Өнертану ғылымының магистрі Әбішева Б. М. Қазақстан, Алматы. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер



жүктеу 45.43 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.03.2017
өлшемі45.43 Kb.

                           Topical Researches of the World Science                             

75 


ART STUDIES 

 

 



Өнертану ғылымының магистрі Әбішева Б. М. 

 

Қазақстан, Алматы. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институты (Кіші ғылыми қызметкер) 

 

ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНДАҒЫ «МӘҢГІЛІК ЕЛ 

ИДЕЯСЫ» 

 

The article is devoted reflection of the national idea "Mangilik el" in 

Kazakh  music.  Presented  the  idea  in  the  Kazakh  musical  culture  began  to 

develop in the oral-poetic form passed from mouth to mouth in the form of 

zhyrau, songs and kui in the works of gifted musicians in three persons. The 

theme of patriotism, the first to get coverage in the literary samples to date 

is the most important. It occurs both in folk songs, kuis and heroic epics. 

 

ҚР Президентінің «Қазақстан 2050» Жолдауында «Қазақ Елінің 



Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел» деп айтылды. Осыдан 13 ғасыр бұрын 

Тоныкӛк  абыз  «Tүркі  жұртының  мұраты  –  Мәңгілік  ел»  деп  ӛсиет 

қалдырғанын Елбасы  атап ӛткен болатын  [1]. «Мәңгілік Ел» салтанат 

қақпасының дизайнерлерінің бірі – С.Жанболатовтың айтуы бойынша: 

«Мәңгілік Ел» сӛзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні 

бар.  Түрік  шежіресінде  «мәңгі»  сӛзі  «Тәңір»,  «Құдай»,  «Алла» 

сӛздерімен  мағыналас  қолданылды.  Осы  ретте,  «Мәңгілік  Ел»  «Алла 

Тағаланың  елі,  халқы»  дегенді  білдіреді  және  мемлекет  пен  ұлттың 

уақытпен  шектелмеген  тұмары  болмақ»  [2]

1

.  Алғаш  рет  «Мәңгі  ел» 



идеясы Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас  қолбасшысы Күлтегінге  

бағышталған  бітіктаста  түркі  еліне  жария  етілген.  Күлтегін 

ескерткішіндегі  жазудың  сол  жақ  бетінде:  «Ӛтікен  жынысында 

отырсаң  мәңгі  ел  тұтып  отырар  ең»  деп  айтылған.  Тура  осы  сӛздер 

Білге  қаған  ескерткішінің  оң  жақ  бетінде  қайталанған.  «Мәңгілік  ел» 

мұраты  –  барлық  түркілердің  бір  тарихи  кезең  –  VII  ғасырда,  бір 

шаңырақ  астында  тұрғанда  қабылданған  және  жарияланған  идея  еді. 

Ендеше, тарих сынынан ӛткен бұл идея бүкіл Түркі дүниесі үшін ортақ 

                                                             

1

  Мәңгілік  ел  –  салтанат  қақпасы  егемен  елдің  бас  қаласы  –  Астанада  бой  түзеді. 



22.12.2011  

№ 155 (21215) бейсенбі, 22 желтоқсан 2011 жыл «Егемен Қазақстан». 

 


    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

76 


және осы идея тӛңірегіне бірігу қазіргі  жаһандану заманындағы түркі 

тектес халықтардың мұраты болары анық. 

Қазақ  музыка  мәдениетіндегі  Мәңгілік  Ел  идеясы  ең  алдымен 

патриоттық  тақырыпта  туған  туындыларда  кӛрініс  тауып  отырған. 

Мәңгілік  Елдің  –  мәңгілік  музыкасы  оның  тақырыптық-мазмұндық 

желісіндегі  алтын  арқауы  –  Отанға  деген  махаббат  белгісі  ретінде  әр 

қазақ  баласының,  әр  қазақстандықтың  жүрегінде  жазылған.  Осы 

отансүйгіштік тақырыбы қазақ музыка мәдениетіндегі ауызекі дамып, 

ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасқан  дарынды  тұлғалар  шығармашылығында 

жыр,  ән,  күй  формасында  дамыды.  Патриотизм  тақырыбы  ұлт 

әдебиетінің  алғашқы  үлгілері  туындаған  кезеңдерден  бастап  бүгінге 

дейін  ӛзек  болып  тартылып  келеді  [3;  4].  Бұл  халық  ӛлеңдерінде, 

әуенімен  жеткен  батырлық  жырларда  кездеседі  [5].  «Әдебиет  пен 

музыка  егіз»  дейміз,  патриотизм  тақырыбы  алдымен  әдебиетте,  елді, 

жерді  қорғау  сонау  ұлт  әдебиетінің  алғашқы  үлгілері  туындаған 

кезеңдерден  бастап  бүгінге  дейін  ӛзек  болып  тартылып  келеді  [3;  4]. 

«Батырлық  жырлардың  ең  басты  ерекшелігі  –  елін,  туған  жерін 

шапқыншы жаудан қорғаған батырды дәріптеп, оның ерлік істерін паш 

ететіндігі.  Қазақты  мұндай  жыр  кӛп:  «Алпамыс  батыр»,  «Қамбар 

батыр», «Ер Тарғын», «Ер Кӛкше», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге» 

т.б.  бірнеше  жырдан  тұратын  «Қырымның  қырық  батыры»  деген 

кӛлемді  эпопеяның  ӛзі-ақ  қазақ  халқының  қаһармандық  жырға 

қаншалықты  мән  бергенін  кӛрсетеді»  [3,  22-б.].  Осы  зерттемеде 

айтылған  «Қырымның  қырық  батыры»  секілді  топтама  жырларды 

домбыра  сүйемелімен  Мұрын  жырау  жырлаған.  Осы  циклдың 

«Қарасай, 

Қази» 

жырының 


ноталық 

үлгісі 


маңғыстаулық 

жыршылардың  орындауында  А.Жаңбыршының  кітабында  жарыққа 

шықты [5]. Батырлық жырлардағы кейіпкерлер, еліне қызмет еткен ірі 

тұлғалар 

кейін 

ХХ 


ғасыр 

кәсіби 


жазба 

композиторлар 

шығармашылығында  да  эпос  тәрізді  кӛлемді  де  күрделі  сахналық 

жанрларда сомдалды. Ол Е.Брусиловскийдің «Жалбыр», «Ер Тарғын» 

опералары,  Е.Рахмадиевтің  «Алпамыс»,  «Абылай  хан»  операсы,  ХХІ 

ғасырда  жазылған  А.-  және  А.Жайымовтардың  «Сұлтан  Бейбарыс» 

опералары және т.б. 

Күй  ӛнерінен  де  кӛптеген  мысалдарды  келтіруге  болады: 

Байырғы тарихи күйлерде «Жошы ханның жортуылы», «Шора батыр», 

сонау Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде (XVII-XVIII ғғ) туған күйлер 

«Қалмақтың  қара  жорғасы»,  «Кеңес»,  «Шаңды  жорық»,  «Ел 

айрылған»,  «Кенесары,  Наурызбай»,  «Зар  заман»сияқты  күйлер 

халықтың азатшыл рухын білдіреді [6-8]. 


                           Topical Researches of the World Science                             

77 


«Қазақ  халқы  Ресйге  бодан  болғаннан  кейін  де  азаттық  үшін 

күресін  тоқтатпаған.  ХІХ  ғасырда  қазақ  даласының  әр  қиырында 

болған  кӛтерілістер  Сырым,  Жанқожа,  Исатай-Махамбеттер  бастаған 

халықтың,  бір  жағынан,  Ресейдің  отарлауына,  екінші  жағынан, 

ӛздерінің  қара  басының  қамын  ойлаған  хан  мен  би,  сұлтандарға 

бағытталған  ымырасыз  күресі  еді»  [3,  Б.392-393].  Махамбет  Исатай 

батырға  арнаған  «Исатайдың  Ақтабаны-ай»,  «Арысымнан  айырыл-

дым», «Жорық», «Жұмыр-Қылыш» күйлері, осы кезеңде ӛмір кешкен 

даңқты  күйші  Құрманғазының  «Тӛремұрат»,  «Ақбай»,  «Кішкентай» 

күйлерінде 

азаттық 

пен 


еркіндік 

тақырыбы 

жырланады. 

Құрманғазының  «Сарыарқасы»  туралы  А.Жұбанов  «бұл  жай  жердің 

аты  ғана  емес,  табиғат  құбылыстарының  сыртқы  суреті  емес,  «ол 

халықтың күшті үні, ашуы мен арманы, қарасы алыс та болса аңсаған 

«Жеңіс  жыры»»  деп  бағалады.    Исатай-Махамбет  идеясына  арналған 

ірі  туындылар  әдебиетте  де  (Ы.  Шӛрековтің  «Исатай-Махамбеті»), 

музыка  ӛнерінде  де  композиторларды  бейжай  қалдырмаған  тақырып 

болды (Б. Жұманиязовтың «Махамбет» операсы, Н.Тілендиевтің қазақ 

ұлт  аспаптар  оркестріне  арналған  «Махамбет»  поэмасы).  Композитор 

Б. Жұманиязов  ӛзінің  «Махамбет»  операсында  нақты  тарихи оқиғаны 

негіз  еткенмен,  операның  драмалық  желісін  күшейту  мақсатында 

кӛркемдік шығармашылықпен қосқан сюжеттерде Махамбет ақынның 

мақамдарын, күйлерін де пайдаланған [9].  

Орыс  отаршылдығының  ХХ  ғасырдағы  кӛрінісі  1916  жылғы 

кӛтеріліс тұсында Динаның «Окоп», басқа  да  «Налог», Сейтектің  «16 

жыл»  күйі  және  «Динаның»  осы  аттас  күйі,  Мәменнің  «17  жыл», 

Қазанғаптың  осы  кезеңде  патша  үкіметінің  қазақ  халқына  жасаған 

зорлық-зомбылығын бейнелеген «Сен кеткенде мен қайтем», «Жұртта 

қалған» күйлерін де атауға болады. Осы жылдары жыр лыбы Жамбыл 

да  «Ұран»,  «Керзаман»,  «Туған  елім»  атты  күйлерін  тартып,  халыққа 

дем беріп, бостандыққа шақырған. 

Патриоттық  рухты  биіктетеін,  азаттық  тақырыбындағы  күйлер 

Ұлы Отан соғысы жылдары да «Жеңіс» атауымен Дина, М.Ӛскембаев, 

«Ұлы Отанға» Жамбыл, «41» Ф.Үрмізов  күйлерін шығарды. 

Одан кейінгі азаттық үшін 1986 жылы желтоқсан айында ӛткен 

соңғы шайқасқа арналған Ғ.Ібішев, Қ.Үбіғалиевтер «Желтоқсан» аттас 

күйлер дүниеге әкелді.  

Тәуелсіздік 

кезеңінде 

домбыра 


ӛнерінде 

«Күй-ұран» 

Қ.Ахмедияров,  «Атамекен»  С.Жұмажанұлы,  «Атажұрт»,  «Ӛз  елім» 

М.Құсайынұлы күйлері т.б. атауға болады. 

ХХ  ғасыр  еліміздің  музыка  тарихында  жаңа  болып  саналатын 

опера, симфония, камералы-аспапты және вокалды, кантата, оратория 



    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

78 


жанрларының жазылуымен ерекшеленді. Отызыншы жылдары еуропа 

жазба  кәсіби  музыкасы  дәстүрінде  қазақтың  композиторлық  мектебін 

құрған  композиторлар  мен  олардың  шәкірттері  творчествосында  осы 

әрдайым  маңыздылығын  жоғалтпаған  патриотизм  тақырыбы  халық 

шығармашылығына  негізделе  отырып  дамыды.  Қазақстан  тәуелсіздік 

алған  жылдары  аталған  барлық  жанрларда  Мәңгілік  Ел  идеясы,  яғни 

отансүйгіштік жырлануы жаңа деңгейде жаңа қарқынмен дамыды.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.



 

Қазақстан жолы: 2050: Бір мақсат, бір мүдде бір болашақ. ҚР 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдауы  //  «Егемен 

Қазақстан» газеті, №11 (28235), 19.01.2014. 

2.

 

Мәңгілік  ел  –  салтанат  қақпасы  егемен  елдің  бас  қаласы  – 



астанада бой түзеді. 22.12.2011. № 155 (21215) бейсенбі, 22 желтоқсан 

2011 жыл “Егемен Қазақстан”. 

3.

 

Қасқабасов С. Тәуелсіздік идеясының фольклорда жырлануы 



// Тәуелсіздік және фольклор. – Алматы: Тіл, 2012. – Б.11-26. 

4.

 



Жақан  Д.  Халық  ӛлеңдеріндегі  тәуелсіздік  идеясының 

сипаттары  //  Тәуелсіздік  идеясы  және  кӛркем  мәдениет.  7-кітап.  – 

Алматы: Signet Print, 2011. – Б.229-242.   

5.

 



Қарасай,  Қази:  Ноғайлық  жыр  /Құрас.,  нотаға  түсірген 

А.Жаңбыршы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2008. – 584 б. 

6.

 

Күй  қайнары  /Ә.Райымбергенов,  С.Аманова.  –  Алматы: 



Ӛнер, 1990. – 288 б. 

7.

 



Мүптекеев  Б.  Медеубекұлы  С.  Жетісудың  күйлері.  – 

Алматы: Ӛнер, 1998. – 352 б. 

8.

 

Хұсайынұлы  М.  Алтай-Қобда  домбыра  күйлері.  –  Алматы: 



Sansam, 2011. – 206 б. 

9.

 



Күзембай  С.  Ұлттық  операдағы  батырлық-патриоттық 

тақырып // Дәстүрлі музыка мен  композиторлық шығармашылықтағы 

тәуелсіздік  идеясы.  Научная  монография.  –  Алматы:  Print  Express, 

2011. – С.220-344. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Каталог: archive
archive -> Қаз қОРҒауды қамтамасыз ету – еуропа одағының ҚҰҚЫҚ ҚОРҒаушылар жөніндегі
archive -> Экзаменационные вопросы по Общей части уголовного права 2014-2015 учеб года
archive -> Завершилось проведение единого национального тестирования в казахстане
archive -> Календарь учителя
archive -> Мишина А. В. The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland: the country and the people
archive -> Конкурсы жарияланады. Конкурс мақсаты: діни экстремизммен күре суде педагогтардың қоғамдық белсенділіктерін арттыру


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет