Өнім сапасы және сәйкестік туралы декларация



Дата06.01.2022
өлшемі51,51 Kb.
#13310
Байланысты:
16.03.2020 ,


16.03.2020ж
Өнім сапасы және сәйкестік туралы декларация
Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестікті декларациялау мынандай қажеттіліктен туындайды:

  • сәйкестікті міндетті растау тәртібіне икемділік беруден;

  • базарда сатылатын өнімнің қауіп-қатерлігін арттырмай оған жұмсалатын шығын мөлшерін азайтудан;

  • тауар айналымын арттырудан;

  • мемлекетаралық сауданы жақсартудан және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қолайлы жағдай туғызудан. Дайындаушы сәйкестікті міндетті түрде дәлелдей алуы керек.

Дәлелдеме ретінде болуы мүмкін:

  1. өнімге дайындаушының өзі өткізген сынақтың немесе сынақ зертханаларында өткізілген сынақтың протоколы;

  2. шикізатқаматериалдарға, жинақталған бұйымдарға берілген растау сертификаты немесе сынақ хаттамалары;

  3. белгіленген өнімге заңнамаларда көрсетілген және оған құзыреті бар органдар мен мекемелер берген құжаттар (гигиеналық қорытынды, ветеринарлық куәлік, т.б.);

  4. сапа жүйесіне берілген сертификат;

  5. өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес екендігін тікелей немесе жанама түрде дәлелдейтін басқа да құжаттар.

Дайындаушы қабылдаған декларацияда белгіленген тәртіп бойынша аккредиттелген сертификаттау органында тіркелуі керек. Мұндай тіркеу декларация қабылдаған дайындаушыны біліп отыру үшін қажет. Осы мақсатта декларацияның көшірмесі сертификаттау органында сақталады, ал оны тіркеу нөмірі осы органның кодына енгізіледі. Тіркеуден өткен декларация өнімді сәйкестік белгісімен белгілеуге негіз болады. Сәйкестік белгісі өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сөйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі. Тауарға ілестірілген ақпарат дегеніміз - сәйкестік белгісімен белгілеу және ілестірілетін құжаттарда декларация қабылданғаны, тіркеуден өткізілгені туралы жазу. Декларацияның құқықтың табиғатын мына жағдайларды ескере отырып анықтауға болады. Сәйкестік сертификаты мүдделі емес мекеме (сертификаттау органы) беретін құжат, ал декларация - мүдделі тұлғаның өнімді сатуға құқықты болуы үшін керек, белгіленген түрдегі өз еркімен жасалатын құжат. Декларацияда көрсетілген ақпарат өнімге қатысты техникалық регламентке сәйкес келмесе, онда ол жарамсыз деп танылады. «Техникалық реттеу» заңы бойынша сәйкестікті декларациялау мына сызбалар негізінде жүргізіледі.

  1. Дайындаушының өз дәлелдері негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдау.

  2. Сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негізінде сәйкестіктер туралы декларацияны қабылдау:

  • өзінің дәлелдемесі бойынша;

  • сертификатттау органымен немесе аккредиттелген зертхананың қатысуымен алынған дәлелдеме бойынша.

Техникалық регламентте үшінші жақтың қатысуымен сәйкестікті дәлелдеу, өсу жақтың болмауы себепті сәйкестікті дәлелдеу мақсатына жете алмайтын жағдайда белгіленеді. Басқаша айтқанда, бұл сызба өнімнің потенциалды қауіптілігін ескере отырып сәйкестікті дәлелдеу тәртібінде дәлелдеудің негізділігін күшейту қажет болғанда қолданылады. Өтініш берушілердің шеңбері техникалық регламенттерде белгіленеді. Әдеттегі өтініш берушілерден (өнімді дайындаушылардан) басқа қауіпсіздікті растау шетел дайындаушыларының функциясын атқаратын тұлғалар да дәлелдеуі мүмкін.

Еуропалық Одақ елдерінде сәйкестікті декларациялау[өңдеу]

Еуропалық Одақ елдерінде өнім сапасын еуропалық директиваларға (нұсқауларға) сәйкестігін растауда декларация қабылдау практикасы кең тараған. Сәйкестікті декларациялау модульдік амал бойынша жүргізіледі (модульдер - ішкі тексеру, белгіленген типке сәйкестікті қамтамасыз ету, өндіріс сапасын қамтамасыз ету, т.б.) Модульдік амалдың мынандай ерекшеліктері бар:

  • сәйкестікті растау процесс түрінде қарастырылып істі орындау (атқару) тәртібі - модульдерге бөлінеді.

  • модульдер жобалау сатысына, өндіріс сатысына немесе осы сатылардың екеуіне де қатысты қарастырылады.

  • сәйкестікті растау тәртібі бірінші жақтың (дайындаушының) немесе үшінші жақтың (уәкілетті органның) қатысуына негізделген.

  • сәйкестікті растау регламенттейтін құжаттың (техникалық регламенттің немесе ЕО директиваларының) басты талаптарына өнімнің сәйкестікті (сәйкес еместігі) және оған сәйкестік таңбасын тағу мүмкіндігі туралы шешім қабылдаумен аяқталады.

  • Модульдердің қиыстырылуын және құрамын таңдауда ескерілетін негізгі факторлар: өнім типі және оған тән қауіп-қатер деңгейі, сәйкестікті растаудың экономикалық мүмкіндігін басты талаптарға сәйкестікті дәлелдей алу деңгейімен оңтайлы үйлестіру.

Сәйкестікті декларациялау үдерісі мына сатылардан тұрады:

  1. Директивалардың таралу шеңберін тексеру.

  2. Қойылатын маңызды талаптарды ұқсастандыру.

  3. Сәйкестікті растау модулін таңдау.

  4. Қолданылатын үйлестірілген стандарттарды ұқсастандыру.

  5. Техникалық құжаттардың жиынтығын құру.

  6. Таңдап алынған сәйкестікті растау модуліне сәйкес сәйкестікті растау ретін қолдану.

  7. Сәйкестік декларациясын құрастыру және толтыру.

  8. Өнімге таңба соғу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет