Эстетика өнер философиясының теориялық негізі ретінде
Қазақ халқының өнер философиясы
Өнер
Өнер - бұл көркем кейіпі түрінде шындықты шығармашылықпен бейнелеу және жаңғырту. Көркем шығармашылық - бұл идеяны сезімдермен қабылданатын бейнелерде іске асыру. Өнер деп көркем шығармашылықты да, оның нәтижесін - көркем өнімін де атайды. Өнер қоғамдық сананың түрлеріне жатады.
Өнердің адам әлемінде орны
Әрбір адам үшін өнер - өмірдің ажыратылмас бөлігі. Өнер адамға жақсы әсер етеді, көңіл-күйін көтеріп, басқа адамдардың ішкі жан дүниесін, сезімдерін түсінуге, олардың қуанышы мен уайымына ортақ болуға бағыттайды
Өнер арқылы танымның ерекшеліктері
Дүниені көркем кейіптер арқылы бейнелеу
Сезімдермен қабылданатын көрнекі сипаты
Дүниені субъективті қабылдау
Өнер – мәдениет феномені
Өнер қоғамның рухани мәдениетін жеткізіп тұрады Пейзаж, натюрморт, порт-рет, музыка, мүсін өнері немесе сәулет өнері белгілі дәуірдің мәдени менталитетін көрсетеді Мәдениет феномені ретінде қарастырылған өнер туралы теория көркем шығармашы-лық үрдісінің жалпымәдени бастауларын айқындайды
Өнердің генезисі
Өнер 25-15 мың жыл бұрын, палеолит дәуірінде пайда болған және адамзат тарихымен бірге дамып келе жатыр
Өнердің шығу тегі туралы теориялар
«Мимезис» немесе «имитация» теориясы
Діни теория
Биологиялық теория
Эротикалық теория
Ойын теориясы
Магия теориясы
Прагматизм теориясы
«Мимезис» немесе «имитация» теориясы
Өнер – бұл мимезис, имитация (грек тілінен «mimesis» - еліктеу, қайталап өндіру; көне үнді санскрит тілінен «im eto» - «еліктеу).