В.И. Добреньков жəне А.И. Кравченко білім берудің бірнеше қызметтерін бөліп көрсетеді: бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білімді беру жəне мəдениетті тарату;
тұлғаның əлеуметтенуі, əсіресе, жастардың жəне олардың қоғамда интеграциялануы;
тұлғаның статусының анықталуы;
əлеуметтік таңдау (селекция) қоғам мүшелерін дифференциациялау, бірінші кезекте жастарды, оның нəтижесінде қоғамның əлеуметтік құрылымы қайта өндіріледі жəне өзгереді, индивидуальды мобильділік;
жастарды кəсіби бағыттауды жəне кəсіби таңдауды қамтамасыз ету;
сатылы үзіліссіз білім беру үшін білім базаларын құру;
Қазіргі білім беру жүйелері ғылымға, ғылыми жетістіктерге негізделген жəне өзіндік күрделі əлеуметтік құбылыс болып табылады. Білім беру жүйелері ұлттық, аймақтық, континенталдық, жаһандық жəне əлемдік болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында жаңа білім заңы 2007 жылы қабылданды. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа əлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.
2. Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік. Әр ата-ана баласының болашақта ең ақылды, ең білімді, ең табысты болғанын армандайды. Сондықтан осы арманды жүзеге асыру үшін олар мейлінше күш салып, қолынан келгенін аянбайды. Біздің елімізде баланы кішкентайынан дамытып, оған білім беруге қажеттінің бәрі бар. Мемлекет те азаматтарының білімділік деңгейін көтеріп, білім алуды жеңілдететін, ынталандыратын жаңа жолдар ұсынып, осы бағытта ауқымды шаралар қолдануда.
Бүгінде оның нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай. Мәселен, БҰҰ деректері бойынша, соңғы он бес жылда Қазақстан әлдеқайда ілгері басқан, ал соңғы үш жылда адамның даму Индексі жағынан көрсеткіші жоғары елдердің қатарында. Яғни, халқымыздың 99,6 пайызы – са-уатты. Осы белгілер бойынша, біз әлемдегі 177 елдің арасында 14 – орында, ал Азияда бірінші орында көш бастап тұрмыз.
Осылайша, бүгінде қазақстандық білім беру халықаралық білім беру кеңістігінде лайықты орын алып келеді. Дәл қазір еліміз отандық білім беру жүйесінің даму жолындағы саннан сапаға көшетін кезекті орасан зор кезеңге аяқ басқалы тұр. ҚР Президенті білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту кезінде «Өмiр бойы бiлiм алу» әрбiр қазақстандықтың жеке ұстанымына айналуы тиiс. Ал ол үшін мектепке дейінгіден ғылым дәрежесіне дейінгі білім алудың әр деңгейі халыққа қолжетімді болу қажеттігін айрықша айтып өткен болатын.
Білімнің қолжетімділігі – оның жалпы сапасының бір көрсеткіші. Осыған орай, елдегі білім берудің сапасын көтеру үшін оның қолжетімділігін арттыратын қосымша механизмдер қажет. Жыл сайын мемлекет білім беру гранттарын көбейтіп, білім беру кредиттерінің көлемін арттыру үшін жағдайлар жасауда.
Осы ретте, соңғы екі жылда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» жаңа Заң жобаны дайындау және талқылау бойынша қызу жұмыс жүргізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде, 2012 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты аталмыш заңжобаны қабылдады. Ал, бұл – жаңа 2013 жылы қазақстандық азаматтардың өз болашағын сенімдірек жоспарлауға мүмкіндігі болады деген сөз. Өйткені, мемлекет білім алуға қаражат жинау үшін жағдай жасауда, сонымен бірге мұндай салымдарға мемлекеттік сыйлықақылар бөліп оларды құптап отыр.
Қоғамымыздың жаңа енгізулерге сақтықпен қарайтыны белгілі. Әрине, білім беру жинақтау жүйесін енгізу кезінде мемлекет халықтың оқуға қаражат жинауға қарсы, жағымсыз, сынды көзқарасына ұшырауы әбден мүмкін. Өйткені, қоғамымыз үшін білім беру салымдарын жасап, қаражат жинау – білім беруді қаржыландырудың таңсық, үйреншіксіз құралы. Әйтсе де, әр азамат мемлекеттің өз азаматтарының лайықты білім алуына аса мүдделі екендігін білуге тиіс.