын, дана мөлшерін көрсетеді. Ескертпелерде стандартты бұйымдарға деген МЕСТ нөмірін көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |